Біздің ата-бабамыз түрлі қанқұйлы соғысты басынан өткерді. Олардың ең соңғысы – Ұлы Отан соғысы болды. Олардың соғысқа қатысқандағы мақсаты – ұрпақтарының, яғни, біздердің жақсы өмір сүруімізді, бейбітшілікте өмір сүруімізді қалады. Осылайша, аттың жалында, түйенің қомында жүріп, біздерге бейбіт өмірді орнатып берді.
Уақыт өткен сайын аталарымыз сыйлаған Жеңістің маңызы артып келеді. Олар көрсеткен ерліктері бүгінгі ұрпаққа өнеге. Отансүйгіштік қасиет әркезде де қастерлеуге тұратын қасиеттердің бірі. Осы ұғым біздің үлкен құндылығымыз болуы керек деп ойлаймын. Тек майданда ғана емес, тылда жұмыс істегендердің де еңбегін жоғары ілтипатқа лайық. Себебі олар соғыс кезінде майдан шебіндегі солдаттармен бірдей қиыншылық көрді, бірдей азап шекті. Ашаршылық пен ауыртпалықты бастан кешкен олар да Жеңісті жақындатуға көп үлес қосты. Таңның атысынан күннің батысына дейін тізе бүкпей жұмыс істеген сол бір қайратты да қайсар жандарға да бүгінгі ұрпақтың ризашылығы шексіз болса керек.Үлкен қауіп пен қатер, қайғы мен қасірет төнген сол бір ауыр уақытта біздің халқымыз сыннан сүрінбей өтті. Оттан да ыстық Отан үшін от кешкен майдангерлер өшпес ерлік көрсетті. Бұл тарихқа алтын әріптермен жазылды.
Тілім өшсе менде бірге өшемін, тілім өссе менде бірге өсемін» деп Әбділдә Тәжібаев атамыз айтқандай, тіл – біздің байлығымыз, қазынамыз. Халық тілімен бай, дінімен бай. Қазақстан мемлекеті өз тәуелсіздігін алып, егеменді ел болғалы қазақ тілінің мәртебесі көтерілді. Әрине қуанамыз. Бірақ, мемлекетімізде тұратын қазақтар саны еліміздің 60 пайызын құраса да әлі таза қазақша сөйлей алмай келеді. Шынымен, бұл менің жүрегімді ауыртады, алаңдатады. Қазақ тілін оқытуда көп жоспарлар қолға алынып, жүзеге асып жатыр. Мемлекеттік тілді меңгерту жолында қаншама ғалымдар мен ұстаздар маңдай терін төгіп, тілді меңгертудің сан қырлы әдістемелері мен озық технологияларын жасап жатыр. Осыған қарамастан тілді меңгерту баяу жүзеге асып жатқандай ма, қалай?
«Оқу инемен құдық қазғандай» деп тілді меңгерту ұстаздан тамшыдан көл жасағандай үздіксіз ізденісті, үлкен қайратпен жұмыс жасауды талап етеді. Сол үшін еңбек етіп жатырмыз да. Бірақ, менің ойымша, тілді үйрену, мемлекеттік тілде таза сөйлеу әр адамның жеке басына байланысты. Әр адамның Отанға, еліне, жеріне деген патриоттық сезімі болып, мемлекеттік тілге деген мәртебесі болса ғана қазақ тілін үйреніп, меңгере алады деп ойлаймын.