М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Дориана01
Дориана01
05.12.2020 23:19 •  Қазақ тiлi

"Ақ Орда "деген тақырыпқа эссе жазу керек көмек керек өтініш көмектесіңіздерші! ​

👇
Ответ:
lizatim2005
lizatim2005
05.12.2020

Егемен Қазақстанның жаңа астанасында көркемдік маңызы мен ауқымы жөнінен қала орталығының бірегей сәулеттік ансамблі бой көтерді. Оның құрамындағы ең басты туынды – Ақорда – Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы.

Резиденция қала құрылысы ансамблінің композициялық және мазмұндық орталығы болып саналады. Астана сәулеттік кешенінің басты өзегін құрайтын негізгі орындары ретінде «Хан Шатыр» – «Бәйтерек» – «Ақорда» – «Бейбітшілік және келісім сарайы» – «Қазақ Елі» монументі бой көрсетеді. Сәулеттік ансамбльдің композициялық өзегі  Ұлы даланың дәстүр сабақтастығының сақталуы идеясын, еуразиялық толеранттылық мәдениеттің жалғасуын және бүгінгі әлемдік өркениет биігіне ұмтылған қуатты Қазақстанның жасампаздығын нақтылы түрде айшықтап көрсетеді.

Ақорда – ел дамуының жаңа философиясының көрнекі бейнесі. Резиденцияның символикалық және функционалдық бағыты  өзінің толық кескінін қасбеттер мен ішкі көріністердің рәсімделуінен – олардың мәнер-стилистикасы мен түсіне қатысты шешімдерінен тапты. Еуропалық сәулет өнеріне тән дәстүрлі шешім ғимаратта жаңа мазмұнмен толыққан. Ақорда түпкі ой мен оның іске асырылуы жөнінен Қазақстан тәуелсіздігінің көркем бейнесін білдіреді. Қазақы және шығыстық мотивтер сарайдың сәулеткерлік жасау-жиһаздарында шеңберлер мазмұны және ою-өрнекті декор арқылы көрініс тапқан. Авторлық жобаның айрықша өзгешелігі, эксклюзивті ерекшелігі – резиденцияға көркемдік тұтастық беретін қазақ бейнелеу өнерінің бірегей жиынтығы. Метафорикалық тұрғыдан ол еуропалық мәдениет өрісіндегі далалық өркениетті, ғаламшардағы ірі құрлық – Еуразия өнерінің синтезін  көрсетеді. Сыртқы келбет пен ішкі көріністің эстетикалық жүйесінің өзі дәстүрлі еуропалық сәулеткерліктің ойланып жасалған озық үлгілерінен келіп шығады. Резиденцияда көрініске қойылған қазақстандық суретшілердің туындылары Қазақстан өзін әлемде ұлы өркениеттер мәдениетін тоғыстырушы мемлекет ретінде көрсете отырып, мақтаныш тұтатын Батыс пен Шығыс мәдениеттерінің қажетті балансын құрайды.

Объяснение:

4,5(60 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
covavector1
covavector1
05.12.2020
 
Әуелгі байлық — ден саулық,
Екінші байлық — он саулық,
Үшінші байлық — ақ жаулық.
 
Денсаулық — зор байлық.
 
Жарлының байлығы —
Дәнінің саулығы.
 
Жан ауырса тән азады,
Қайғы басса,' жан азады.
  
Айдалада атқан оқ
Ажалдыға тиеді.
 
Жеңіл барып, ауыр қайт,
Аман барып, сау қайт.
 
Бас аманда мал тәтті,
Бас ауырса, жан тәтті.
 
Аяншақ көзге шөп түскіш.
 
Күлегештің көңілі азбас,
Күтіншектің өзі азбас.
Қырықта қылау,
Сексенде шылау.
 
Ұрынарға қара таппай,
Емдетуге жара таппай...
 
Жасырғанның жарасы асқынады.
 
Өлгенге өкпе жүрмейді.
 
Сақинаны сәнге салмайды,
Тазалыққа таразы.
 
Лас адам — кіршіл,
Надан адам — діншіл.
 
Боранын бұрқыратқан қыстан,
Сай-сүйегіңді сырқыратқан
Сары уайым жаман.
 
Күлкі — ашылған гүл,
Көңіл — шашылған нұр.
 
Қотырды қаси берсең қаны шығар.
Киізді қаға берсең шаңы шығар.
 
Соқырдың қолына түспе,
Саңыраудың астына түспе.
 
Таздыңтарағы алтын,
Мергеннің садағы алтын.
 
Көбікті қарда түлкі ойнар,
Көңілді көзде күлкі ойнар.
 
Ауру жайын баққан біледі,
Аңның жайын атқан біледі.
 
Үшнәрсенің алдынал:
Аурудың алдын ал,
Жаудың алдын ал,
Қайта қозған даудың алдынал.
 
Біреуге өлім тілегенше
Өзіңе жүрім тіле.
 
Тісі ауырғанның көңілінсұрамайды.
 
Өлім деген ойран,
Өмір деген майдан.
 
Кесел батпандап кіріп,
Мысқылдап шығады.
 
Жас жігіттің жарасы,
Жол-жөнекей жазылар.
 
Алты қатын азаға келсе,
Әр қайсысы өз мұңын
Айтып жылайды
4,4(30 оценок)
Ответ:
ovlvlk
ovlvlk
05.12.2020

Ер туған жеріне, ит тойған жеріне Человека тянет туда, где он родился, собаку тянет туда, где она наелась.

Гүл өз жерiнде ғана – гүл, адам өз отанында ғана - адам Цветок лишь на своей поляне – цветок, человек лишь на родине – человек

Өзіңнің ғажайып Отаныңды ұмытпа, өз туған жеріңе ешқашан соқпай өтпе Свою Родину прекрасную никогда не забывай, места, где ты родился, никогда не обходи.

Отаныңның әр ағашы күлімдеп тұрады. На своей родине каждое дерево улыбается

Тамырсыз жусан да өспейді Без корня и полынь не растёт

Құртақандай торғай да, Өз ұясын қорғайды. Маленький воробей и тот свое гнездо оберегает

Үйде оңбаған, Түзде де оңбайды. Если не нашел счастье дома, не обретешь и на чужбине.

Отанды сүю – от басынан басталады Любовь к Родине у семейного очага зарождается.

4,4(67 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ