М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
zcneltyn
zcneltyn
26.10.2022 13:52 •  Қазақ тiлi

Ежелгі Қытай жазуының ерекшеліктері мен құралдарын сипаттаңдар

👇
Ответ:
Keks5478568
Keks5478568
26.10.2022

Қытай жазуы (жеңіл. қытайша: 汉字; дәст. қытайша: 漢字; пинйін: Hànzì) — тарихи деректер бойынша, қытай жазуының алғашқы таңбалары б.з.б. 14 ғ. Шаң патшалығы заманында пайда болған.

Қытай жазуы - әлемдегі тарихы аса ұзақ жазулардың бірі. Ол қытай қоғамының дамуынан бастап, қытай тілінің өркендеуінде көрнекті рөл атқарып келгені тарихтан белгілі. Қытай халқы өзінің ұзақ тарихы барысында рухани құндылықтардың аса мол түрлерін өмірге әкелгені ақиқат. Олар осы бай құндылықтарды өз жазуларының көмегімен бүгінге жеткізіп отыр. Демек қытай жазуы бүгінде қытай халқының ғана емес әлем халықтарының да баға жетпес қазынасына айналып отыр. Қытай жазуын бұрын соңды тек қытайлар ғана емес, маңайындағы туыстар мен көршілер Корея, Вьетнам, Жапония секілді елдер де қолданылған. Бұл тұрғыдан келгенде қытай жазуы ел мен елдің арасындағы мәдени алмастыруды тереңдетті. Қытай жазуы иероглифтік жазудың бүгінгі күндегі ең дамығаны болып есептелінеді. Бір иероглиф белгілі мағынаны білдіріп, бір фонетикалық заңдылықтар бойынша бір фонема болып есептеледі. Сондай ақ қытай иероглифтері жеке дыбысты немесе фонеманы білдіре алмайтындықтан тілдегі бүкіл сөздік қорға жеке-жеке таңба жасап шығуға тура келгені мәлім. Осылайша қытай тілі сөздерінің мағынасы бейнелейтін таңбалар неше мыңдаған түрден асып жығылады. Мысалы, қазіргі кей бір сөздіктерде 50 мыңнан астам иероглиф қамтылып отырғаны айтпасақ та түсінікті.

Қытай көп ұлтты мемлекет hanzu ұлтынан басқа 55 аз санды ұлттар бар. Әр бір ұлттың яғни көпшілігінің өз тілдері бар. Тұрғындардың басым көпшілігі қытай тілін қолданғандықтан қытай тілі мемлекеттегі, әр бір ұлттың арасындағы қарым-қатынас тіліне айналды.

Қытай жазуы - адамдардың заттар мен құбылыстарға ұқсата еліктеуі нәтижесінде, дүниелік құбылыстарды сызбамен бейнелеп, түсіну мақсатына жетті. Олар алғашқы жазуды сүйектерге ойып жазды, сондықтан зерттеушілер осы әдепкі жазуларды сауыт-сүйек жазуы деп атады. Қытайдың негізгі ресми тілі – қытай тілі. Қатай тілі Қытай – Тибет тобына жатады. Қытай тілінің басты ерекшеліктері: 1. Қытай тілінде 4 үн бар, мағына үн (тон) арқылы анықталады; 2. әр бір иероглиф бір буын болып есептеледі. 3. жалаң буынды сөздер жиі кездеседі, күрделі сөздер көп түбірден құралады, бірақ морфологиялық түрлену болмайды. 4. Сөздердің орын тәртібі мен шылаулар қолданысы негізіне грамматикалық мағына айқындалады. Қытай тілінің диалектілері мұнан 2500 жыл бұрын байқалса, қазір ұсақ диалектілер көп болғанымен, негізінен, үлкен жеті топқа бөлінеді. Олар, Солтүстік, У, Шияң, Гань, Кыжия, Юэ және Минь. Қытайдың әдеби тілі Солтүстік диалектика негізінде қалыптасқан. Қытай тілінде Қазақстан тарихы туралы деректемелер көптеп кездеседі (9).

Тек қытай жазуын пайдаланатын аумақтар, жасылмен; басқа жазуымен бірге, қою жасылмен; тарихи ең көп таралған, сұйық жасылмен. (Екінші Дүниежүзлік соғыс кезіндегі Жапонияның басқыншылығына ұшыраған жерлер көрсетілмеген)

Қазіргі қолданылып отырған қытай жазуы көптеген өзгерістер арқылы барынша қарапайымдасып, барынша ұғынықты болды.

Объяснение:

4,6(30 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
asyamilos
asyamilos
26.10.2022

Тіл- мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Тіл қай елде, ұлтта болсын қастерлі, қасиетті, құдыретті.

Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып саналады. Қазақ тілі - әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, келбетті тілдердің бірі. Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі. Амал не, туған тілімізді шұбарлап, аралас сөйлейтіндерді жиі кездестіреміз. Басқа халықты айтпағанда, өз ішіміздегі шала қазақтарды таза қазақ қылатын кез болды. Бүгінде де кейбіреулердің қазақ тілін білмеуі, білсе де сөйлемеуі - қазақ тілін жақсартып, биік белестерге көтермеуіміздің қатерлі дерті болып табылады. Туған тілден безінген азаматтарды көргенде Паустовскийдің «Туған тіліне жаны ашымаған адам жәндік» -деп ашына айтқаны ойға оралады. Елінің болашағын ойлаған әр азамат ана тілінің болашағын да қолынан келген көмегін аямауы тиіс. Өкінішке орай, соңғы кезде көптеген қазақ жастары өз ана тілін бұрмалап сөйлеуді әдетке айналдырған. Ата-ананы қадірлеу қалай керек болса, өз ана тілімізді қадірлеуді, қастерлеуді, аялауды қолға алайық. Төл тілінде сөйлеуден безу - ана сүтін беріп өсірген анаңды ұмытумен бірдей.

Тіл - тәуелсіздіктің айғағы. Тіл мен егемендік егіз ұғым. Тілсіз- тәуелсіздік, егемендіксіз- тіл болмақ емес. Тіл - тәуелсіздіктің қуатты тірегі, бірлік пен ынтымақтың жығылмас туы. Қазақ елі тәуелсіз мемлекет болып орнағалы ширек ғасырға таяу уақыт болды. Мемлекеттік тілі - қазақ тілі деп жарияланды. Бұл тұста Елбасымыз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақтың болашағы - қазақ тілінде», - деп алдымызға айқын жол ашып берді. Бізге тек осы ұстанымды жүзеге асыруға бар күш-жігерді аямай, еңбек ету ғана қалды. Тәуелсіз Қазақстанның болашағы - біз, яғни, қазақ жастары. Демек, біздің міндетіміз - қазақ тілінің мәртебесін асыру болмақ.

4,8(13 оценок)
Ответ:
mik42
mik42
26.10.2022

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17-желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып табылады. Жыл сайын республика азаматтарының арасында мәдениет қайраткерлері, әлеуметтік саладағы ерекше қызметімен көзге түскен мамандар, әскери шенділер мен офицерлер, құқық қорғау саласының қызметкерлері және ел өміріндегі белсенді өзге де сала өкілдері елеулі еңбек еткендері үшін мемлекеттік марапаттармен (наградалар) марапатталады. 16-желтоқсан күні Қазақстанның барлық жерлерінде мерекелік мәдени ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады. Кешке қарай үлкен орталықтардың аспаны отшашумен көмкеріледі. Тәуелсіздік тек Қазақстан тұрғындары үшін емес, сонымен бірге, шетелдердегі қазақ халқының өкілдері үшін де маңызы зор мереке.

4,5(66 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ