М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
summercik2009oziid6
summercik2009oziid6
06.10.2022 11:52 •  Қазақ тiлi

тапсырма Сұрақтарға жауап бер
1. Күй атасы деп кімді айтады?
2. Қандай ұлттық аспаптарды білесің?
3. Күй дегеніміз не?
4.Қазақтың қандай танымал күйлері мен күйшілерін білесіңдер?
5.Күй-қазақтың жан серігі, сырласы дегенді қалай түсінесіңдер?

👇
Ответ:
tisha199567
tisha199567
06.10.2022

1)күй атасы Құрманғазы

2)домбыра,қобыз,

3)Күй — музыкалық жанр, қазақ халқының аспаптық пьесасы. Домбыра, қобыз, сыбызғыда шығарылып, тартылып келген.

4)куйлер-балбырауын,адай,Көрұғлы

күйшілер-құрманғазы, Дәулеткерей Тәттімбет,Жантөре.

5)Иә, күй – қосыла алмай шерменде боп өткен қос жүректің өкініш пен өксікке толы үздіккен үні, қайғы-қасіретке душар болса, зары мен мұңының, азаттық пен еркіндік (тәуелсіздік, егемендік емес) үшін қан кешіп, жан беріп, жан алысқан арпалысқа толы сәттерінің ең шебер, ең бір сырлы шежірешісі болып келген.Бұрынырақта Арал-Шалқар өңірінде ауылдағы ірілі-уақты той-томалақтарда, шал-шау­қанның басы қосылып бір үйде мәслихат, мәжіліс құрып отырғанда солар ортаға ауылдың бір күйшісін алдыртып, күй тыңдайтын. Бұл аймақта екінің бірі дерлік не домбырамен ән салып, не күй тартатын. Сонда сол шалдардың ішіндегі ең бір әу деп ән салмайтыны, дың еткізіп домбыра тартпайтынының өзі (домбырада ойнайды емес) әлгі күйдің ырғағына беріліп, көзін тарс жұмып алып, анда-санда «беу, дүния-ай» деп қойып, енді бірде екпіндеткен, дауылдатқан, жауға қарсы аттандаған ереуіл күйлерге еліріп, отырған орнынан қопаңдап түрегеп кете жаздайтынын талай көргенбіз. Оның сырын енді ғана түсініп жүрміз. Сөйтсек, күй дегеніңіз қазақтың бүкіл тарихының шежіресі, жүрек лүпілінің жазбасы (кардиограммасы), жабырқаса мұңдасы, жадыраса сырласы екен ғой.

міне осы оқиғадан кейін күйдің адамның сырласы екеніне көзімізді жеткізе аламыз.

берген жауабым қажетіңе жараса куаныштымын

4,8(61 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
oihgoilk
oihgoilk
06.10.2022

Қыздың мәтіндегі іс – әрекеті: бақшаны, барлық бөлмелерді аралайды; есікті ашып жібереді; жылап келеді.  

А) Қария ұршық пен өрмекті не үшін «жақсыларға» жатқызды?

Себебі, ұршық пен өрмек арқылы еңбектеніп, армандарына қол жеткізе алады. Дүниедегі нәрсенің барлығы еңбекпен келеді. Адам өмірі еңбекпен тығыз байланыста болады. Жалпы, еңбек адамның табиғи жетістігі болып саналады.  

В) Қария қызына кітаптың маңызын не деп түсіндірді?

Дана халқымыз «Кітап - алтын қазына»  деген, себебі кітап оқысаң, білім артады. Дүниеде бұдан артық жақсы жоқ. Кітапсыз, еш білімсіз күніміз қараң болатын еді. Кітап оқу арқылы біз білімімізді шыңдап, сөздік қорымыз бен ой – өрісімізді кеңейтеміз.

4,4(73 оценок)
Ответ:
margaritazaqar
margaritazaqar
06.10.2022

Әлемнің жеті кереметі - біздің заманымызға дейін 3 ғасырда Ескендір Зұлқарнайын Кіші Азия, Орта Азия, Мысыр, Оңтүстік Үндістан территорияларын жаулап алып, ұлы империя құрғаннан кейін, саяхатшыларды қызықтыру үшін осы өңірлердегі 7 орыннан таңдаған сәулет өнері ескерткіштері.

Олар:

Мысыр пирамидалары — ежелгі Мысыр перғауындарының өзіндік үлгідегі мазарлары, біздің заманымыздан бұрын 28 ғасырда салынған.

Бабылдың аспалы бағы, біздің заманымыздан бұрын 6 ғасырда Вавилония әмірі кіші әйеліне арнап жасаткан. Бақ ерекше тәсілмен аспалы текпішекті сәкі-алаңшалар үстіне салынған.

Эфестегі Артемида ғимараты, кезінде әлемдегі ең үлкен ғибадатхана болған. Біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда соғыс алапатынан қираған.

Олимпиадағы Зевстің мүсіні, біздің заманымыздан бұрын 5 ғасырда көне грек мүсіншісі Фидий алтын мен піл сүйегінен жасаған.

Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы, біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда салынған.

Жерорта теңізінің Родос аралындағы күн кұдайы Родос алабы, биіктігі 45 м. біздің заманымыздан бұрын 285 жылы жасалған, біздің заманымыздан бұрын 224 жылы жер сілкінісі кезінде қираған.

Александрия шамшырағы біздің заманымыздан бұрын 3 ғасырда жасалған, мұнарасының биіктігі 160 м.

Бұл алғашқы "Әлемнің жеті кереметіне", "Екінші 7 керемет", "Табиғаттың өзіндегі 7 керемет", "Қиял-ғажайып 7 керемет", т.б. "кереметтер" қосылып келеді.[1][2]

4,7(90 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ