Оқылым ЖАЗЫЛЫМ
3-тапсырма. Мәтінді оқы. Мәтіндегі етістіктерді шақтар бойынша топ-
Тап жаз.
ХХІ ғасырдың алғашқы он жылы ішінде ғана дүниежүзіндегі ға-
ламторға қосылған адам саны 350 миллионнан 2 миллиардқа дейін өсті.
Ал ұялы телефон байланысын пайдаланатын адам саны осы аралықта
750 миллион адамнан 5 миллиардқа жетті. Қазір бұл көрсеткіш 6 мил-
лиардқа тең. Жер жүзі халқының басым бөлігі бір ғана ұрпақ ғұмы-
рының аясында ешқандай ақпаратқа қолы жетпей отырған жағдайда
адамзат тарихында жасалған барлық ақпарат пен мәлімет қорын еркін
аша алатын жағдайға ие болды. Ол ақпаратқа жол ашатын құралдар бір
қолдың алақанына сыятыны кімді болсын таңғалдырмай қоймайды.
Егер технология осы қарқынмен дами беретін болса, алдағы 5-10 жыл
дың ішінде жер бетіндегі 8 миллиард халықтың ғаламтормен толықтай
қамтылатыны анық. Байланыс әлдеқайда қолжетімді, ал жылдамдык
аса жоғары болатыны да сөзсіз. Көп ұзамай-ақ, ғаламтор шалғай
ауылдар мен елді мекендерді қамтып, миллиондаған адамдардың ко
лына дәстүрлі телефоннан бұрын жетеді. Мұның барлығы әрбір жеке
істеуіне, интеллектуалдық және шығармашылық мүмкіндіктерді ше?
адамның және жалпы қоғамның әлдеқайда тиімді әрі өнімді жұмыс
сіз кеңейтуге жол ашады. Технологиялар мен олардың негізінде пайда
болған құралдар көпшілікке қолжетімді болған сайын, олардың
Менің сүйікті ұстазым.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға...» деп ұлы Абай атамыз айтқандай, ұстаз болу – аса үлкен жауапкершілік пен мамандыққа деген сүйіспеншілікті талап ететін игі ас. Ұстаздық – ең қиын мамандықтардың бірі, себебі еліміздің ертеңі болып саналатын жас ұрпаққа өнегелі тәрбие мен сапалы білім беру мұғалімдердің басты міндеті саналады.
Ұстаз – біздің қолымызға қалап ұстатып, әріп танытып, білім нәрімен сусындататын екінші анамыз. Болашақ ел басқаратын тұлғаларды, ақ халатты абзал жандарды, ғалымды, кегшілерді, кез келген мамандық иесін ұстаздар тәрбиелейді. Шәкірттерінің бойына жақсы қасиеттерді дарытып, адамгершілік рухта бағыт - бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Осындай үлкен жауапкершілікті мойнына алып, оқушыларды үлкен өмірге даярлайтын, оқушыларының әрбір жетістіктеріне бірге қуанып, алға жетелейтін де ұлағатты ұстаздар.
Менің сүйікті ұстазым өзіміздің сынып жетекшіміз, әрі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бақтылы Жақсылыққызы. Апайымыз бізге тек қана сабақ оқытып қана қоймай, сонымен қатар бойымызға ізгі қасиеттерді дарытуда. Мектептегі екінші анамызды әріптестері білікті маман ретінде таныса, оқушылар ізгілі ұстаз ретінде сыйлайды. Бақтылы Жақсылыққызы менің болашақта мамандық таңдауыма үлкен себепші болды, бойыма тілге деген құлшынысымды оятты.
Осындай егемен еліміздің ертеңін ойлайтын білімді, саналы ұрпақ тәрбиелейтін ұстаздарымыз көп болса екен деймін.