М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Арте2281337
Арте2281337
18.08.2020 01:50 •  Қазақ тiлi

BookmarkМ.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі Задание №1

М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі

Әңгімеде қасқыр, табиғат, адам мәселесі сөз болады, жаратылыстағы адам мен табиғат теңдігінің қатынас дәрежесі көрсетіледі. Адамдар табиғаттың өз заңдылығына қарсы шығып, қасқырлар мекенін ойрандап, оның күшігін енесінен айырып, ауыл тұтқыны етті. Бірақ қасқыр есейген сайын бостандықты сағынады. Ауыл тұрғындары Көксеректі жақтамайтұғын.
Құрмаштың нағашысы қасқырды, оның көзін ашқан екі күшігін өлтіріп, ең кішісін ауылға алып келеді. Құрмаш қасқырдың бөлтірігін асырап алады. Қасқырдың бөлтірігін ауыл төбеттері күнде талайды. Бір жыл өтеді. Көксерек өседі. Барлық төбеттерді талауға шамасы жетеді. Сол кезде ол өзіне күшік кезінде тиісіп, тамағын тартып алатын итті талайды. Көксерек тамаққа тоймай талай қазандағы еттерді жеп кететін. Ары қарай Көксерек көкжал болады. Ол далаға кетеді. Ауылға қайтып оралмайды. Ол бір ұрғашы қасқыр кездестіреді. Содан кейін екеуі бірге азық тауып өмір сүреді. Қатты боранда ол 7 аш қасқырды кездестіреді. Көксерек солармен бірге бір күнде ауылдың бір үйір жылқысын жеп кетеді. Қарындары ашқанда жылқыға, қойға шабуылдайды. Ауыл адамдары қатты ашуланады. Бір күні Құрмаш атасы ауырып қалғанда боранда қой бағуға шығады. Сол кезде Көксерек пен жанындағы 8 қасқыр сол қойларға шабуыл жасайды. Атпен жүрген Құрмаш оларға қарсы шығамын деп, аттан құлайды. Құрмашқа Көксерек шабады. Ол көксеректі оның бір құлағының астындағы еннен таниды. "Көксерек" деп шақырады.
Ауылда бір аңшы бір төбет итті асырайды. Ол ит қасқыр алатын ит екенін ауыл адамдары мойындайды. Ол бір қасқыр ұстайды. Өзі көкжалдай болады. Ол Көксеректі іздеуге бірнеше адам болып шығады. Жаңағы тайыншадай итті бірге алып шығады. Олар Көксеректі бір сайдың жотасынан кездестіреді. Сол мезетте үлкен төбет көксерекке арыстандай атылып, жолбарыстай бақырып тұра ұмтылады. Екеуі біраз арпалысады. Екеуінің күші тепе-тең болады. Екеуі бір-бірімен тістесіп, екеуінін ауыздары қарысып қалады. Сол кезде ит иесі мен ауыл тұрғыны келіп Көксеректі бауыздап жібереді. Төбет ит сол кезде зорға демалады. Олар ауылға Құрмаштың апасына Көксеректі алып келеді. Сол кезде апасы "Менің баламнын жазығы не?" деп айтады. Апасы қайғыдан құса болады .

сөйлемдік композиция

👇
Открыть все ответы
Ответ:
Stall124
Stall124
18.08.2020

ответ: 1.Таңбалы тас суреттері Қола дәуірінің тасқа салынған суреттері көрген адамды таң қалдырады. Ертедегі адамдар күнге күйген жылтыр тау жартастарына жануарларды, адамдарды, арбаларды, соғыс көріністерін қашап салды. 2.Алтын Адам-1960 жылдардың аяқ кезінде археолог ғалымдар Есік қаласына жақын жердегі обадан «Алтын киімді адамды» тапты. Ол мұнан 2500 жылдай бұрын жерленген жас жігіт екен. Осы күнге дейін сақталып келген Алтын адам да қазақтың жеті кереметіне енді.

3.Киіз үй-көптеген ғасырлар бойы Еуразияның ұшы-қиырсыз жазирасын басқарған ежелгі халықтың көшпенді тұрмысы мен өмір салтына мейлінше қолайлы болған баспана түрі.

4.Ендігі сөз қазақ халқының жан сезімі, жан серігі - домбыра туралы. Домбыра - халық даналығы.

5.Ахмет Иассауи Оңтүстік Қазақстанның Сайрам (бұрынғы Испиджаб) қаласында 1103 жылы дүниеге келген. Ол алғаш білімді жергілікті дінбасы Арыстан бабтан алады. Қожа Ахмет- өз өмірінде ақ өлеңмен жазылған көп хикметтерді дүниеге келтірген пәлсапашыл ақын.

6.Маңғыстау жер асты мешіті-Оңтүстік Үстірттің Маңғыстау ойысына тірелген тұмсығының үзіліп қалған Оғыланды шоқысына қашалған тарихи-сәулет ескерткіші.

Дерекке сүйенсек, Бекет ата 1750 жылы туылып, емші, көріпкел ғана емес, физика, математика, астрономия заңдылықтарын жақсы білген ғұлама ретінде аты танылған. Бұхарада оқып, ілім жинаған соң, өз өңіріне қайта келіп, бес мешіт салдырады

7.Бәйтерек» монументі Есіл өзенінің жағасындағы Қазақстанның астанасы Астана қаласында орналасқан. Әлемдегі ең үлкен шардың ең биіке көтерілуі бойынша Қазақстан астанасында асқақтаған бұл «терек» жаңартулардың сәулеттік символы, тәуелсіз Қазақстан символы ретінде орын алады.

Объяснение:лайк басып кетің

4,5(62 оценок)
Ответ:
PoMOgiTe212lk
PoMOgiTe212lk
18.08.2020

Әрбір адам үшін ең асыл қазына- отанын, туған елін сүю. Халық батыры Бауыржан Момышұлы былай деген екен: «Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азаматтық пен кісіліктің символы, үлгісі санаған. Батырлық , ерлік деген ұрпақтан ұрпаққа ата дәстүр болып қала бермек. Өткенін білмеген, тәлім — тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы — тұл, келешегі тұрлаусыз. Біздің қазақ халқы — батыр халық».

Қазақ халқын құрып кету қаупінен сақтап қалған, жерін жауға бермей, ұлан байтақ өлкесін қазақ еліне мәңгі қоныс ету мақсатында жарғақ құлағы жастыққа тимей, елім деп еңіреп өткен хас батырлар қаншама десеңізші! Бұлардың ерлігі біздерге қашан да болса өнеге болмақ. Әрбір адам біздің мемлекетімізге, соның бай да даңқты тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай еңбек етуі қажет.

4,8(98 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ