М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
LadyDiana17
LadyDiana17
15.10.2020 02:26 •  Қазақ тiлi

3тапсырма. Мәтінді оқып шығып, сөйлемдердің қай шақта тұрғанын анықтаңдар. Шоқанды Көкше өзінің сұлулығымен әрдайым ТАҢҒАЛДЫРУШЫ ЕДІ. Бұл жолы да Көкше кербез, сол маңғаз қалпында қарсы алды. Оның тіп-тік найза шыңдары, биік құздары бұрынғысынша көкке қол созады. ОЛАРДЫҢ арасында Оқжетпес ерекше көзге түседі.

Көкшетаудың маңында көл де көп. Шоқан Алатау, Сарыарқа саяхатынан іштей байып, ЖАҢАРЫП, түлеп қайтты. Ел ТІРШІЛІГІМЕН, қазақ сахарасының өзі бұрын білмеген көлеңке жақтарымен танысты. Аңдамай келген сан ғажайып дүниелерді АҢДАДЫ.

Бүгін, міне, осының бәрін ойша шолып, қорытындылап отыр.

👇
Открыть все ответы
Ответ:
aav7
aav7
15.10.2020

Қазақстанның жас ғалымдары.

Ресми мәліметтерге сәйкес, елімізде соңғы бес жыл ішінде жас ғалымдар саны алпыс пайызға артты. Бұл жас ғалымдар жарқын болашақтың іргетасын қалап, Қазақстанның атын тек мемлекеттік деңгейде ғана емес, соынмен қатар халықаралық аренада да арттыратыны сөзсіз. Елбасымыз кезекті жолдауларының бірінде болашақ бәсекеге барынша қабілетті жастардың қолында екенін атап өткен болатын.

Елімізде талантты да талапты да жастар жетерлік. Соларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, егер нақты жобалары, стартаптары болса, онда комиссия оның қажеттілігін немесе қажетсіздігін анықтап, қаржыландыруға қояды. Яғни, жас ғалымдардың ғылыммен айналысуына бар мүмкіндіктер мен жағдайлар жасалып отыр. Менің ойымша, олардың арасында әлемге Қазақстанның атын танытатын ғалымдар бар.

Сонымен қатар, қазіргі таңда жас ғалымдардың инновациялық дамуы мен шығармашылық белсенділігін арттыру үшін, жастардың назарын қазіргі ғылымдағы өзекті мәселелерді шешуге аударту және ғылыми білім беру кеңістігін одан әрі дамыту үшін түрлі ауқымды іс – шаралар өткізілуде.

Жастардың ғылымға деген құлшынысын арттыру мақсатында Білім және ғылым министрлігі жыл сайын сайыстар мен байқаулар өткізіп, жеңімпаздарды марапаттайды.

4,4(87 оценок)
Ответ:
kkek7405
kkek7405
15.10.2020

Қазақ киносының қазіргі келбеті.

Қазіргі қазақ киносының келбеті мен деңгейі қандай? деген сұраққа жауап бермес бұрын оны екі кезеңге бөлінетінің айта кеткен жөн болар. Олар: кеңестік және тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңдер.

Қазіргі отандық киноөнімдерді бірнеше топқа бөлуге болады:

1. коммерциялық немесе бұқаралық кино;

2. тарихи, идеологиялық кино;

3. авторлық, фестивальдік кино.

Әрқайсысына қысқаша тоқтала кетсек, бірінші топ, яғни коммерциялық кино деген атауы ғана болмаса, Голливуд киносынан техникалық тұрғыда ғана емес, сонымен қатар тақырыптық тұрғыда да артта қалып келеміз. Әлі де үйренеріміз көп. Тарихи идеологиялық жанрдағы фильмдерге келер болсақ, олар көбіне мемлекет тарапынан бөлінетін ақшаға түсіріледі. Дегенмен, деңгейі төмен болып жатады. Бұл киноны түсірудегі ерекшелік - әркімге ұнай бермейтін жанрдағы киноны көрермен сүйсініп көретіндей етіп, жоғары деңгейде түсіру. Бірақ көп режиссерлер бұл талапты орындай алмай жатады. Ал суреткерлік  ұстанымдарына ғана адал режиссерлер тобы түсіретін авторлық, фестивальдік кино өте жақсы деңгейде түсіріліп, тіпті халықаралық фестивальдерде аталып жататыны қуантарлық жайт.

Дегенмен, отандық режиссерлердің шетелдік кино индустриясынан үйренері әлі де көп деп есептеймін.

4,5(77 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ