Әр адамның қандай да бір хоббиі бар. Мысалы, менің анам киім тоқығанды жақсы көреді, ал әкем балық аулауды ұнатады. Бұл олардың сүйікті ісі. Қазіргі заманның балалары, бос уақыттарын компьютерлік ойындарды ойнаумен өткізеді. Мен бұндай ойындарға құмар емеспін. Менің бірнеше хоббиім бар, олар: кітап оқу, велосипед тебу және музыка тыңдау. Бірақ, ең негізгісі – ол сурет салу. Суре салуды кішкентай кезден бастап жақсы көремін. Үлкендер, маған түрлі-түсті қарындаштар мен ақ парақтарды жиі сыйлайтын. Мен бұл парақтарға өсімдіктерді, жануарларды және адамдардың суретін саламын
диалог "Біз отбасында Наурызды қалай қарсы аламыз?"
- Сәлеметсіз бе, Алма!
- Қайырлы күн, Перизат! Ұлыстың ұлы күні - Наурыз құтты болсын!
- Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
- Айтқаныңыз келсін! Бүгін не істейсіздер?
- Отбасымызбен алаңға шығып, мерекелік іс шараны көреміз. Балалар алтыбақан тебеді. Киіз үйлерге кіріп, наурыз көже, шелпек пен бауырсақтан татып көреміз. Өздеріңіз ше?
- Біз бүгін үйде наурыз көже дайындаймыз. Кешкісін біздің үйге соғыңыздар, дастарқан жайып, мерекені бірге тойлайық?
- Көп рахмет. Әрине, келеміз.
Жеке көлік алу туралы ойлап жүрсіз немесе жеке көлігіңіз бар делік. Ендеше, ол сіздің өміріңіз бен тұрмысыңызға қандай өзгеріс алып келуі мүмкін? Статистикалық мәліметтер бойынша, егер жаңа көлікті адамдар орташа есеппен жеті жыл мінсе, келесі бір көлікті сатып алғанға дейінгі шығын 40-50 мың АҚШ доллары болатын көрінеді. Әрине, мұның ішіне жанар-жағармай мен көлікті күтімдеу қаражаты да кіреді.
Бұл шығындарды назардан тыс қалдырып, көліктің бізге қандай мүмкіндіктер беретіні жайлы айтып көрейік.
Біріншіден, көлігіңіз болса, жұмысқа қай жерден болса да барып-келе бересіз. Бұл – қалада үй жалдап тұрсаңыз, енді үйді жұмысыңызға жақын қымбат ауданнан емес, бағазы арзан ауданнан жалдап тұра аласыз деген сөз.
Объяснение:
Если мой ответ был полезным поставь лайк и подпишись