EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін Астанада өткізу – Қазақстанның негізгі ірі жобаларының бірі. Мұндай ауқымды шараны еліміздің астанасында ұйымдастыру туралы бастама Мемлекет басшысына тиесілі.
2011 жылғы 10 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеске ресми түрде Қазақстан Республикасының өтінімі тапсырылды. Сол сәттен бастап біздің республикамыз Астанада ЕХРО-2017 көрмесін өткізу құқығы үшін сайлау қарсаңы науқанына ресми түрде кірісті.
2012 жылғы 12 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының Бас ассамблеясының 151-ші отырысында Астананың ресми таныстырылымы болып өтті. Жиынның басында делегаттарға Қазақстан Президентінің арнайы бейнеүндеуі жолданды. Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде Астана жеңіп шыққан жағдайда, жобаның табысты жүзеге асырылуы үшін барынша күш-жігерін жұмсайтынына кепілдік берді. Біздің Астана ұсынған көрменің тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталады, ол баламалы энергия көздеріне және «жасыл» технологияға арналған.
1) Асыққан қалар ұятқа,
Сарғайған жетер мұратқа.
2)Әркім барын жейді, ұятсыз арын жейді.
3) Ұялмас бетке,
Талмас жақ береді.
4) Ұлы сөзде - ұят жоқ.
5) Ер жігітке өлімнен ұят күшті.
6)Жақсының жаты болмайды,
Жаманның ұяты болмайды.
Мағынасы :
4) Ұлы сөзде ұят жоқ деген сөз , жақсы сөзді айтудан , ол арқылы насихат беру ұят емес . Қайта ол
ұлылықтың белгісі.
3) Ұялмас бетке ,
Талмас жақ береді - деген сөз , ұятсыз адам аузына не келсе соны айта беретін адам. Оның сөзінде бір насихатта , өнегеде жоқ.
Объяснение:
Оралхан Бөкейдің өмірі, шығармашылығы, «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесімен таныстыру. Әңгімені С.Мұратбековтың «Жусан иісімен» салыстыру арқылы шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау. Кейіпкерлер бейнесіне талдау жасау. Өмір шындығын таныту.
Оқушы ойын ашық жеткізе білуге, шығармашылықпен айналысуға, талдау жасау кезінде білімін, ойын дамытуға ықпал ету, сөйлеу мәдениетін жетілдіру,дәлелді пікір айтуға баулу.
Кейіпкер тағдырына ортақтастыра отырып, қайырымдылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: ой қозғау, іздендіру, түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, салыстыру.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі
Көрнекілігі: жазушы портреті, сөзжұмбақ, нақыл сөздер.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Амандасу.
- Оқушыларды кезекші арқылы түгендеу.
- Сынып бөлмесі мен оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
«Әдебиет - тек асыл мұратпен, таза ар-намыспен кіруге болатын зәулім сарай» деген екен ұлыларымыз. Ендеше осы асқар тауға жетелейтін қасиетті әдебиет сабағын бастайық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
- Балалар, өткен сабақта қандай әңгімемен таныстық? (С.Мұратбеков «Жусан иісі»).
- Біз осы оқу жылында еліміздің түкпір-түкпірінен шыққан ақын-жазушылармен таныстық. Ауылымыздың тумасы жерлес жазушыларымызды да шолдық. Соның бірі – Сайын Мұратбеков. Жазушының «Жусан иісі» әңгімесін өткен сабақтарда қызыға оқыдыңдар. Қане, өткен сабақта өтілген шығарманың мазмұнына байланысты құрастырылған сөзжұмбақты шешіп, үйге берілген тапсырманы пысықтап өтейік.
Сұрақтары:
1. «Жусан иісі» шығармасының авторы (Мұратбеков)
2. С.Мұратбеков қай ауылда дүниеге келген? (Қоңыр)
3. «Жусан иісі» шығармасының басты кейіпкері кім? (Аян). Қосымша сұрақ: Аян қандай бала?
4. Аянға көмек көрсеткен сынықшы кім? (Асылбек). Қосымша сұрақ: Аянның Асылбек қартқа баруына қандай жағдай итермеледі?
5. Аян сауат ашқаннан кейін соғыстағы ағасына не жіберді? (Хат). Аянның ағасы соғыстан оралды ма?
6. Аянның ұстазы (Иманжанов)
7. Оқиға қай жерде болған? (Жусандытөбе)
8. Аян кіммен төбелесті? (Есікбай)
9. Аян Асылбек қартқа аяғын салдырғанда қандай қасиет көрсетті? (Төзім). Қосымша сұрақ: Аянның төзімділігін тағы қандай іс-әрекеттерінен байқауға болады?
10. Аян ертегіні қай уақыттарда айтушы еді? (Кешкі)
11. Аян халық ауыз әдебиетінің қай түрін шебер айтушы еді? (Ертегі). Неліктен Аянның ертегілері үнемі «Баяғыда бір жетім бала болыпты...» деп басталады?
12. Аян әжесінен айырылған соң, кімді паналады? «Жусан иісі» әңгімесі немен аяқталды?