Неологизмдер – ғылым мен техниканың дамуына байланысты тілге ене бастаған жаңа сөздер. Мысалы: кеден, ұшақ, жарнама, делдал, зейнетақы, саябақ т.б.
Неологизм негізінен мына жолдармен жасалады:
Бұрыннан бар сөздерге түрлі жұрнақтарды қосу арқылы: оқулық, көрермен, балмұздақ, өміршең т.б.
Жалқы есімдерді жалпы есімдерге айналдыру арқылы: суворовшылар, мичуриншілер т.б.
Екі сөзді біріктіру арқылы: келіссөз, ұлтаралық, жетіжылдық т.б.
Кейбір неологизмдер сөз тіркесінен де жасалады: агротехникалық шаралар, жергілікті тыңайтқыштар, шаруашылық дақылдары т.б.
Мысалы: Менің ағам "кеден қызметінің үздігі" марапатына ие болды.
Қазіргі таңда көптеген жарнама ғаламтор арқылы жасалады.
Биылғы жылдың шілде айынан бастап зейнетақы мөлшері тоғыз пайызға көтеріледі.
Демалыс күндері отбасымызбен Жеңіс саябағында серуендегенді ұнатамыз.
Мамыр айының соңғы күндері оқулықты кітапханаға тапсырып, оқушылар бір демалып қалады.
Кеше Мәдениет үйінде өткен Қуандық Рахымның концертінде зал көрермендерге лық толы болды.
Сұрақтар:
1.Ұлы Жібек Жолы қанша жыл бұрын басталға?
Жол бұдан 3-4 мың жыл бұрын болған.
2.Ұлы Жібек Жолы кімнің басшылығымен басталды?
Қытай императоры У-ди-дің бастауымен.
3.Ұлы Жібек Жолы неліктен жойылып кетті?
Жойылған себебі,жібек матасының жасалу жолы басқа елдерге таралып,теңіз экспорты пайда болды.
4.Жібек матасының жасалу жолы көп жылдар бойы құпия болды.Ол құпияны кім ашты?
Жібек матасы жібек құрты арқылы жасалатын болғаны белгілі,бірақ сол кезде ол құпия болған.Керуен жолға шығар кезде әскерилер барлық адамдарды қарап,тексерген.Кім жібек құртын өзімен алып шығады соның қолын шапқан.Бір күні бір қария қолына ұстайтын таяқтың ішін ойып сол жерге жібек құрттарын салып шыққан.Оны әскерлер таппай,керуен кетіп қалған.Сосын қария жібек құртын жариялаған.
5.Ұлы Жібек Жолы атын кім ойлап тапты?
Ф.фон Рихтһофен
Объяснение: