Адамның тұлғалық қасиетінің жақсы немесе жаман болып қалыптасуына әсер етуші фактор − жанұя. Бала кішкентай кезінде көрген-түйген дүниелерін кейін өзі бөлек отау құрғанда жаңа отанына алып барады. Және өзі көрген, ұққан дүниелерін өзінің бала-шағасына береді. Сол себепті, жанұя тәртібі, отбасылық тәрбие, былай қарағанда, мәнсіздеу дүние көрінгенімен, оның әулет, ұрпақ, ағайын, мемлекет, отан алдындағы маңызы өте терең.
Қазақта: «Отан отбасынан басталады», — деген дана сөз бар. Шынында да, а үшін Отаннан кейінгі қасиетті ұғым - отбасы болса керек. Отбасы – Отаннның әрбір мүшесін дүниеге әкеліп, қанатын қатайтып, қатарға қосатын маңызды мекеме. Данышпанның да, ғалымның да ең алғашқы тәлімі мен тәрбиесі осы мекемеде қаланған. Мемлекеттің мықты болмағы оның дана басшысына байланысты болғаны сияқты, отбасының берекесі – ері мен әйеліне байланысты екені даусыз. «Үйлену оңай, үй болу қиын» десек те, отбасын құрған әрбір жан үйленерде бақытты болам деп емес, жарымды бақытты қылам деген мақсатпен үйленсе, көп қиындықтың басы шешілер еді. Қазіргі қоғамымыздағы ажырасу дерегінің күн санап өсіп келе жатқандығы көңіл алаңдатады. Отанымыздың тұғыры мықты болуы үшін Отанды құрайтын отбасы мықты болуы керек.
Бүгін республикалық Достық үйінде "Халық бірлігі – ел күші"атты әзірбайжан этносының мәдениет және дәстүр күні өтті. Ірі іс-шараға төрағаның орынбасары - Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаев, "әзірбайжандар қауымдастығы" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әбілфас Хамедов, Әзербайжан Республикасы Елшілігінің Алматы қаласындағы Өкілдігінің консулы Рамил Рзаев, Алматы қаласы мәслихатының депутаттары, этномәдени бірлестіктердің, ғылыми және шығармашылық зиялы қауымның, азаматтық қоғам институттарының, жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.
Барлық құқықтар қорғалған. Белсенді сілтемені қолданыңыз
Объяснение:
сделай ответ лучшим