Тыңдалым тапсырмасы Оқушылар мәтінді 2 рет тыңдап, мәтіндегі ақпараттарды сәйкестендіреді( тыңдалады) Сәйкестендіру жауабын табады 1. Күз таңының мұншалық сұлулығын A.Ер Тарғын ат шаптырыпты-мыс.
2.Сауыры жалпиған шексіз даланың ішке бүккен бүйрегіндей дөңгеленген Қараойда B. бұрын көрген емес-ті.
3. Одан беріде Қараойға C. қарақұйрықтың өрісіне айналған.
4. Махамбеттің бала кезінде бұл жер D. бір тайпа елдің күздік жайлауы еді
5. Бала ойнайтын баяғы үңгірлер E. Махамбеттің жалғыз үйі отырғанына үш айдың жүзі.
Бұл поэмада бір отбасының жалғыз баласы ауыр сырқатпен сырқаттанып қалады. Емші шал баланы тек аққудың қанатымен аластаса ғана ауруынан сауығады деп айтады. Әкесінің аққуды өлтіруге дәті бармағандықтан оның орнына анасы мылтығын алып, аққулар тұрақтайтын көлге барады. Көлге келгенде ананың қолындағы мылтығы абайсызда атылып қалады.Сөйтсе мылтықтың оғы аққуға тиген екен. Шуды естіген қарт жылқышы көлге қарай келеді де, аққу өлтірген анаға ақыл береді. Қалай болса да ана аққуды үйге әкеледі,бірақ үйге қайтып оралғанда баласынын қайтыс болғанын көреді.Осылайша шығарма аяқталады.