Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені. Тәжірибе жүзінде ақпаратты қорғау деп деректерді енгізу, сақтау, өңдеу және тасымалдау үшін қолданылатын ақпарат пен қорлардың тұтастығын, қол жеткізулік оңтайлығын және керек болса, жасырындылығын қолдауды түсінеді. Сонымен, ақпаратты қорғау - ақпараттың сыртқа кетуінің, оны ұрлаудың, жоғалтудың, рұқсатсыз жоюдың, өзгертудің, маңызына тимей түрлендірудің, рұқсатсыз көшірмесін жасаудың, бұғаттаудың алдын алу үшін жүргізілетін шаралар кешені. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезін қойылатын шектеулерді қанағаттандыруға бағытталған ұйымдастырушылық, программалық және техникалық әдістер мен құралдардан тұрады.
Қазақ зергерлері негізінен әйелдердің сәндік әшекей заттарын (сырға, білезік, жүзік, сақина, шолпы, алқа, қатырма, шашбау, т.б.), ұсталары – батырлардың қару-жарақтарын (айбалта, көксүңгі, алдаспан, дулыға, кісе, қорамсақ, садақ, шоқпар), шеберлері – үй іші мүліктерін (кебеже, жүк аяқ, ағаш төсек, асадал, адалбақан, зерлі аяқ), аңшылық жабдықтар (томаға, тұғыр, балдақ, оқшантай), музыка аспаптарын (асатаяқ, қобыз, домбыра, сыбызғы, дауылпаз, сазсырнай) әсем жасай білген.Қазақ әйелдерінің ең көп тұтынатын бұйымы – білезік. Ол көбінесе жұмыр, төрт қырлы және ширатпалы болып келеді.Әсіресе зергерлік бұйымдар әйел адам үшін керек.Ол әйел адамның көркіні ашады.
Менің сүйікті бағдарламам - "Наша правда". Алексей Шахматов жүргізетін бұл бағдарлама КТК арнасынан болады. Мен үзбей көріп тұруға тырысамын. "Наша правда" бағдарламасында шынайы өмірден алынған оқиғалар баяндалады. Бағдарламаға түрлі адамдар келіп, өз бастарынан өтіп жатқан мәселелермен бөліседі. Сол мәселенің шешімін табуды көздейді.Әр бағдарламада көтерілетін тақырыптар көптеген саланы қамтиды. Бағдарлама өте қызықты өтеді. Наша правданы тамашалайтын көрермендер де көп деп ойлаймын. Бағдарламаның әр санына арнайы мамандар және сарапшылар келіп пікірлерін айтады. Сондықтан, бұл бағдарламаның болашағы зор.
эссе
Ақпараттық қауіпсіздік