Қазақстанның болашағы қазақ тілінде. Нарық-ғасыр бәрін сатып жібере ме алтынға, Кім қалады сол алтынға сатылмайтын қалпында? Жалғандық бар ұлтсыздардың беделі мен даңқында, Ана тілін сыйламаған сыйламайды халқын да. Мұхтар Шаханов Қазақстан - өз ұлты, халқы, діні, тілі, мәдениеті, тарихы, салт-дәстүрі бар іргелі ел. Қазаққа тән ата-бабаларымыздан қалған ар-намыс, жігер-қайрат, қайтпас қанат, мұра ретінде келешек ұрпаққа дейін жеткен. Қазақ халқы -ертеден өз дәстүрін, өз мәдениетін, өз тілін, өз ұрпағын қадірлеп, қастерлеп келеді. Көненің көзі болған, елдің ұйытқысы болып, қаймақтай ұйыған,туған тілді қадір тұтқан, ағаларымыздың қазақ әдебиетінде орны бөлек, әрі зор. Ал ұлт қазынасы болған, халық санасыздығын жойған, білімдіні шыңға шығарып, «Қазақ» деген сөзді қанға құйған ол әрине- тіл. Ұлт тілі, қазақ тілі, халық тілі! Ел басына күн туғанда даналығымен, батырлығымен, парасаттылығымен ел мұңын, халық сырын, тарих үнін түсіне білген, халықтың басын қосқан, халық мүддесі жолында, табандылығында, тапқырлығын да таныта білген хан Абылай Қазақ халқының үнін тасытты, мәртебесін көтерді, Қазақ елін аса іргелі елге айналдырды. Батырларын, елін сүйген ерлерін, ақын-жырау өнерпаздарын достық –бірлікте ұстап, оларды жүзге бөліп жармады.Жауын өткір тілмен торғайдай тоздырып, тарыдай шашып, ірімшіктей іріткен, қайсар рухпен -қоңқылдаған Қоқанмен де, қалың қара Қытаймен де, ормандай орыспен де тіл табысқан бабамыздың даналығының арқасында, осы біз өмір сүріп отырған аяулы Отан- Қазақстан жері сол бабалардың сақтап қалған, бізге қалдырған асыл мұрасы. Тіл-әрбір ұлттың мақтанышы, жан дүниесінің айнасы.Ол қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Міне сондықтанда ұлттың болашағы - оның ана тілі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып-«Мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» (Массагет порталы) деген болатын. Ана тілі – тағдырдың басымызға жазған тылсым күші. Ол- ең ұлы , тамаша тіл. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Осыдан кейін өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз, өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Бірақ елдің бүгінгі күні бұрынғы КСРО қоғамыменде байланысты. Кешегі орыстандыру саясаты, бүгінгі тіл өркениетінің өспеуіне кері әсерін тигізуде.Сондықтанда бұл -қазіргі, көкейкесті мәселенің бірі. Шындығын айтсақ, тәтті өтірікті айтқанша, ащы шындықты айтқан дұрыс болар. Себебі елдің ертеңгі тұтқасы бүгінгі жастар. Қарапайым ғана мысал алсақ, мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің қазақ тілінде еркін сөйлей білуі міндет болып табылады.Бірақ қазіргі күні екінің бірі , мемлекеттік қызметте бола тұра оны білмеуі. Кейбір дүкендер, жұмыс бөлімдерінің тақтайшаларындағы сөздер, сонымен қатар ресми құжаттарда ( логикалық тұрғыдан алып қарасақта) қарапайым «Қазақстан» деген сөздің теріс жазылуы. Бұл үлкен қателік. Қазақ тілін біле тұра өзге тілде сөйлеу ол бүгінгіге сән, кешегіге ұят нәрсе болған. Тарихқа үңіле отырып: «Кеше кім едік, бүгін кімбіз, ертең кім боламыз?» - деп ойлансақ бұл - туған елінің, халқының өткені мен келешегіне көз жіберген әрбір азаматтың жүрек түкпіріндегі сөзі. Ал осыған қарап жас ұрпақтың бойына , ойына түзері көп.Солай дей тұра қазіргі күні қазақ тілінің қоғамдағы рөлін арттыруға үлкен жұмыс жасалынуда. Соның бір кепілі ғаламтор жүйесіндегі «Әдебиет порталы», қазақ тілінде «Сұрақ-жауап» сайттарының пайда болуы. Бұл ана тіліміздің кішкентай болсын бүршік жарғанының белгісі. Кез келген мемлекет өз шекарасы шеңберінде көп этносты мәдениеттің әр текті сипатына қарамай, өзінің ұлттық мәдениетін қалыптастыратыны сөзсіз. Ал ұлттық мәдениеттің өзегі — ұлттық тіл, ол халқымыздың тәуелсіздігінің тұғыры! «Тірі қалсам... Қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» -деп әдебиеттің де, тарихтың да белгілі тұлғасы әрі сыншысы Әлихан Бөкейханов айтып кеткен еді. Биыл тіл жанашырының 150 жылдық мерейтойы. Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен тұспа-тұс келген бұл тіл жанашырының мерекесі себептен себепсіз болуы мүмкін емес.Біз жалпы ұлттық идеямыз - Мәңгілік Елді,Мәңгілік тілді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел, Мәңгілік тіл - елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі - Мәңгілік Ел, Мәңгілік тіл! Ол - барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы. Қазақстанның болашағы қазақ тілінде! Тіл тағдыры - ел тағдыры екенін еш уақытта ұмытпайық!
Жырауларды халык, қадір тұтқан. Ел толқыған кезде, бүліншілік шыққанда немесе ел шетіне жау келғен кездерде ақыл, кеңес сұрайтын болған. Мұндай кезде жырау жұртшылықты абыржымауға шақырып, оларға күш-қуат беріп (дем беріп), істің немен тынатыны жайлы болжамдар айтып отырған. Жыраулар поэзиясы ХV-ХVII ғасырлар аралығын қамтиды. Жырау деген атау "жыр" сөзінен шыққан. Жыршы деп көптеген эпостық жырларды жатқа білетін, дайын репертуары бар айтқыштарды таныған. Жыраулар өз шығармаларын ақыл-нақыл, өсиет түрінде айтқан. Олардың толғауларының негізгі тақырыптары - туған жерді, елді сүю, Отанды қорғау, елді бірлікке шақыру, адамгершілік қасиетті насихаттау. Жыраулар поэзиясының біраз үлгілері осы тарауда ұсынылып отыр. Соларды оқып-үйрену барысында халқымыздың атадан мирас болып қалған сөз маржандарына қанығасыңдар, халқымыздың басынан кешірген тарихи кезеңдермен таныс боласыңдар, оның қадір-қасиетін білесіңдер, тәлімдік, танымдық, тағылымдық терең ой дүниесіне енесіңдер. Әдебиет тарихы ел тарихы, халық тарихы екеніне көз жеткізесіңдер. Жыраулар поэзиясының маңызы мен тақырыбы.Жыраулар поэзиясының құндылығы неде? "Бұл дәуірдегі әлеумет тіршілігінің, –дейді М.Әуезов, –ең шешуші мәселесін әдебиет жүзіне түсіріп, алғашқы рет қалың ел қамын ойлап, күңіренген қария –Асан. Бұл заман сыншысы сөйлесе, шешілмеген жұмбақ, түйіні шатасқан сөздерді ғана сөйлейді, өзі туған заманның белгілерін қарап, келешек заман не айтарын болжайды: сөзінің бәрі терең ой, терең мағынамен сөйленеді. Айтпақ жайларын ашып, ұғымды қылып айтып бермейді. Әдейі көмескілеу жұмбақ қып айтады. Жыраудың сөзі мақсатсыз айтылмайды. Не айтса да көптің мұңы, көптің жайы туралы, не көпке арналып ақыл, өсиет есебінде айтылады". Ғалымның осы ғұламалық пікірінде жыраулар поэзиясының идеялық-көркемдік мәні терең ашылған. Халқымыздыңосы зергерлік сөз тұнығына әрі ақын, әрі ғұлама Шәкәрім де ден қойған. Ол "Ескі ақындық" деген өлеңінде халық мұрасын, ауыз әдебиетін, жыраулар поэзиясын аса жоғары бағалаған: Олардың жырында "қыран құстың ұшқаны", "ақбөкеннің жүрісі", "жайдақ желдің желісі", "мөлдір қудың аққаны", "жел жетпейтін құландар жүйріктігі", "адам жанының жайма шуақ кезеңі" –бар-баршасы, көшпелі қазақ өмірінің бүкіл әлеуметтік, рухани тіршілігі бейнеленген деп керемет ой түйген. Жыраулар поэзиясын айтулы сөз зергері Мағжан Жұмабаев та "Батыр Баян" поэмасында.Демек, жыраулар поэзиясы –халқымыздың неше ғасырлық өмірін өнер өрнегіне, ақыл сөзіне бейнелеп түсірген, өшпес, өлмес мұрамыз.Жыраулар поэзиясы халықтың басынан өткерген тарихи оқиғаларды, оның арман-мұратын, кешірген ауыртпалықтарынжырлаумен ғана бағалы емес, елдің саяси-әлеуметтік тіршілігін, ойсанасын, дүниетанымын көркем бейнелі тілмен бере білуімен де бағалы. Жыраулар поэзиясы соны философиялық терең ойға толы. Олардың поэзиясы өсиетнама түрінде келеді. Сондықтан да жыраулар поэзиясында нақыл, афористік сөз оралымдары мол.Олар сол еліне жалынды жырларын арнаған, халқын сол елі үшін қызмет етуге үндеген, керек болса, жанын пида етуге шақырған. Халқы үшін қан майданда шайқасқа түсіп, елін, жерін сыртқы жаудан қорғаган әйгілі халық батырларының ерліктерін жырлаған. Мысалы, Тәтіқара ақын: Жыраулар өмір жайлы, достық жайлы, адамгершілік, ерлік жайлы, тіршілік жайлы жыр шерткен. Олар өмір диалектикасына да терең көз жіберген, дүниенің бірқалыпта тұрмайтынын ("мынау жалған дүние кімдерден кейін қалмаған"– Шалкиіз), үнемі өзгерісте болатынын дұрыс пайымдаған. Жыраулар поэзиясында адамгершілік этика, мораль мәселелері кең орын алған. Оларда бүгінгі жастар ғибрат, тағлым алар дүниелер молшылық. Жыраулар поэзиясы өзінің әлеуметтік, адамгершілік сарынымен ғана емес, көркемдік сапасымен де құнды. Жыраулар поэзиясында синтаксистік параллелизмге, дыбыс үндесулеріне, ішкі ұйқасқа құрылған өрнектер де аз емес. Арнау түріндегі сөз қолданыстар да баршылық. Жыраулар өз поэзиясында терең философиялық ойды бейнелеу үшін өлеңдерінің ұйқас, ырғақтарын сол мақсатқа орай алған. Оған бірнеше мысал келтірейік:Жырау "ж" дыбысын тамаша сөйлете білген. Дауысты дыбыстарды да шебер қолдана отырып, жыраулар өлеңнің музыкалық сазын күшейткен. Шын көркемдік тәсіл арқылы олар оқушысын шығарманың ішкі иірімдеріне ендірумен қатар, эмоциялық әсерін үстей түскен. есірген Есім ханның қылығын ашу үшін "е" дыбысынан өрнек жасап сөйлеткен. Ақтамберді жырау сұрай арнау сияқты көркемдік тәсілді ұтымды пайдаланған. Оның "Күмбір-күмбір кісінетіп" толғауынан, табиғат пен адам тағдырын жарыстыра, салыстыра бейнелей отырып, өлеңнің мән-мазмұнын терендеткен, әсерлі еткен. Мұнан жыраулар поэзиясының көркемдік сапасын айқын аңғаруға болады. Әдебиетімізді жаңа тарихи кезеңде, ел басына қиын қатер төнген шақта, екіталай кезеңде – XVIII ғ. бірінші жартысында жаңа, соны ой-толғанысымен, көркемдік сөз өрнегімен әрі қарай дамытқан Бұқар жырау. Оның жыр-толғаулары – сол тарихи дәуірдің көркемдік көрінісі.
арасынан тауып жазып ал)