Әңгіме
Бал арасы.
Аралар – ұшатын,гүл шырынымен қоректенетін әрі бал деп аталатын емдік азық өндіретін тіршілік иелері.Аралардың бәрі бірдей бал арасы болмайды екен.Жай ғана гүл шырынымен қоректенетін аралар да болады.
Бал арасы өзге аралардан өзінің денесіндегі бал жинайтын қоржыншамен ерекшеленеді екен.Олар өз істеріне епті болып келеді.Мысалы,олар жүздеген шақырым жерден балға жарамды гүл шырындарын іздейді,мыңдаған гүлден шырын жинайды,соған қарамастан үйлеріне адаспай жете алады екен.
Бал арасын қолға үйретуді адамдар осыдан бес мың жыл бұрын бастаған екен.Қазіргі таңда омарта шаруашылығы деп аталатын арнайы сала бар.Ал бал – мың ауруға ем.Бал үш мың жылға дейін бұлінбейді.Балдан балауыз,неше түрлі материалдар алады.Бүгінде бал араларының саны азаюда.Сол себепті оларды біз үлкен қорғауға алуымыз керек.
Қазақ халқының ұлттық киімдері – киім үлгілері. Этникалық, экономиялық және климаттық жағдайлар ескеріліп, ежелгі дәстүрлер бойынша тігіледі. Қазақтарда ішкі, сырттық, сулық, бір киер, сәндік және кейбірінде салтанат-ғұрып киімдері болады. Бір киер киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиындарға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді киімдерді атаған. Қазақ салтында ер жігіт егеске түсерде, соғысқа барарда киімдердің ең жақсы, таңдаулысын киген. Ішкі киімдері: көйлек, желетке, кәзекей; сырт киімдерге: шапан, күпі, кеудеше, тон, шидем; сулық киімдерге: шекпен, қаптал шапан, кебенек кенеп, сырттық жатады (қазақ Киім). Киім мәуітіден, жүн және жібек матадан, киізден, аң терісінен тігіледі.