Қарапайымдылық деген не?
Адам бойында түрлі жағымды және жағымсыз қасиеттер болатыны анық. Осы жағымды қасиеттердің адам бойында кездесетін ең қадірлісі қарапайымдылық деп білемін. Қарапайымдылық дегеніміз – адамның асып – тасуға талпынбауы, яғни менменшілдіктің болмауы. Қарапайым адамда атаққұмарлық мүлдем болмайды, себебі қарапайым кісі өзінің қабілеттері мен қасиеттерін дұрыс бағалай біледі. Қарапайым адам көкірек көтеріп, өзгелерді үстінен қарамайды, керісінше өзге адамдарды сыйлап, барлығымен жақсы қарым – қатынаста болуға тырысады. Қарапайым адам бойынан тәкаппарлық, атаққұмарлық, мақтаншақтық, арсыздық, бетпақтық секілді жағымсыз қасиеттер кездеспейді.
Мен үшін қарапайымдылық адамдықтың белгісі іспеттес. Біздің отбасымызда ата – әжеміз үнемі «қарапайым болыңдар, менмендікке жол бермеңдер! Өзгелерді құрметтей біліңдер!» деп өсиеттерін айтып, біздің жақсы тұлға ретінде қалыптасуымызға өз үлестерін қосып отырады. «Қарапайымдылық – моральдық сұлулықтың басты шарты» деп Лев Толстой айтып кеткендей, қарапайым адамның жан дүниесі де сұлу болатыны хақ. Сондықтан құрбыларыма айтарым: өз бойымыздағы жағымсыз қасиеттерге жол бермей, керісінше қарапайым әрі кішіпейіл бола білейік!
1-қадам. Шығарма эпизодында көтерілген мәселелер: Бір-біріне хабар жеткізу үшін 60шақырымдай жерге жүгіріп барған. Көп адамдардың хат танымауы. Үй ішіндегі адамдардың жейтін нанын табан ақы , маңдай терімен табатын болған. Әріп танығаннан кейін адамдар бір-екі сөзге қанша күн бастарын қатыратын болған (молдалардың өзі).
2-қадам. Шығармадағы кейіпкерлердің барлығы тату деп айтсақ болады. Себебі кейіпкерлер ол Б.Момышұлының отбасысы
(Анасы,әжесі,әкесі,көкесі).
3-қадам. Қазіргі таңда бұл мәселелер өзекті емес. Себебі адамдардың сауаты бар,бір жерден бір жерге тез жету үшін көліктер-автобустар бар,қазір барлық адамға хат тану оңай дамыған.
Объяснение: