Елдос Бахтыбайұлы Сметов – Қазақстандық дзюдошы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Рио де Жанейрода өткен ХХХІ жазғы Олимпиадасының күміс жүлдегері, Әлем чемпионы,Жастар арасындағы Әлем Чемпионы, Азия Чемпионы , Халықаралық «Grand Prix» турнирінің үш дүркін жеңімпазы, Жастар арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері , Азия ойындарының жеңімпазы.Елдос Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде биология және биотехнология факультетінде оқиды. Әкесі-жеке кәсіпкер, анасы-үй шаруасымен айналысады. Елдос Сметов өзінің дзюдомен кәсіпқой дзюдошы ағасы Жандос Сметовтан үлгі алып, 5 жасынан спортқа белсене араласып келеді. 1998 жылы 6 жасында Алматыда өткізілген республикалық турнирдан өзінің алғашқы жеңісіне ие болды. Кейін Елдос Сметов Астанадағы және Алматыдағы спорт интернаттарында оқыған.Осы жылдар аралығында Елдос Сметов 2010 жылы Мороккода өткен жастар арасындағы жарыстан чемпион атанды, 2011 жылы Оңтүстік Африка Республикасында жастар арасында өткізілген жарыста қола медаль, 2011 жылы Қытайда әлемдік қола гран-при жүлдесін алды.
Объяснение:
:)
Берілген сұрақтардың жакаптары.
1. Мұражай - жәдігерлер сақталатын жер.
2. Мұражайда тарихи маңызы бар заттар қойылады.
3. Елімізідң аумағында көптеген мұражайлар бар: Оңтүстік мемлекеттік мұражайы, Әбілхан Қастеев атындағы республикалық өнер мұражайы , ҚР Археология мұражайы, Кітап мұражайы, Ықылас атындағы республикалық халық саз аспаптар мұражайы, ұлттық валюта мұражайы, Мемлекеттік алтын және асыл металдар мұражайы, Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени мұражайы, абай-Шәкәрім кешені, Д.Қонаевтің, Қ.Сәтбаевтің, Ж.Жабаевтің, С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің мемориалдық мұражайлары.
4. Қазақстан Республикасының ұлттық мұражайы Орталық Азияда ең жас және ең ірі мұражай. Мұражай Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бұйрығымен «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында құрылған болатын. Қазақстан Республикасының ұлттық мұражайы құрамында келесі залдар бар: Астана Залы, Тәуелсіздік Қазақстан Залы, Алтын Залы, Көне және орта ғасырлар тарихы залы, Тарих залы, Этнография Залы, Заманауи өнер залы.
Экономикалық— материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар.
Саяси—билікті жүргізуші әлеуметтік топтар, таптар, ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарды реттейтін, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар жиынтығы.
Мәдени—табиғат объектісіндегі адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер.
Демографиялық— белгілі бір халықтың, ұлттың, ұлыстың, этникалық топтың санын, құрамы мен құрылымын, аумаққа бөлінуін, өсу не кему динамикасын қоғамдық-тарихи жағдайлармен байланыстырып зерттейтін әлеуметтік ғылым саласы.
ӘЛЕУМЕТТІК—қоғамдағы және тұлғалар мен олардың белгілі бір тобының белгілі бір кеңістік пен уақыттағы қатынастары мен іс-әрекеттерінің жиынтығы.
Мұстафа Өзтүріктің өмірі және қызметі
Бүгінгі "тарих айдынында" сұхбатымызда әлемге әйгілі спорт шебері Қазақстанда таэквандо мектебінің негізін қалаушы Мұстафа Өзтүрікке тоқталмақпыз. Қазақ десе ішкен асын жерге қоятын, ұлтжанды, дарынды біртуар азамат Мұстафа Өзтүрік Қазақстан тәуелсіздік алмас бұрын атамекенімен байланысқа еніп, онда таэквондо спортының әлемдік деңгейге көтерілуіне барын салған еді. Сондықтан әлем таэквондо ұйымының ресми сайтында ол қазақ батыры деп сипатталған. Енді Мұстафа Өзтүріктің өмірі және қызметі туралы айтып берелік.
1954 жылы Түркияның Қайсары/Кайсери қаласына қарасты Кожажылда туылған Мұстафа жастайынан оқу мен өнерге талантты еді. Сондай-ақ дене бітімі және күші қуаты да жеке күрестік спорттарға икемді еді.
Бұл қасиеттер оған аталарынан дарыған болса керек. Мұстафаның атасы Төлебай ХІХ- ғасырдың соңы мен ХХ- ғасырдың басында Шығыс Түркістанда шешендігі, қазақ-қытай тілдеріне жеттіктігі және біліктілігімен танымал болған тұлға. Төлебайдың зайыбы болса кезінде Шығыс Түркістан қазақтары арасында атақты палуан және зор күш иесі Қайысбай палуанның қызы Жәнгүдай. Міне Мұстафадағы палуандық күші осы нағашы атасынан өткен деседі.
Ал Төлебай мен Жәнгүдайдың ұлы және Мұстафа Өзтүріктің әкесі, Түркия қазақтары арасында Кәбен атымен танымал Әбдірахман Төлебайұлы болса Түркия қазақтарының көшін бастаған жетекші, палуан және домбыраны жақсы шертетін өнерпаз. Кәбеннің зайыбы, Мұстафаның анасы Рәзие де кезінде асқан сұлу және әнші кісі болған. Мұстафадағы ән мен өнерге деген талант осындай ата-анадан келген болу керек. Мұстафа 1980 жылдарда “Жұлдыздарды тілейсің бе?” деген әнді шығарған және 1987 жылы Алтай атты фильмнің сценариін жазып, бас рөлде ойнаған. Демек Мұстафа тек спорт шебері емес, сонымен қатар талантты өнер адамы да.
Мұстафа Өзтүрік Стамбұлдағы орта мектепті бітіргеннен кейін, Тайвандағы экспериментальды университетті және сол елдегі Халықаралық қатынастар университетінің журналистика факультетін қоса бітірді. Осы елде жүріп, Корейдің көне спорт өнері таэквондоны үйренді. Ол жерде таэквондо спортынан үздік мәртебе алды, 6-шы дан дәрежесін иеленді. Сонымен қатар халықаралық жаттықтырушы мамандығын алды.