Ата ана бізге өмір сыйлаған,отбасының негізгі діңгегі,бастапқы дәнекері. Қазақта ата ананы қадірлеу керектігі ерекше айтылған.Ананы ардақтамайтын халық жоқ. Ана баланы дүниеге әкеліп қана қоймайды.Түн ұйқысын төрт бөліп, көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп,аяғынан тік тұрғызатын да ана.
Ата ана бізге ең алғаш ақыл кеңесі қайырымды, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеп, шыншыл болуды, әдепті болуды үйретіп және оқу озаты болу үшін жағдайымызды жасап, бақытты болуға жетелейді. Ата ананың рұқсатынсыз ешқандай тірлік жасамау керек. Ана үйдің берекесі,қыз баланың өнегесі. Ананың көзінен нұр төгіліп,жүрегінен жылу бөлініп жан жағына шуағын төгеді.Осы шуақмен жылынып асыл ананың құшағында мейір алып жүрген біз алтын ананы мәңгі қастерлеп, еңбегін бағалап өтейікші. Ананы аспандағы аймен кжанаүнге, жарық жұлдызға баға жетпес асыл заттарға теңеу өз тілімізде қалыпстасқан. Асыл ана «Ана» - әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін беріп аялаған, жанында аямаған ардақтысы. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды.
Бала тәрбиесінде отбасының орны ерекше. Біз ата анамызға сүйіспеншілік сезімімізді білдіріп, оларды құрметтеуіміз керек. Оларды қадірлеу ардақтау біздің міндетіміз. Ата анамыздың үмітін ақтауымыз керек.Өйткені олар бізді мейірімділікке, қамқорлыққа тәрбиелеп, осы өмірде орнымызды табуымызға үлкен ықпал жасайды. Сондықтан біз ата анамызды тыңдап, айтқанын орындап ренжітпеуге тырысуымыз керек. Ренжітіп алған жағдайда кешірім сұрап, енді қайталамауға тырысуымыз керек. Мен анамды қатты жақсы көремін. Ол маған ешқашан жаман болма, үлкендердң тыңда, сыйла деп үйретеді. Анамның айтқан сөздері құлағымда өшпес шырақ секілді. Қашанда «Әкенді тыңда», «Әкең біледі», «Әкеңнен сұра», «Әкеңнің айтқанын істе» деп үнемі айтады.
Ата анамызға деген сүйспеншілік тек жүректен шығу керек. Әкем бізді үнемі еркелетеді. Бізге ұрыспайды. Біз әкемізді қатты жақсы көреміз. Әкемізді ренжітпеуге тырысамыз. Әкем мен анам бізге бәрін беруді ойлайды. Бізге мектепті жақсы оқыңдар дейді. Кейін мектеп бітіріп, жақсы жоғары оқу орнына түсуімізді қалайды. Олар бізге сендер жақсы оқып, жақсы оқу орнын бітірсеңдер барлық жерден жұмыс таба аласыңдар дейді. Мен әкеммен анамның маған деген сенімін ақтағым келеді. Кейін оқу бітіріп, жақсы жұмыс орнына тұрып олардың мақтанышы болғым келеді. Мен үшін мақтана алатындай. Егер мен үлкен жетістіктерге жетсем, ол тек қана ата анамның еңбегі деп ойлаймын. Мен ата анамның үнемі көңілді болып жүргенін қалаймын. Олар мұнайса менде көңілсіз боламын,ата анам бақытты болсын деймін. Олар біз үшін өмір сүреді, біз бақытты болсын дейді.
БОЛАДЫ МА
Омонимі бар мақал-мәтелдер:
1) "Айтулы достың малы бір,
кемедегінің жаны бір".
Бұл жерде омоним сөз – жан: 1) адамның , жан-жануарлардың (кейде өсімдіктердің де) бойындағы тіршілік қуаты туралы түсінік; 2) бір нәрсенің шеті:үстелдің жаны т.б.
2) "Алыстағы досыңа
ат берсең де жарасар —
үйіне мініп барсын деп.
Жақындағы досыңа
хат берсең де жарасар —
ұмытса есіне алсын деп".
Бұл жерде омоним сөз – ат: 1) адамның есімі; 2) жылқының бір атауы; 2) іс-қимыл:қоянды ат т.б.
3) "Ат жақсысын мақта,
Адам жақсысын жақта"
Бұл жерде омоним сөз – мақта: 1) талшықты дақыл; 2) затты не адамды мадақтау.
Көп мағыналы сөз бар мақал-мәтелдер:
1) "Атадан бала тумас па,ата жолын қумас па".
Бұл жерде көп мағыналы сөз – ата: 1) үлкен әке, әкенің әкесі; 2) ата жолы - ескіден қалған жөн – жоба, әдет – ғұрып; 3) ата жұрт - ежелгі мекен; 4) ата кәсіп – атадан келе жатқан шаруашылық.
2) "Талабы жоқ жас -
Қанаты жоқ құс".
Бұл жерде көп мағыналы сөз – қанат: 1) құстардың ұшып, қонатын дене мүшесі; 2) алты қанат ақ орданы тігуге кірісті.
3) "Бітер істің басына,
Жақсы келер қасыңа".
Бұл жерде көп мағыналы сөз – бас: 1) адамның, айуанның, жәндіктің дене мүшесі; 2) шөптің, ағаштың ең жоғарғы жағы; 3) таудың ең үсті, төбесі; 4) өзеннің, бұлақтың басталған жері; 5) таяқтың ұшы; 6) балтаның, шоттың ұшы бар жағы; 7) бір нәрсенің айналасы