1. Жасушаның микропрепарат дайындау жолдарын жаз; 2. Микроскоппен қарағандағы жасушаның суретін салады (6,7 сурет, 128 бет)
3. Жасушаға сипаттама бер
4. Неше есе үлкейтіп қарауға болады? Анықта
5. Алынған нәтижелерден қорытынды жаса
көмектесіндершшш бүгінг Алла разы болсын
Эссе
Жолдасы көптің - олжасы көп.
Достық – ең ұлы сезімдердің бірі.Доссыз өмірді елестетуге келмейді десек те болады.Халқымыз "жүз теңгең болғанша,жүз досың болсын" деп бекер айтпаған.Достармен сен қуанышыңды да,қайғыңды да бөлісе аласың.Олармен бірге кез келген қиындыққа төтеп беру – ең үлкен жеңіс боп саналады.
Достардың арасында мызғымас,берік қарым-қатынас болса,алынбайтын асу жоқ дер едім.Мысалы,мына жағдаят сөзіме дәлел бола алады.Асан,Берік,Бағдат – үшеуі кішкентайларынан бері айрылмас достар.Бірге мектепке барып,бір үйірмелерге қатынасады.Бір күні мектепте оқушылар бір жерге үйіліп,у-шу боп жатыр екен.Үш дос барып қараса мектепте жобалар сайысының ұйымдастырылатынын және жеңімпаз еліміздің көрікті жерлеріне экскурсияға жолдама алатыны туралы хабарландыруды көреді.Осы кезде Асан:
– Эх,мен экскурсияға қатысқым-ақ келіп тұр.Әттең,қолымнан жоба жасау келмейді...-деп күрсінеді.Сонда Берік пен Бағдат Асанға жалт қарап:
– Біз саған жеңімпаз атануға көмектесеміз,біз біргеміз!-деп арқасынан гүрс-гүрс қағып,қолдау қолдау көрсетеді.Кейін үш дос не істеп,не қоятындарын ақылдаспақшы болып Асанның ауласындағы үйшікке жиналады. Үйшіктен гүбір-гүбір әңгіме,сылқ еткен күлкі,жобаға керекті неше түрлі материалдардың тарс-тарс еткен дыбысы естіледі.Осылайша үш дос жұмыла жұмыс жасап,жеңімпаз атанып,Асанның арманын орындайды.
Ия,достық ол көптеген нәрселерге көзімізді жеткізеді.Әрине,досың көп болғанымен,олардың адал әрі нағыз достар екеніне назар салғайсың.
Қосымша:
Еліктеу сөздер — табиғат құбылыстары мен жан-жануарларда болатын әр алуан дыбыстарға және олардың сын-сипат, қимыл-әрекеттеріне еліктеуден туған сөздер. Қазақ тілінде еліктеу сөздердің екі түрі бар:
1) еліктеу есту қабілеті арқылы пайда болған еліктеуіш сөздер. Мысалы: тарс-тарс, салдыр-гүлдір, дыр-дыр, гүрс, шолп;
2) еліктеу көру қабілеті арқылы пайда болған бейнелеуіш сөздер.Мысалы: жалт, жарқ, лып, маймақ, көлбең,ербең-ербең.