М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
MrAmoral
MrAmoral
29.08.2020 21:13 •  Қазақ тiлi

Жусан иісәнің негізгі идеясымен таөырыбын жазамыз​

👇
Ответ:
ЗаяцЯ2
ЗаяцЯ2
29.08.2020

ответ:Жусан иісі - соғыстың кезінде жарық көрген повесть. Авторы Сайын Мұратбеков. Араб тіліндегі нұсқасы бар.

Объяснение:

4,7(25 оценок)
Ответ:
harweybeaks
harweybeaks
29.08.2020

Жусан иісі - соғыстың кезінде жарық көрген повесть. Авторы Сайын Мұратбеков. Араб тіліндегі нұсқасы бар.

Сюжеті

Кішкентай Аян жастайынан шешесінен айырылып, әжесімен бірге бір ауылға көшіп келеді. Осы ауылдың балалары ойнап жүріп жаңа баланы кездестіреді. Балалар Аянмен тез достасып, Аян екінші атаман атанады. Ол ақкөңіл,ақылды бала болған. Негізі ол ешкіммен төбелеспейтін бала еді. Бірақ бір күні Есікбай Аянға өзі тиісіп, төбелесе бастады. Бәрібір соңында Аян барлық күшін жинап, жеңді. Аян мектепте де өзінің зеректілігін бірінші күннен бастап көрсетеді. Ол ең бірінші хат танып, балаларға көмектескен. Бірде Аян өрісте мал қайырып жүріп тобығы тайып, одан кейін аяғы тайғыш болып қалды.

II бөлім

Бұл бөлімде Аянның әжесінен айырылғаны, ертегілері баяндалады. Әжесі қайтыс болғаннан кейін оны Бапай атты туысы асырап алады. Бірақ оған дұрыс күтім жасамайды. Әжесі өмірден кетсе де, баланың қамықпауы бәрін таң қалдырады. Балалар күнде оның ертегісін тыңдауды әдет қылдырған. Ауа райы суық болса да Аянның ертегісін өткізуге болмайды. Ол күнде бір ертегі ойлап тауып, күннің батқанын күтіп, бәріне айтып береді. Оның ертегісінің қызық болғаны соншалық, оның ертегісін тыңдаған балалар ертегіге кіріп кетеді. Бұл кезде олар соғыстағы аға-әкелерін естеріне түсіріп, оларды тауып алып, бірге соғысуды армандайды.

III бөлім

Аянның мінезі өте қызық еді. Бірде ол тұйық мінезді, бірде өзін мүлде танымай қаласың. Ол көп ойынға араласа бермеуші еді. Бірақ осы кеште ол бәрін таң қалдырады. Оның шанасына қанат біткендей болады. Осыны көріп Сайын Мұратбеков онымен бірге шана тепкісі келеді. Ол үйде шанасын іздеп жатқанда, әжесі оны ұстап алып, төсегіне жатқызады. Осы кештен кейін Аян дағдылы шана тебетін болды. Ол балаларға ертегісін айтып, тәмәмдаған соң, біреуімізден шана сұрап, сырғанақта жападан жалғыз түнге дейін ойнайтын болды. Бір күні барлық ауыл балалары Аянның ертегісін тыңдауға жиналғанда, Аян көкесінің, өзінің киімінен жусанның иісі шығатынын айта бастады. Оның көңіл- күйі өте жақсы еді. Одан соң балалар Аянға шана беру кімнің кезегі жөнінде килігеді. Аян осы түні ерекше қызықты: бір көзді дәу туралы ертегісін бастайды. Барлық балалардың үрейлері ұшады. Сөйтіп отырғанда шөптің арғы жағынан өрт шығады. Балалардың барлығы қора үстінен секіріп, қаша жөнеледі. Ең соңында Аян қалып қойып, қора үстінен секіріп жатқанда аяғын ауыртып алады. Осы кезде ауыл бригадирі Тұржан келіп, Аянды соққыға жығады. Ауыл адамдары Тұржанға наразылық білдіреді. Осыдан кейін Аян аяғынан тұра алмай төсек тартып, жатып қалады. Біраз уақыт өткеннен кейін Аян жазыла бастайды, бірақ ол енді бұрынғыдай мүлде ойнамайтын болады.

IV бөлім

Бөлімнің басында, әжесі қайтыс болып, Бапайдың қолына түскен Аянға, оның досы келеді. Аян қуанып өз ертегісін бастайды. Ертегісі «Баяғыда бір жетім бала болыпты...» деп басталушы еді. Бапай да, оның әжесі де олардың әңгімесіне құлақ салмайтын. Бірақ бусанған қарт рақаттана кекіріп қоятын да «Енелеріңді ұрайын, осы екеуінің-ақ сыбыр-күбірі бітпейді екен, ә. Қыз алып қашқалы ақылдасып жүргеннен саусыңдар ма-ей?!» деп әзілдейді. Бір күні балалар екіге бөлініп қар атқыласып ойнамақ болды. Бұл ойынға Аян да қатысқысы келген. Лезде жүгіре алмайтындығынан атаманның екеуі де оны алудан бас тартты. Бұған ашуланған Аян Асылбек шалдан тобығын салып беруді сұрайды. Асылбек шал баланың өтінішін орындайды. Бірақ, амал не, Аян мұнан кейін де тобығын тайдырып алады. Бұл – көктем кезі еді. Сонда Аян өгіз айдап өгізден домалап түскен кезде тобығы тағы тайды. Кейін Аянды балалар үйіне жібереді. Аян халықпен қоштасып «Мен әлі бәріңе де хат жазып тұрамын» деп кетеді.

4,4(53 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Грамбит
Грамбит
29.08.2020

Ауыспалы осы шақ пен келер шақтың aйырмашылықтары: біріншіден: Мезгіл мәнді сөздер ауыспалы келер шақта қатысуымен жасалады, ал мезгіл мәнді сөздер ауыспалы осы шақта қатыспайды. Екіншіден: Ауыспалы келер шақ мағынасы жағынан іс-әрекеттің келер шақта екенін білдірдеді. Ал Ауыспалы осы шақ мағынасы іс-қимылдың осы шаққа қатысты қатысты қалыптасқан әрекет екенін білдіреді.

Ол мектепте окиды. Ол сабағын кешке оқиды.

Мен ылғи ерте тұрамын. Мен ертең ерте тұрамын.

Ол өлең жазады. Өлеңді ол есейгенде жазады.

4,4(86 оценок)
Ответ:
Dimn11
Dimn11
29.08.2020

Облыс аймағында 1600-ге жуық көл бар, оның ішінде 200-ден астамының ауданы 1 шаршы км-ден асады. Облыс жерінің онтүстік-шығыс бөлігінде су айдыны көлемі жағынан Қазақстаңдағы үшінші көл — Балқаш жағалауы кіреді. Көл Батыстан Шығысқа қарай созылыңқы (614 км) орналасқан. Ауданы 18,2 мың км2, су көлемі 106 км3, су айдынының теңіз деңгейінен биіктігі 342 м. Тереңдігі 6-12 м-ден (Батыс), 15 м-ге дейін (Шығыс) ауытқиды, ең терең жері — 26 м. Тұздылығы біркелкі таралмаған, Батыс бөлігі Іле өзенінің суымен тұщыланады, Шығысында тұздылық мөлшері 5г/л дейін жоғарылайды. Антропогендік әсерден Балқаш көлінің деңгейі 2 м төмендеп, суының сапасы да нашарлаған. Аласа таулы және қыратты суайрықтар мен үлкен тұйық ағынсыз алап көлдеріне қарағанда, анғарлық-арналық көлдер түрі көп тараған. Айдын ауданы 0,5-1,5 м2 ұсақ көлдер куаң жылдары жазда кеуіп қалады. Көлдер суының орта минералдылығы 1-10 г/л аралығында.

4,6(9 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ