М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
alinasuga04
alinasuga04
14.04.2020 12:45 •  Қазақ тiлi

Жүрегім тұнған махаббат эссе
берем

👇
Ответ:
daha505daha505
daha505daha505
14.04.2020

Объяснение:

Махаббат — адам жанының асыл қасиеті, асқақ мұраты, таным тұғыры, риясыз, ынтық, нәзік сезімі. Батыстық философия  тарихында Эмпедокл өзінің космология ілімінде Махаббат бүкіл әлемді ұйымдастырып тұрған бастапқы күш деп білді.

Платон оны сезімдік және рухани махаббат деп екіге бөліп қарастырды. Сезімдік махаббат — сұлулыққа сұқтанатын махаббаттың төменгі сатысы, ал рухани махаббат — адамның белсенді танымдық қызметінің қайнар бұлағы деп қарады.

Психолог Роберт Стернберг махаббаттың үшқұрамды теориясын алға тарта отырып, оның бірнеше формуласын ұсынады: романтикалық махаббат = құштарлық + ынтықтық, бауырмал махаббат = ынтықтық + адалдық, жасанды махаббат = құштарлық + адалдық.

Иә, махаббат сөзіне сансыз анықтамалар айтып, түсіндірмелер берсе де аз болмайды. Себебі, ол – шетсіз, шексіз сезім. Қашан адамның жүрегінен махаббат сезімі өшсе, сол кезде қоғам кері кетіп, ізгіліктен жұрдай болады. Махаббат — өзіңді ғана емес, ең алдымен өзгені сүю, қарапайым тілмен айтсақ, жақсы көру, ұнату. Жаны ашу, мейірбандық, жақсылық істеу, қамқорлық көрсету осыдан шығады. Көкірегін махаббат жайлаған адам — қашанда қайырымдылықпен, әділдікпен, адалдықпен ауылдас отыруға тырысады. Ондай адамның кейде сырты байсал, суықтау көрінуі мүмкін, бірақ іші — нәзік, сезімтал, сергек келеді. Ойынан бұрын сезімі бас көтеретін де кездері бар. “Мұның арты қалай болар екен?” деп ойы тартпақтай бастаса, сезімі ілгері қарай сүйрелейді. Сөйтіп, бұлдыр ойды мөлдір сезім тазалап жуып тұрады. Дүниедегі бар жақсылық махаббатпен жасалады, махаббатпен нұрланады. Өйткені, шын сүйіспеншіліктен туған дүние ғана құнды, сұлу болмақ. Қалай алып қарасақ та, махаббаттың орны орасан екені көрінеді.

Махаббат неден басталады? Ол достықтан, өзара түсінушіліктен, жалпы мақсаттардан, қызықтардан, ұмтылыстардан басталады. Ал махаббаттан не басталады? Махаббаттан барлығы басталады: өмір, жұмыс, арман, өнер, батырлық. Сондықтан

4,6(83 оценок)
Ответ:
Abzik5203
Abzik5203
14.04.2020
Жалпы махаббат деген сөздің мағынасы кең. Махаббат деген сүйіспеншілік, ынтызарлық, ғашықтық деген сөздердің баламасы ретінде айтыла береді. Сонда, махаббат деген адамға пайдалы қасиет пе, әлде зиянды сезім бе? Белгілі жазушы әрі психолог Ерсін Қойбағарұлының «Махаббатым — ғайып еренім» — деген кітабын оқығанда осындай сауалға жауап іздеген едік. Кітапты оқып шыққанда ол өзге қаламгерлер секілді өзіндік қияли ойларды, аңыздарды, діни наным, сенімді ғана өзек етпей, ғашықтық сезімді ғылыми тұрғыдан қарастыруға тырысатыны айқын байқалды. Демек, бұл кітаптан оқырман махаббаттың пайдасы мен зиянын ажырата алады деуге болады екен. Сонда махаббат деген не? Осы сауалды жастар, жасөспірімдер жиі қояды. Себебі, олар ғашықтық сезімнің мән-мағынасын ұғынғысы келеді. Осы кезеңде олардың жар тандауы, бірін-бірі ұнатуы, ғашық болуы табиғи заңдылық. Биология ғылымында мұны «инстинк» дейді. Бұл жан-жануарлардың бәріне ортақ. Ал, жануарлардан адамның артықшылығы санаға ие. Абайдың «махаббатсыз дүние бос, хайуанға оны қосыңыз» — деген тұжырымы хайуандардың еркегі мен ұрғашысы бір-бірімен ешқандай ақыл-ойсыз, табиғи жаратылысының заңдылығымен қосылса, адам ой-сана иесі болғандықтан өзінің қосағын өмірден алған таным-түсінігі, ақыл-парасаты арқылы табуға тырысады. Көптеген қазақ ақын-жазушылары Абайдың бұл тұжырымын ұшқары, жаңсақ түсініп ғашықтық сезімді Отанға, ата-бабаға, анаға, балаға деген сүйіспеншіліктен жоғары қойып, махаббатқа көзсіз табынатыны байқалады. Тарихта адамзат қоғамы дамыған сайын адам санасы да жетіліп жар таңдауда салт-дәстүр пайда бола бастады. Яғни, еркек пен әйел арасындағы ынтызарлық тек табиғи инстинк қана емес, салт-санаға, таным-түсінікке, діни наным-сенімге орай қалыптасатын болды. Әсіресе, діндердің пайда болуы бұған зор ықпал етті. Сөйтіп, үйлену мәселесінде алуан түрлі дәстүрлер пайда болды. Мәселен, христиан діні бойынша бір еркек бір әйелге ғана үйленсе, мұсылман діні бойынша бір еркек төрт әйелге дейін үйленетін болды. Христиан дінінде ең қасиетті махаббат сезімі болса, мұсылман ілімінде ұрпаққа, Отанға деген сүйіспеншілік махаббаттан жоғары тұрады. Мұның қайсысы дұрыс? Ғылым жағынан қарастырсақ мұсылман дінінің ұстанымы табиғатқа, жаратылыс заңына үйлесетінін ұғынуға болады. Себебі, биология ғылымының зерттеулері бойынша тіршіліктің ең жоғары сатысы сүтқоректілер, яғни қоян, түлкі, қасқыр секілді аңдар, яғни баласын емшек сүтімен қоректендіретіндер. Олардың ағзаларын салыстырсақ адам да осы топқа жатады. Жалпы табиғатта бір еркек пен бірнеше ұрғашы қосылу арқылы ұрпақ тарайды. Міне, мұсылман діні осыны да мықтап қарастырған деуге болады. Соған орай, салт-дәстүр туындаған. Ал христиан діні бойынша бір еркек екі әйелмен некелесе алмайды. Тіпті, екі әйелге қатар үйленгендерге өлім жазасы қолданылған. Бұл дінде табиғатқа, жаратылыс заңдылығына үйлеспейтін ұстанымдар түрлі тарихи жағдайларға орай туындаса керек. Дінді жоққа шығарып ғылымды ғана ұстануды мақсат еткен марксизм-ленинизм ілімі де үйлену мәселесін христиан дінінің канондарына сәйкес жасап, «әйел теңдігі» деген ұранды ұстанып бір әйел мен бір еркек үйленуді ғана салтқа айландыруды мақсат етті. Неге? Себебі, бұл ілімінің негізін салған Маркс те, Ленин де христиан дінін ұстанған қоғам өкілдері. Сондықтан олар осы елдердің салт-санасын ескеруге мәжбүр болса керек. Ал қазақ қоғамына келсек, халқымыз көп әйел алу салтын ұстанған. Тіпті, қазақтың көнеден қалыптасқан салты бойынша мұсылман дінінің шарттарын да толық қабылдай бермеген деуге болады. Мәселен, мұсылман дінінде бір еркек төрт әйелмен ғана неке қиюға рұқсат берілсе, қазақ әйел санын шектемеген. Бұл «Жеті жарғыда» нақты тұжырымдалған. Шариғатта бір омыраудан ембеген қыз бен жігіт үйленуіне тыйым жоқ болса, қазақ 7 атаға дейін үйленуге қатаң тыйым салған. Мұндайларға тіпті, өлім жазасы қолданылған. Неге? ¥рпақтың қаны бұзылып азғындап құриды деп түсінген. Қазіргі ғылым бұл қағиданы растап отыр? Қазақ халқы мұны көне заманда қалай білгені беймәлім.

Жалпы, қазақ халқының қалыптасқан салт-санасына ой жүгіртсек отбасын құрау мәселесіндегі басты ұстанымы қалайда ұрпақты тез көбейтуді мақсат еткен деуге болады. Қазақта еркек те, әйел де өзін ата-бабасы мен ұрпағы арасындағы өткел ретінде өмір сүруді басты ұстаным еткен. Сөйтіп ер адам ұрпақ көбейту мақсатымен ғана бірнеше әйелге үйленетін болған. Ал қазақ әйелдері бәйбіше болса да, тоқал болса да күйеуінен ұрпақ көбірек тарағанын мақсат етіп өмір кешуді парыз санаған. Тоқалдан туған балаларды бәйбіше бауырына басып өзінің құрсағынан шыққандай сүйіспеншілікпен өсірсе, бәйбішеден туған балаларды тоқалдар да анасы ретінде сүйіспеншілікпен қабылдайтын болған. Сірә, соғыстан, індеттен қынадай қырылған қазақ тез көбейіп ұлан-ғайыр жерді иеленіп, қорғауды басты мақсат етсе керек. Қазіргі кезде де қазақ халқы үшін мықты мемлекет болу үшін, елдің, жердің шын мәнінде иесі болу үшін демографиялық өсімді еселеп арттыру ең басты мақсат болып отырғаны айтпасақ та ұғынықты болса керек.

4,7(20 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
svdanilova
svdanilova
14.04.2020

Берілген билетке жауап.

1 сұрақ.

Қазақтың ақ батасы ұрпақтарын адамгершілікке, имандылыққа, ақыл мен парасаттылыққа, шешендікке баулыған. Батаның түрлері -біздің данагөй бабаларымыз: «Жауынмен жер көгерер, батамен ел көгерер», - деп айтып кеткен ғой. Бата беру- адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Халық ақ батадан-рухани қуат алады, ол жақсылыққа жол ашады деп сенеді. Сондықтан да қазақтар ежелден-ақ қадірлі қариялардан, атақта батыр билерден, шашашсына шаң жұқпайтын ақындардан бата алуға құштар болған.      

Ата-бабаларымыздың өсиетнамасы ақ батаның шығу тарихы әлі терең зерттелген жоқ. Батаның мақсаты: алғыс айту, ақ ниет, ақ тілек білдіру. Қазақ халқы ақ батаның ізгі сөздеріне сүттей ұйып, оның құдіретті күшіне шексіз сенеді. Жақсы бір істі қолға алғанда өз мақсатына жету үшін Аллаһ Тағалаға жол іздеп, оны жаратқан иеміздің рұқсатымен бастау үшін әуелі ниетін түзеп, бүкіл ойын, тілегін шарболаттай сығымдап, сөз арқылы бір арнаға құйып, Раббымыздан «ісімді оңғара көр»,-деп сұрайды.Басқаға тілек айтып, бата бергенде де оның қабыл болуын Аллаһ Тағаладан тілейді.

Батаның түрлері:

1. Нәрестеге бата

2. Асқа бата

3. Ұлға бата

4. Қызға бата

5. Келінге бата

6. Сапар бата

7. Жастарға бата

8. Сүндет той батасы

9. Наурыз батасы

10. Ораза айт батасы

11. Жарапазан батасы

12. Ас қайыру батасы т.б.

2 сұрақ.

Тұрақты сөз тіркесі, фразеологиялық тіркес – екі немесе одан да көп сөздердің тіркесуінен жасалып, бір ұғымды білдіретін бейнелі сөздер тобы.

Тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы сөздер өздерінің дербес мағыналарынан ажырап, жеке-дара сөздерге балама ретінде жұмсалады, олардың тіркестегі мағынасы жеке тұрғандағы мағынасына сай келе бермейді (көре алмау – қызғану; іші күю – өкіну, т.б.) тұрақты сөз тіркесі бірнеше топқа жіктеледі: идиомалық тіркестер немесе идиома (қабырғаңмен кеңес, ешкімнің ала жібін аттама); мақал-мәтел (Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар; Өнерлінің өзегі талмас).

3 сұрақ.

Ит өлген жер – алыс;

Қырғиқабақ болу – ұрысу;

Ешкімнің ала жібін аттамау - ешкімнің жолын кеспеу,қарғысына жолықпау.

4,4(37 оценок)
Ответ:
nica123456789
nica123456789
14.04.2020

Адамның қалаған нәрсеге қол жеткізе алмауының себебі көбінесе жағдайлар емес, сонымен қатар мүмкіндіктерімізден толықтай пайда көруге кедергі жасайтын ішкі сеніміміз.Адамның мүмкіндіктері іс жүзінде шектеусіз.Ия,сіз өзіңіз қалаған нәрсеге ие бола аласыз:денсаулық, бақыт,мансап және т.б

Біздің қабілеттеріміз қайда жасырулы? Әрқайсымыздың ішімізде деп ойлаймын.Бұл - біздің миымыз. Ғалымдар дәлелдегендей,тіпті ең танымал ойшылдар оны 25% ғана пайдаланады екен.Қалған 75% қолданылмайды.Миымыздың көп қорын қолдану мүмкіндігі бізге не береді? Сіз таңқаларсыз, бірақ бұл адамды құдіретті етеді.

Миымыз біздің ойлау процестерімізді басқарғандықтан,мұнда әртүрлі деструктивті ойлар мен теріс көзқарастар болады.Және бұл дегеніміз,біз ішінен өзіміз қалаған нәрсеге жету мүмкіндігінен айырылып, өзіміз қалаған адам болуға кедергі жасаймыз.Біздің миымызда: "Мен ешқашан істей алмаймын ...","мен жеткілікті түрде жақсы емеспін...» және тағы басқалар сияқты ойлар бар. Бірақ тәжірибе көрсеткендей адам осындай күмәндардан айрылса,өзіның биікке қалай көтерілгенін де байқамай қалады.Бұған мысал ретінде, Гиннестің рекордтар кітабындағы көптеген атақты адамдардың іс-әрекеті.Өткен ғасырда өмір кешкен Трояны ашқан ғалым Шлиман 22 тілді білген екен. Моцарт 5 жасында симфония жазса,тас керең Бетховен өлмес классикалық музыкалық шығармалар қалдырды.Олардың құпиясы қарапайым:олар өздерінің қабілеттеріне күмәнданбаған.

Және бұл адамның физикалық қабілеттеріне де қатысты.Көпшілігіміз ауыр машина көтеру үшін жеткілікті физикалық күш сезінбейміз.Бірақ дөңгелектің астына түсіп қалған балаларды құтқаруға тырысатын аналар ауыр автомобильдерді өз күштерімен көтерген жағдайлар бар.Олар күнделікті өмірде бұны ешқашан істей алмаған еді,бірақ стресстік жағдайында баламды құтқарам деген оймен олардың барлық шектеулі көзқарастары жойылып кеткен.Осындай мысалдар өмірде өте көп.

Қорытындылай келе,біздің санамыздағы шектеулерді өзге емес,өзіміз орнатамыз.Біз өзімізді жеткіліксіз талантты, табысты,күшті, бақытты деп санамаймыз.Осындай кедергілермен күресуге,оларды керісінше ауыстыруға және осылайша қажетсіз кедергілерді жоюға болады. Біз өзімізді өзіміз ғана жаратамыз және біздің болашағымыз тек өзімізге байланысты.

4,8(51 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ