М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
nanamaz
nanamaz
16.07.2021 13:02 •  Қазақ тiлi

Надо мини конспект на казахском языка на рассказ "көксерек" надо ,заранее ! )

👇
Ответ:
tyzigfr
tyzigfr
16.07.2021

«Көксерек», жазушының повесі. Реалистік әдебиет дәстүрі тудырған мотивтерді шеберлік палитрасындағы сан алуан бояулар мүмкіндігін өз мұратына орай өнерпаздықпен жаңғырту арқылы жазылған жаңа тынысты шығарма. Автор шағын көлемге мол мағына сыйдырған. Бейнелеп отырған болмыстың қырсырын бажайлай таныған суреткер зады ежіктеуден, тамшы арқылы көл суретін, тас арқылы тау кескінін елестетуді эстетикалық мұрат тұтқан. Бұл образ табиғатына сандық белгіден гөрі сапалық ерекшелік хас екендігін айқындап, әсемдіктің гармонияға, симметрияға, тұтастыққа кіндіктестігін тағы да тиянақтай түседі. Повесть шағын-шағын сегіз тармаққа бөлінген. Бұлар дөңгеленіп, аяқталған сом сурет, өз алдына жеке картина іспетті, әрқайсысында әр түрлі баяндау, суреттеу тәсілдері қолданылған. Адам – бөлтірік – орта. Бұл үшеуін автор диапектикалық байланыста бейнелеу үшін, қажетіне қарай баяндау әдісін құбылтып, өзгертіп отырады. Кісі қолында өскен қасқыр күшігінің қалыптасуында қоршаған орта ықпалы бірінші қатарға шығарылады.

Бұл хайуанаттар туралы шығармаларда әжептәуір тиянақталған мотивті Әуезов қазақ топырағына, көшпелі сахара шындығына сәйкес әуенде шертеді. Бөлтіріктің өсуін бейнелегенде, автор натуралистік, зоологиялық өзгерістерді жіпке тізіп жатпай, мінез ерекшеліктеріне, сыртқы ықпал әсерінен болған жәйттерге назар аударады. Көксеректің үлкен иттерден, қатын-қалаштан көрген жәбір-жаласы ішіне шемен болып қатып, жалғыз Құрмаш қамқорлығы жүректегі мұзды жібіте алмаған. Повесть сюжеті Құрмаш өлімімен тиянақталып тұр. Шығарманы осымен бітіруге болатын еді, бірақ өйткен күнде, жазушы позициясы, авторлық мұрат көмескі тартып кетері сөзсіз. Зұлымдыққа, озбырлыққа қарсы тұрар, оны жеңер күш бар деген сарынды Әуезов әдіптей түседі. Рас, Аққасқырдың әрекет, кимылы көзге елестердей жанды кейіпте емес. Сырт пошымы да жақсы есте қалмайды. Мұның есесіне соңғы бөлімде Көксерек ізіне түсуі әсерлі баяндалған. Талай иттің мойнын бұрап, мал атаулыға қырғидай тиген Көксерек әлі де осал еместігін көрсетеді. «Ауылға әкелгенде Құрмаштың әжесі боздап келіп: – Қуарған-ай, неңді алып ем?.. Не жазып едім? Бауырына салып өсіргеннен басқа не қып еді менің құлыным? – деп елді тегіс еңіретіп, Көксеректі басқа тепті». Ана кесімі – Көксеректі басқа тебуі. Жазушының гуманистік идеалын да осы орайдан іздеуіміз керек. Адам қолында өскен, бірақ адамға қиянат еткен, оның ет-бауырын езіп, жара сапған көкжал сол адам қолынан өлім тапты. Образды ой символдық ойға, әуенді сарын үлкен идеяға ұласып, сахара топырағындағы шындықты қанық бояу, айқын колоритпен бейнелеген «Көксерек» бір әдебиет шеңберінен биіктеп көтеріліп, әлемдік жауһарлар қатарына қосылған. «Көксерек» тұңғыш рет «Жаңа әдебиет» журналында жарияланды (1929, №2-3). Әуезовтің «Қараш-Қараш» (1960), «Қилы заман» кітаптарында, 12, 20 томдық шығармалар жинақтарында шықты. Бірнеше рет жеке басылды, А. Пантиелев аудармасымен «Новый мир» (1960, №9) журналында жарық көрді. Көптеген шетел тіддеріне аударылды. 1977 ж. қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жеке кітап болып шықты. Шығарма бойынша «Көксерек» фильмі түсірілді, қазақ, неміс, орыс тілдерінде спектакльдер қойылды.

4,6(9 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Elenamas11
Elenamas11
16.07.2021
Отан! – деген сөзім қандай әдемі!
Көзге елестер бүкіл қазақ әлемі.
Таңдандарды жан-жағымды - бай өлке,
Қарапайым, кең дастархан, әдебі.Атам қазақ аңсағаны еркіндік,
Сақтау үшін азаттықты бекіндік,
«Қастығы жоқ қазақ» деген аңыз бар,
«Татулықтың символымыз » сертім нық.Халқымның «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген даналық пікірін ойлап қарасақ, ата-бабаларымыздың асқар таудай ақылында, өз өмір тәжірибесінен өткен өнегелі істері – елін, жерін қорғау, бірлікте, ынтымақта өмір сүріп, еліне елеулі, халқына қалаулы болу сияқты жақсы қасиетті ұрпақтан- ұрпаққа дарыса деген асыл арманы екен.
Сонау ғасырлар қойнауының қатпар-қатпар белесінен байқасақ, ежелден –ақ ру-тайпаларымыздың өз жерін еш жауға бастырмаған, ұлын құл, қызын күң еткізбеуге батырлық ержүректігін, жауына қатал, досына адал, шыбын жанын шүберекке түйіп, садақ ұстап қол күшіне сеніп, найзаның ұшына үкі таққан ұлдары мен қыздарының жауынгерлік үлгісі бізге аманат болып жеткен. Отанымызды қорғаған еліне деген сүйіспеншілігі, ерлер сияқты қолына қару алып, ат құлағында ойнап жүріп жауын жеңуі сақ қызы - Тұмар падишаның ерлік істері. «Маған туған жердің бір уыс топырағы да қымбат. Сонда енді не бар?!» деп тұрсыңдар ғой... Менде ел бар, менде жер бар, мен елімді-жерімді қорғадым, - деген Тұмар падиша осындай байтақ та бай дархан Отанымызды жұдырықтай жүрегіндегі ерлік сезіммен қорғаған. «Тар қолтықтан оқ тисе, тартып олар қарындас» - деп қыздарға сеніммен арқа сүйеген де, шашын төбесіне түйіп жауға шапқан батыр қыздардың қазақта болуы бізді зор мақтанышқа бөлейді.
4,6(31 оценок)
Ответ:
л270103л
л270103л
16.07.2021
Мен сыныпта кезекші болдым,Кезекшіінің міндеті  сыныптың тазалығын қадағалау.,гүлдерге су құю,тақтаның бетін сүрту және сыныптастардың тәртібін қадағалау
Мен кезекшілігімді бастағанда бірінші тақтаның бетін сүртіп,содан кейін гүлдерге су құйыдым,сөредегі кітаптарды орнына қойдым,соңынан мұғалімге сыныптастардың қай себеппен келмеген тізімін бердім Осылай кезекшілігім өтті!

Я была дежурной в классе. Обязанности  дежурного следить за порядком в классе,поливать цветы,приводить в порядок доску,следить за дисциплиной в классе
Когда я начинала свое дежурство я начала протирать доску,потом  полила цветы,привела в порядок книги на полках,затем отдала список  учителю отсутствующих  одноклассников по уважительной причине,Вот так мое дежурство!
4,8(88 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ