Адамның өз-өзіне, өзгелерге сенім білдіруі оның өмірге деген үміті мен қызығушылығын арттырады. Өзіне–өзі сену адамның өз құндылығын түсініп, мақсат-мүддесіне жетуіне көмектеседі.
Айналадағы адамдардың сенім білдіруі адамның жауапкершілігін арттырып, өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға ықпал етеді.
Сенімді болу – ол жауапты және орындай білу дегенді білдіреді. Ол бастаған істі аяғына дейін орындау. Сенімді адамға қашанда ден қоюға болады. Сенімді болу – ол сөзіне берік болу, тосқауыл мен ескертусіз өзіне уәде еткенді жасау. Сенімді кісі жанымызда болғанда біз өзімізді еркіндікте, барлығы ойдағыдай болатынына сенімді боламыз. Сенімді кісі уәде берсе, соны істейді және дәл уақытында орындайды.
«…Егер өмірде өзіңе-өзің сенімді болғың келсе, қиындықпен бетпе-бет кездесуден қорықпа. Үнемі өмір сынақтарынан жасқанып, қашқақтай берсең, кезең-кезең қиындықтар туындай береді, өзіңмен–өзің әлектене бересің.
Қиындықты жеңе білген кезде ғана өзіңе өзің сенімді боласың, өз құныңды білесің. Егер ұмтылыс пен табандылық жеткілікті болса, адам қандай кедергіні де жеңуге қабілетті болады. Осының өзі саған өзіңе деген сенімділік әкелуі керек.
Сондықтан жеңіл жол іздеме, қиындықпен күресе біл»
Әңгіме.
Бесікке салу рәсімі.
Қазақ халқы ежелден-ақ көненің көзі салт-дәстүрлерін дәріптеп келді.Бірі жылдар өткен сайын ұмыт болса,бірі ескірсе де жаңарып,жаңа маңызға ие болып, заманға сай өзгертіліп орындалып жүр.Сондай заман өзгеріп жатса да қалмай келе жатырған салт-дәстүрлердің бірі әрі бірегейі – баланы бесікке салу рәсімі.
Бесікке салу — нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі. Бесікке саларға шақырылған ауыл-үйдің әйелдері шашуын, жол-жоралғысын ала келеді. Баланы алғашқы бөлеу үлгілі ұрпақ өсірген қадірменді әйелге тапсырылады. Ол өзінен басқа тағы бір-екі келіншектің көмегімен бесікті жабдықтайды, сәбидің әжесі не шешесі түбектің тесігінен балаларға тәтті үлестіреді. Осыдан кейін бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бесікке салған әйелдерге көйлек, жаулық сияқты сый тартылады. Үлкендер батасын беріп, баланың ер жетуіне, ананың үбірлі-шүбірлі болуына тілектестік білдіреді.Соңынан бесік жыры орындалады.
Осылайша бесікке салу рәсімі күннен-күнге жаңғырып,бесіктің неше түрі,баланы шомылдыратын құралдардың әдемілігі күн сайын артуда.Әлбетте, салт-дәстүрлеріміздің ұмытылмай,болашақта да орындалуына сенім мол.
Біреу мені - келеді жылатқысы,
Біреу мені - келеді құлатқысы.
Ал біреулер бәйек боп мына мені -
Келеді де тұрады қуантқысы.
Біреу мені - үнемі көре алмайды,
Біреу мені - күнігі жамандайды.
Ал біреулер ұдайы қамқор болып,
Бар жоғымды уайымдап алаңдайды.
Біреу мені - келмейді түсінгісі,
Біреу мені - келеді түсіргісі.
Ал біреулер дұға етіп мына менің
Оңға бассын дейді ылғи ісі.
Жүрейікші тату-тәтті пендедей-ақ,
Бірімізді-біріміз күндемей-ақ.
Ешбірінің түрі жоқ оңып тұрған
Сондықтан қойайықшы үндемей-ақ.