Менің сүйікті спортым ол баскетбол және волейбол, Мен волейболды кішкентай кезімнен бастап үйреніп жүрмін. Волейболдан көптеген жарыстарға қатысып бірінші және екінші орындарын алып жүрміз. Біздің жаттықтырушымыз әрқашан да өздеріңе сенімді ойнаңдар дейді. мінекей сол сенімнің арқасында бірінші және екінші орындар алып жатырмыз. Ал баскетбол ойынына келсек. Біздің командамыз бес адамнан тұрады. Бәріміз де тырысып ойнаймыз, әрине сеніммен. Сондықтан да біз жеңеміз. Бірақ мен қазір баскетболды көп ойнамайтын болғанмын. Себебі, біздің командамыздан екі қыз кетіп қалды. Оларды басқа мектепке ауыстырып жіберді. Міне баскетбол ойынын осылай тоқтатқандаймын. Бірақ волейбол және баскетбол менің сүйікті спортым болып қалады.
31 желтоқсан күні жаңа жылға санаулы сағаттар қалғанда Оралға дейін әлі жарты күндік жол қалып еді. Жаңа жылды пойызда қарсылаймыз деп вагон ішін әдеміледік. Безендірдік. Жайнаттық. Әрі кілең жастар. Үлкендердің өзі де жаңа жылға айрықша дайындық жасап, тәтті-пәттілердін вагон үстеліне шығарып жатты. Ақтөбеде әпкем бар еді. Ілбіп Ақтөбеге жеткенімізде мені қоярда-қоймай пойыздан түсіріп алып қалды. «О несі-ей, жыл бойы жолда жүрейін деп пе ең?!»деп әзілдеп қояды. Сөйтіп, ойда-жоқта жаңа жылды Ақтөбеде қарсы алдым. Демалыстан Алматыға келген соң, Елдостан сұраймын ғой: "Қалай қарсыладыңдар? Не қызық болды пойызда?«деп. „Жолсерік жаңа жылды тойлап мас болып ұйықтап қалды, сосын жолсеріктің орнына жүрдім“деп қалжыңдайды ))
С)Жерұйық