М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Марина3611
Марина3611
26.07.2022 18:07 •  Қазақ тiлi

5 қатыстық и 5 сапалық сын есімдерге сөйлем құраукерек очень нужно

👇
Ответ:
ГГЧОЧОЧ
ГГЧОЧОЧ
26.07.2022

Қатыстық сын есімге:

Өнерлі жігіт өрге жүзер.

Аяулы алақанымда өсірдім.

Орманды алқапта қыдырдық.

Жақсы сөз-жарым ырыс.

Ашық тұрған есікті жаптым.

Сапалық сын есімге:

Алманың түсі қызылдау болды

Сұр қоян орманды кезіп келе жатты

Жасыл шөп алқапты жая тұрғандай

Бүгін мен доп-домалақ бауырсақ пісірдім

Егер түзу отырмасаң,омыртқаң қисық болады

Объяснение:

Мұндағы сын есімдер:

1)Өнерлі,аяулы,орманды,жақсы,ашық

2)Қызылдау,сұр,жасыл,доп-домалақ,қисық

Поставь отметку лайк,если было полезно❤

4,4(75 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Alina182004
Alina182004
26.07.2022

Қазақ баласының қиял әлемі.

 Қиялдамайтын, арманға ерік бермейтін адам жоқ шығар. Қиял арқылы көптеген таңғажайып туындылар дүниеге келді. Адамдар қиялдау арқылы өзгелерден ерекшеленді. Тіпті қиял мен еңбегінің арқасында мақсаттарына жетеді ғой.

  Қазақ халқы ауыз әдебиеті мұраларына өте бай. Соның ішінде қиял-ғажайып ертегі, аңыздар, жырлардың орны ерекше. Олар арқылы ата-бабамыздың ой жүйріктігін, қиялына куә боламыз. Мысалы, тау көтерген Толағай, үлкен көлді бір өзі тауысып іше алатын Көлтауысар, жүгірісі көз ілестірмес Желаяқ, Мерген, отқа салса жанбайтын, суға салса батпайтын, қылыш өтпейтін, жылдап емес, күн сайын өсетін батырлар бейнесі, олардың тұлпарларына тіл бітуі, тіпті үңгір алдында жатқан айдаһарды ептілігімен, өнерлігімен жеңіп шығуы - бәрі де халқымыздың қиял-ғажайып әлемі. Осыған қарап қазақ балалары сондай жауды бір өзі жеңіп шығатын, елін аман қалатын батыр болуды қиялдайды деп ойлаймын.

4,5(98 оценок)
Ответ:
bvoznyk69
bvoznyk69
26.07.2022

«Қазақ солдаты» романы майдан шындығы туралы көрініс тапқан патриоттық тақырыптағы туынды. Бұл шығарма бүкіл қазақ әдебиетінің проза саласында екінші дүниежүзілік соғыс тақырыбына арналған тұңғыш туынды және жазушы Ғабит Мүсіреповтің тұңғыш романы. Шығарма қазақ әдебиетіндегі соғыс тақырыбында жазылған таңдаулы шығармалардың санатынан лайықты орнын алған аса елеулі еңбек болды. Соғыс кезіндегі халықтың басқыншыларға қарсы патриоттық сезімі мен күресін шынайы бейнелеген романда жазушы өзіндік шығармашылық өрнекпен отты жылдардың көркем шежіресін жасады. Нақтылы кейіпкерлердің жинақталған бейнесі арқылы бүкіл халықтың, елдің ерлік бітімін көрсетті. Сонымен қатар романда тұңғыш рет әр түрлі ұлттағы Халықтардың бауырмалдық достығын көрсетілді. Жауынгерлердің өшпес ерлігі, еліне, жеріне деген патриоттық сезімі сипатталды. Романның бірінші бөлімінде Қайрош Кеңестік тәрбие көрген азамат, оның жастық шағы, өсіп, ер жетуінде өмірде жолын тауып, оқу іздеп қалаға қашуы айқын бейнеленеді. Соғыс кезіндегі жауынгерлердің өмір шындығы ғана емес, сонымен қатар қарапайым халықтың тұрмыс-тіршілігінен көрініс береді.

Қайрош – романның басты кейіпкері. Ол - Кеңес Одағының батыры Қайырғали Смағұлов болып табылатын Қайрош Сарталиев. Ол 1941 – 45 жылдардағы соғысқа бастан-аяқ қатысып, Кеңес Одағының батыры атағына ие болған адам. Романда өзінің батырлығымен, ержүректілігімен, қайтпас қайсар мінезімен ерекшеленеді. Ол тек шыншылдықты, әділдік пен адалдықты қалайтын жауынгерлердің бірі. Ол туған жері есіне түскен сайын қанаттанып, көкке жүзгендей болады. Алайда соғыс оның өмірінде үлкен із қалдырады. Содан бері ол Қайрош Сарталиев алған бетінен қайтпайтын, бірбеткей жан болып қалады.

Шеген – дене бітімі сымбатты келген Қайроштың алғаш қалаға келгендегі достарының бірі.

Бораш - өнерге жаны жақын, әсемдік атаулыға құштарлығы жоғары Қайроштың достарының бірі.

Володя Толстов, Самед Абдуллаев, Зонин, Гришин - Кеңес елінің ұлт өкілдерінен құралған армия жауынгерлері.

Самед Абдоллаев – әзілқой жауынгер.

Семен Зонин - алып тұлғасымен ерекшеленетін жауынгерлердің бірі.

Объяснение:

4,5(41 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ