Елімнің гүлденуі үшін мен көп нәрсе жасай аламын. Мысалы: тазалықты сақтау, қоқысты шығармау, сонымен қатар кейінірек өте жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін жақсы оқу .. Ғылымда кейбір жетістіктерге қол жеткізуге немесе адамдардың өмірін сақтауға болады - дәрігер болу. Мен психолог бола аламын және айналадағы адамдардың барлығын жарқын жаққа бағыттай аламын.Мұғалімнің, құтқарушының асыл жұмысын өз мойныма ала аламын.Мен өз еліммен мақтанатынымды жауапкершілікпен айта аламын. Оның үстіне, мен өзімнің елімнің болашағы зор болғанын қалаймын - ол соған лайық. Сондықтан мен өз мемлекетімнің толыққанды азаматы болуға - өз өмірімді, отбасымның және достарымның, жалпы адамдардың өмірін жақсартуға көмектесуге тырысамын.
Қазақ халқының қонақ күтуі мен қонақжайлығы туралы.
Баяғы заманнан бері осы күнге дейін жеткен дәстүріміздің бірі мен бірегейі – келген қонаққа дастарқан жаю. Бұл дәстүр тек қонақжай қазақ халқына ғана тән дүние десем, артық айтпаспын, себебі үйге қандай кісі келмесін «ең болмаса нан ауыз тиіп кету керек» деген ұғым санамызда бала кезімізден қалыптасқан. Қазағым қашан да бар асылын, бар тәттісін «қонақ жесін» деп сақтаған. Қазақ халқы үшін дастарқаннан үлкен, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Ақсақалдар да үнемі «Дастарқан тек қуанышты себептермен жайылсын! Дастарқан мол болсын! Осындай үлкен дастарқан басында жинала берейік!» деп бата беріп, тілектерін айтып жатады.
Дастарқан жайғанда міндетті түрде ең алдымен нан қойылады. «Ас атасы – нан» деген мақал осыдан шықса керек. Ұннан жасалынған тағамдар бағзыдан-ақ ақ дастарханымыздың сәні болып келген. Қазақ өзінің шаңырағындағы кез келген жиында дастархан үстінен нанды алыстатпайды.
Сыйлы қонақ келсе, бұрынғы кезде мал сойылып, ет асылса, қазіргі заманда мал сойылмаса да, қазанды отқа қойып, қонақтың кәдесін асып береді. Күн демей, түн демей қазан асуға келгенде қарап қалмайтын қазақ аналары мен келіндері ет тамақты нақышын келтіріп дайындайды. Бүгіндері қырық күн тойын, отыз күн ойын жасамасақ та, кез келген жиында осы ас бірінші мәзірде тұрады.
Жалпы алғанда, қазақтың дастарханы – киелі нәрсе. Бұл тек жайылған шүберек немесе оған қойған ас-ауқат қана емес, бұл – адамның пейілі, ішкі жан-дүниесі, мейірім-шапағаты. Ендеше дастарқанымыз тек қуанышқа жайылсын!
Болашақ жастардың қолында.Әркімнің өз болашағы болады