М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
ГораСлез
ГораСлез
03.12.2021 04:35 •  Қазақ тiлi

1-тапсырма. Мәтінді оқы (прочитать текст) Меруерт Өтекешева мен Құман Тастанбеков дегенде көзімізге алдымен Жібек пен Төлегеннің бейнесі елестейді. Олар қос ғашықтың бейнесін «Қыз Жібек» фильмінде ойнап қана қойған жоқ, өмірде де бір отбасына айналды. «Қыз Жібек» — тек мәңгілік махаббатты емес, қазақтың салт-дәстүрін, шежіресін, әдет-ғұрпын кеңінен қамтыған фильм. Тіпті халықтың сүйіспеншілігінен әлі де танған жоқ. «Қыз Жібек» лиро-эпостық жыры ойдан шығарылмаған, шынайы өмірде болғандығымен де қызық шығар. Бұл махаббат оқиғасы осыдан шамамен 500 жыл бұрын Ақтөбе облысының аумағында болғаны туралы нақты тарихи деректер бар», — дейді Меруерт Өтекешева.

2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап жаз (письменно ответить на вопросы по содержанию текста)

Меруерт Өтекешева мен Құман Тастанбеков дегенде көзімізге кімнің бейнесі елестейді?
Кімдер өмірде де бір отбасына айналды?
«Қыз Жібек» нені кеңінен қамтыған фильм?
Кімнің сүйіспеншілігінен әлі де танған жоқ?
«Қыз Жібек» оқиғасы неше жыл бұрын болған?
Бұл махаббат оқиғасы қай жердің аумағында болғаны туралы нақты тарихи деректер бар?

кто будет писать всякую фигню буду кидать жалобу​

👇
Ответ:
Nika5332
Nika5332
03.12.2021

1. жібек пен төлегеннің бейнесі

2. Қыз жібек пен төлегенді ойнаған актерлар

3. қазақтың салт дәстүрін, әдет ғұрпын

4.халықтың

5.500 ж

6. ақтөбе

4,8(32 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Апётр
Апётр
03.12.2021

«Менің досым» тақырыбына диалог құрастыру.

Еркебұлан: Аға, «достық деген не?» сұрағына жауап беруге көмектесіңізші? Мектепте шығарма жазуды тапсырып еді...

Аспандияр: Достық дегеніміз - адамды ерекше қанаттандыра білетін, қуанышты үдетіп, кайғыны азайтатын қарым-қатынас түрі. Өмірде адал дос табу, достық қарым-қатынастарды сақтай білу өте маңызды.

Еркебұлан: Неліктен дос - адам жанының айнасы тәрізді деп айтады?

Аспандияр: Себебі адам өзі қандай болса, дәл сондай жанына жақын жанды іздейді. Ойы, арман-тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылығы бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді.

Еркебұлан: Сіздің ең жақын досыңыздың есімі кім және қанша уақыттан бері жолдас болып жүрсіздер?

Аспандияр: Менің ең жақын жолдасымның есімі – Данияр, екеуміз балабақшадан бері, міне он төрт жылдан астам уақыт дос болып келеміз.

Еркебұлан: Қандай керемет! Ал сіздің досыңыз қандай адам?

Аспандияр: Данияр екеуміз осы уақытқа дейін еш ренжісіп көрмеппіз, себебі менің құрбымның мінезі сабырлы, байсалды, бәрін ақылмен шешуге тырысады, ашуға жол бермейді. Бірақ бір ренжіген соң қатты ренжиді. Үйінде бауырларына қамқор, ата - анасына көмекші. Өмірде осындай, Данияр сияқты досым бар мен бақыттымын. Өмірде дос таңдаудан жаңылмадым деп есептеймін.

Еркебұлан: Аға, менің де сіздей адал досым болса екен!

4,7(48 оценок)
Ответ:
поорд
поорд
03.12.2021

Отан отбасынан басталады.

Қазақ халқында «Отан отбасынан басталады» деген терең мағыналы сөз бар. Шындап келгенде, әрбір отбасы қоғамның бір бөлшегі, шағын Отан. Отбасы – әрқайсымыз үшін сүйіспеншілік, сыйластық, жарастық, татулық орнаған қасиетті мекен. Осы кішігірім «Отанымызда» бойымызға дарыған тәлім – тәрбие, елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілік, ар – намыс қағидалары өмір бойы бізді жетелеп жүреді. Себебі, отбасының бала тәрбиесінде алар орны ерекше, баланың қалыптасуы отбасынан бастау алады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ата мен ананың тәрбиесі қатар жүрген жерде жақсы азамат қалыптасатыны сөзсіз. Осы ретте ойыма «Ұлдың ұяты әкеде, қыздың ұяты шешеде» деген мақал түсіп отыр, яғни халқымыз ұл баланың да, қыз баланың та отбасынан бастау алатын тәлім – тәрбиесіне аса мән берген.

Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – адам ғұмырының тірегі ғана емес,  қоғамның да басты негізі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай.

Не болса да Отанның бір бөлшегі – отбасыңа ештеңе де жетпейді! Өйткені отбасы – табиғаттың әр адамға сыйлаған керемет бір сыйы! Соны мәңгі есте сақтап, ұмытпаған жөн!

4,4(90 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ