М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Olga08062003
Olga08062003
19.01.2022 21:37 •  Қазақ тiлi

Сумен байланысты аңыз әңгімелер 5 тапсырма 117бет​


Сумен байланысты аңыз әңгімелер 5 тапсырма 117бет​

👇
Ответ:
dianasobol
dianasobol
19.01.2022

Шайтанкөл – аңыздар мекені 2 5243 Осыдан аттай 105 жыл бұрын Қарқаралы тауларының қарағай-қайыңды қолаттары тасқа шағылған болат шапқының шыңылымен жаңғырығып, орман-тоғайды мекендеген құс атаулы дүрлігіп, елігі елеңдеп, бұланы мөңірей қашқан бір оқиғаға куә болды. Қарқаралының архиерейі Михаил жергілікті жұртшылықтың өтінішімен Қарқаралының бір сілемі – Бұғылы тауының басына біткен Шайтанкөл көлінің маңын жын-періден аластау мақсатында мөлдіреп жатқан айдынның батыс жағалауындағы қойтасты тесіп, крест орнатты. Көлдің атауынан үріккен діндарлар «Бұл жер енді «Қасиетті көл» атансын» деп, ерекше рәсім атқарған екен. Бірақ қазақ ежелден «Шайтанкөл» атап кеткен, тау басына біткен жұмбақ көлдің атауы өзгермеді! Керісінше, Сәбит Мұқанов, Сырбай Мәуленов, Серік Ақсұңқарұлылар жырға қосып, шыңға біткен шараяқтағы шағын көл аңыз бен сұлу жырға арқау болып келеді... Бір қызығы, ел-жұрт ерте бастан аңыз-әңгімелер ар­қылы көркем келбетін қалыптастырған Шайтанкөл жаратылыстану ғылымдарының нысанасына әлі ілігер емес. Теңіз деңгейінен 1200 метр биікте шарасына шү­пілдей толып жатқан аспанкөл туралы жергілікті өл­кетанушы этнографтар сөз етпесе, географтар, су құ­рамын зерттейтін сала мамандары тың ізденістер жа­самай келеді. Тіпті жергілікті санитарлық-эпи­де­мио­логиялық стансы мамандары еш өзен құймайтын, ағып шықпайтын тұйық бассейн суының құрамын анық­тамаған екен. Шайтанкөлдің құпиялы қасиеті туралы осыдан бі­рер жыл бұрын ел газеті «Егемен Қазақстанға» берген сұхбатында тұң­ғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров біраз сыр шертті. То­қаң елге келген сапарының бірінде тау басындағы көл­ге түсіп, түнеп жатып қайтқан екен. Қалаға орала са­ла, батырдың денесін бөрткен басып кетіпті. Емхана, дәріханалардың табалдырығын тоздырған батырға ем табылмай, бір күні өзі түс көріп, түсіне енген ақ киімді ақсақал: «Балам, амандық сұраспадың ғой?» деп кейістік білдіріпті. Ақыры Тоқаң Қарқаралыға қайыра кеп, Шайтанкөлге шомылып, тәнін жуып, мазасын алған белгісіз жарадан құтылыпты-мыс. Шайтанкөлдің жағасына қадалған крест туралы алғаш жазған белгілі өлкетанушы Юрий Попов болса, уақыт өте су түбіне лақтырылған кресті алғаш көрген осы Тоқ­тар Әубәкіровтің ұлы екен. Шынтуайтында, көл түбінде жатқан кресті көрдім деушілер аз. Тек осыдан бес жыл бұрын архиерей Михаилдың Шайтанкөлді алас­тағанына 100 жыл толған тұста Қарағанды өңірі ка­зактарының атаманы, Қазақстан Республикасының Орыс-славяндар мен казактар қауымдастығының мү­шесі Семен Раков бастаған топ көл түбіндегі зілтемірді қа­йыра алып шығуға ынта білдірген. Алайда бас­тамашыл топ қаражат таба алмады ма, әлде өзге гео­сая­си себептерге тоқталды ма – крест су түбінен шы­ға­рылған жоқ. Қарқаралылық Ахметбек Әрінов атты ақсақал өзінің кітабында осынау көлді мекен еткен қос шайтан туралы әңгімелейді. «Өте ерте заманда орман-тоғай­лы осынау өңірге Жиренсақал әулие келіп, ел ара­лайды екен. Әулие биік таулардың бірінің шыңын мекен еткен-міс. Күндердің күнінде ол Шайтанкөлге барған. Көлге жақындап барғанда қараса, су ішінде дене тұрқы адамға келетін сары түсті қос мақұлық шомылып жүрген көрінеді. Түсініксіз тілде өзара сөйлескен әлгі екеуінің бірі екіншісін «Әбілет, Әбілет!» деп атаса, екіншісі оған «Жәбілет!» дейді екен. Әулие бұлардың ерлі-зайыпты шай­тандар екенін біліп, олардың көбейіп кетуінен қауіптеніп, дұға оқып, айғай салғанда қос шайтан зым-зия жоғалып кеткен екен. Содан кейін әулие көл басына жиі кеп, түнеп жүргенде де шайтандарды кездестірмепті-міс. Көлдің «Шайтан­көл» аталуы содан», – дейді ақ­сақал. Ел айтатын көптеген аңыздардың бәрі осы көлдің атауына келіп тіреледі. Шын­туайтына келгенде, ойыс-ойпатты сайда емес, жақпар тасы қатпарын қалыңдатқан тау басына біткен суды көрген қазекем «Бұл адамның ісі емес, шайтанның ісі болар!» деп топшылауынан туған шығар көл атауы. Қалай болғанда да, көл атауы үрей тудырады екен деп, сыңсыған орман ортасында, құз-қиялы тау басына біткен сұлу көлге барушылар азайған емес. Қарқаралы өңіріне келгендер Шайтанкөл басына барып, түнемей кетуді ар санайтыны да бар. Ал осы шаруалардың ту сыртында туризм мен жаратылыстану саласының мамандары бастамаған талай іс тұр. Бәлкім, осы бағыттағы шаруалар жолға түсірілсе, Шайтанкөл туралы географиялық картадан да, энциклопедиялардан да оқып-біліп, туған жер табиғатын аялауға ынтығар жас көбейер дейміз... Дерек-дәйек Шайтанкөл – Қарқаралы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 5 шақырым қашықта, теңіз деңгейінен 1200 метр биіктікте орналасқан. Ұзындығы – 60, ені 40 метр. Тереңдігі жайлы анықтама жоқ. Ағынсыз. Айдыны қар суымен, жауын-шашынмен толығып отырады. Қарағай-қайыңды орман басқан қат­парлы жартастар сынықтары ара­сында жатыр. Мұнда мыңжылдық папоротник (мыңжапырақ), сазға біткен қияқ секілді аса сирек кездесетін емдік өсімдіктер өседі. Жан-жануарлар әлемі де бай. Бұлан, қабан, елік, тиіндердің ерекше түрлері кездеседі.

4,7(6 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
tuni2
tuni2
19.01.2022
День равноденствия настал,
Март дарит солнце и тепло.
Наурыз к вам в двери постучал 
Принес с собою он добро.
Готовьте сладкий сумаляк,
И угощайте вы гостей.
Наурыз дает вам добрый знак,
Его встречайте вы скорей.   

перевод на узбекский

Equinox, kelibMart, quyosh va issiqlik olib keladi.Navro'z siz eshikni urmangU va u bilan birga yaxshi olib keldi.Shirin sumalak pishirishni,Va sizga mehmonlarni davolash.Navro'z sizga yaxshi belgisini beradi,Siz uni kutib olish uchun ko'proq to'g'ri keladi.

Хотя везде пишут, что праздник Навруз, так, что если, что исправте в стихе. 
4,8(57 оценок)
Ответ:
cdf412
cdf412
19.01.2022
- Сәлеметсіз бе. - Сәлеметсіз бе. -Сен қайда тұрасын? -Мен Қазақстанда тұрамын. - Облыс және тұрғындар тұрғысынан Қазақстан Республикасының аумағы қандай? -Respublika Қазақстан соңғысының аумақты алып жатыр, және ТМД бесінші орында халықтың тұрғысынан. - Қазақстан қандай аумақты иеленеді? -Қазақстандық Сібір Орталық Азияға, Алтайға Еділ бастап аумақты қамтиды. - Қазақстан аумағының ұзақтығы қандай? Шығыс 3000 км, батыстан -Protyazhonnost аумағы, және солтүстіктен оңтүстікке және 1700 км. - Қазақстан табиғаты қандай? - Қазақстанның табиғаты әртүрлі. Қазақстан жерінің төрттен бір бөлігі дала болып табылады, олар бүкіл Солтүстік Қазақстанды Оралдан Ертіске дейін алады. Мұнда құнарлы топырақ пен жайылымдық жайылымдар, мұнда бидай, арпа сеуіп, жақсы егін жинау. - Президент кім? -Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - президент. - Таңбалардың қайсысы ашық? - Мемлекеттік рәміздер: Елтаңба, ту, әнұран. - Елде заңнамалық функциялары бар ең жоғары өкілетті орган қандай? Парламент заңнамалық функциялары бар ең жоғары өкілді орган болып табылады. - Неліктен парламент тұрады? - Ол екі палатадан тұрады: сенаторлардың палатасы - 47 орын және «мәжіліс» төменгі палатасы -67 орын. - Республикадағы атқарушы биліктің басшысы не? - Республикадағы басты атқарушы билік - бұл Парламент. - Қазақстан Республикасының ең жоғарғы заңды органы қандай? - Олар Жоғарғы сот. - Қандай минералды қорлар Қазақстан әлемдегі ең бай елдердің бірі болып табылады? - Қазақстан мұнай, газ, титан, магний, қалайы, уран, алтын және басқа да түсті металдардағы әлемдегі ең бай елдердің бірі болып табылады. - Көп. - Көп.
4,7(36 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ