3-тапсырма. Берілген сөйлемдердің қажетті жалғауларын қойып, көшіріп жазыңдар.
Осы желі арқылы электронды хабарлама жіберу... мүмкіндік беретін алғашқы
компьютерлік бағдарлама жасалып, ол кеңі... таралды. Күнделікті қызмет
барысы... ақпарат... немесе мәлімет... екінші адам... не мекеме... жедел жеткізе
Телефон арқылы жүргізілетін әңгіме... іс... тігіп қоя алмай..., сондықтан ең
ыңғайлы... жеделхат болып табыла Ғаламтор арқылы тұрақты радиохабар...
жүзе... асырылып келе Соңғы кездер... адам... бетпе-бет кездесу... гөрі,
әлеуметтік желілер... тілдесу... қалай Алуан түрлі ойын...дың балалар...
денсаулығы..., жүйке жүйе...не зақым келтіретін... сол кезде-ақ ғылыми негіз...
дәлелденген
Рухани өміріміздің тарихында бір дәуірдің болмыс-бітімін, таным- түсінігін айшықтай түсетін айрықша тұлғалар болды. Исламға дейінгі Тәңірлік дүниетанымның шашырап жатқан дерек көздерінің негізінде пайымдап, бас- аяғын жинақтауға әрекеттенер болсақ, оның бел ортасында тұрған дара тұлғаларды айналып өту мүмкін емес. Солардың бірі, бірегейі-түркі халықтарының арасында есімі ежелден танымал-Қорқыт ата. Шығыс Түркістаннан бастап Кіші Азияға дейінгі түркі халықтарының ауызша да, жазбаша да жәдігерлерінен ойып орын алған Қорқыт бейнесі бір ғана көркемдік дүниенің жеміс еместігі, мұның астарында берісі нақтылы тарихи тұлға, арысы тұтас қоғамдық-әлеуметтік, саяси, діни дүниетаным тамыр тартып жатқан дәуірлік құбылыс жатқандығы даусыз. Байыптап қарасақ, исламнан бұрынғы идеология мен таным-түсінікке қатысы бар тұлғалардың қуаттысы да, жұртшылыққа кеңінен мәшһүр болғаны да Қорқыт есімі.