Туған күнді тойлау дәстүрінің қашан және қалай пайда болғандығы туралы нақты деректер жоқ. Десе де, есте жоқ ерте замандардан бері а жыл сайын адамның өмір есігін ашқан сағатында оны айналшықтап жүретін теріс күштер болады, олар адамаға жан-жақтан қарғыс айтады деп сенген. Және сол қарғысты қайтаратын тірі адамдардың ақ тілегі деп тапқан да, осы күні дастархан жайып, өзінің ет жақындарын жинап ыстық ықыласты баталарды тыңдайтын болыпты. Ал туған күннің ең басты дәстүрі – туған күн иесіне сыйлық беру – інжіл заманынан бері келе жатыр.
Құстардың табиғатта алар орны ерекше. Құстар аспанда қалықтап ұшады. Бейне бір еркіндікті, азаттықты әйгілейтіндей аспандап самғайды. Негізінде құстардың алуан түрі бар. Осы алуан түрлі құстардың ішінде а ең жақыны - қарлығаш. Қарлығаш жайлы айта кететін болсам:
Қарлығаш - айыр құйрықты, қанаттары ұзын әрі ұзын келетін, шағын денелі қара ала құс. Қарлығаш сөзі "қара" "ала" "құс" деген сөздердің кірігуінен шыққан. Қарлығаштың басқа құстардан айырмашылығы-жемін ұшып жүріп ұстайды. Суды да ұшып жүріп ішеді екен. Бүкіл әлемде қарлығаштың 80 түрі бар екен. Қарлығаш пайдалы құс. Зиянды шыбын-шіркейді өте көп жеп, ауыл шаруашылығына пайда келтіреді. Қарлығаштар жылына екі рет жұмыртқалайды. Алты-жеті күннен соң жасап бітірген ұясына 3-тен 7-ге дейін жұмыртқа салады. Екі-үш аптада балапан басып шығарады. Негізінде ата-бабаларымыз қарлығашты ертеден жақсы көрген.
Қарлығаштай сүйкімді, еңбекқор, ақылды болсын деп қыздарына "Қарлығаш" деп ат қойған. Қарлығашқа көптеген аңыз ертегі, мақал-мәтел, жұмбақтар, жыр жолдарын арнаған. Аңыз ертегілерде қарлығаштың адамдарға жасаған көмегі сипатталады. Мысалы, "Қарлығаштың құйрығы неге айыр?" ертегісі, Төле бидің қалай "Қарлығаш би" атанғаны туралы айтылса, мақал-мәтелдерде қарлығаштың адам мен шын дос екені, оның жүйрік екені жайлы айтылады. Мысалы,"ұшқанда қарлығаш озар, сайрағанда сандуғаш озар", "адам досы - қарлығаш" және тағы басқа мақал-мәтелдер өте көп. Қарлығашқа қатысты көптеген ырым-жорамалдар да бар. Мысалы: Қарлығаш биіктеп ұшса - күн ашық болады. Жер бауырлап ұшса - жаңбыр жауады. Түсінде қарлығаш көрсең, бақытқа кенелесің...