М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
anisinivan09p08i87
anisinivan09p08i87
27.08.2022 15:53 •  Қазақ тiлi

14-тапсырма. «Қыздың жолы» тақырыбында әдеби эссе жазыңдар. Эсседе қазақ қызының тарихи кезеңдердегі
өмір ерекшеліктері мен бүгінгі қазақ қызының бейнесін
ашып көрсетіңдер.

👇
Ответ:
Патич232
Патич232
27.08.2022

                                             Қыздың жолы

     

        Біздің қазақ «қыздың жолы жіңішке» деп айтады. Иә, қыздың жолы жіңішке де, ауыр болып келеді. Себебі, қазақ тәрбиесіндегі қыз баласының бойында артық жүріс-тұрысы болмау керек. Қыз баласына аяғын аспанға көтеруге, аузын ашып айқайлап күлуге болмайды. Кіндігін көрсетіп, денесін жалаңаштау сияқты  іс-әрекеттер оғаш қылықтарға жатады. Қыз болып жаратылған соң, өзіңді ұқыпты ұстап, ізетті, ибалы, сабырлы болу керексің. Әйтпесе, сен ата-анаңның атына кір келтіресің.

       Сол жіңішке ғана жолмен келе жатқан қыз, ертең бір шаңырақтың келіні болып шыға келеді. Бөтен біреудің шаңырағына судай сіңіп, тастай батудың өзі – ауырдың ауыры. Әрине, айтқанға оңай. Ата-енеңнің қабағына қарай, өскенше баққан әке-шешеңді де ойлай ортада тепе-теңдікті сақтау керексің. Мұнда қыздың дәурені аяқталып, келіннің міндетін атқарасың. Сол шаңырақты өз үйіңдей қабылдап, ата-енені екінші әке-шешеңдей көресің. Осылай бәрінің көңілінен шығуға тырысып жүргенде, күндердің күнінде Ана атанасың. Бұл ең үлкен жауапкершіліктің бірі. Сол балаң үшін жақсы ана, жақсы дос, жақсы тәрбиеші болу керексің. Баланы дұрыс тәрбиелеп, оны бағып-қағу сенің мойныңда болады. Кез келген бала үшін ең жақын адам – Анасы. Сол балаң үшін отқа да талай түсерсің. Бала ер жетіп, өз таңдауын жасап, мінез көрсеткенде де бар сұрау анадан болады.  Балаңмен бірге мың өле, мың тіріле солардың қамымен болашақ өмірлеріне араласа кетесің. Бір күні қызыңды қияға, ұлыңды ұясына қондырасың. Сол кездегі байғұс Ананың толқулары, уайымдары, баласы үшін шырылдаған жүректері-ай десеңші!

        Міне, осылай қыз болып дүниеге келген сен тар жол, тайғақ кешумен басыңды тік көтере мына қысқа қана ғұмырмен арпалысқа түсесің. Қыз бала әйел атанып, ана болып, көптеген жауапкершіліктерді мойнына алып, өмірдің бар ағысы тек өзіңнен басталатынын сезесің.

4,4(76 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
SaviRay
SaviRay
27.08.2022

1 тапсырма.

1. Қолдан жасалған бағалы бұйымдар қандай көрмеде туристер назарына ұсынылмақ?

2. Қазақстан қолөнершілер одағының төрайымы кім?

2 тапсырма.

Соңғы кездері ұмыт болып бара жатқан қолөнер бұйымдарын жасауды қайта жаңғырту.

3 тапсырма.

Қазақтың ұлттық қолөнерін қайта жаңғыртудың тиімді жолдары.

Қай халықтың болмасын сан ғасырдан бері келе жатқан ұлттық мұрасы мен рухани қазынасы ұлттық нақыштағы өзіндік қолөнері болады. Халық шеберлері мен ұсталары ұлттық қолөнер бұйымдары арқылы халқымыздың дәстүрі мен тұрмыс – тіршілігін көрсете білген.

Халқымыздың ою, тігу, құрастыру, тоқу, мүсіндеу, бейнелеу сияқты ұлттық қолөнер түрлері бар. Бұлар сан ғасырлық тарихы бар, дегенмен қазіргі заман ағымына сай кейбір өзгерістерге ұшырап келе жатқан қолөнер түрлері.

Нақты қолөнер туындыларына тоқтала кетер болсақ, ұсталар: найза, қылыш, айбалта, семсер сияқты қару-жарақ түрлерін әзірлеген. Ал ағаш шеберлері киіз үйдің сүйегінен бастап, үй мүліктері: сандық, кебеже, асадал, тостаған, ожау, астау және музыка аспаптары: домбыра, қобыз, шертер, т.б. даярлаған. Зергерлер сәндік әшекейлік бұйымдар: сырға, білезік, алқа, өңіржиек, бойтұмар, шашбау, т.б. жасаған. Ісмерлер тоқыма, киіз басу, киім тігу өнерін дамытқан.

Бүгінгі ғылым мен техниканың дамыған заманында ұлттық қолөнеріміз жас ұрпақ үшін қалыс болып бара жатқаны бәрімізге аян. Ұлттық болмысымызды жоғалтпай, ұлттық қазынамызды сақтап қалуды Елбасымыздың өзі «Қазақстан – 2030» мәдени мұра бағдарламасын стратегиясында алға міндет етіп қойған болатын. Сондықтан ұмыт болып бара жатқан қолөнерімізді қолға алып, одан әрі дамытып, кәдемізге жарату керек деп ойлаймын. Қазіргі кезде егеменді елімізде бізге жастарға әсемдік тәрбие беруде ерте заманның мәдени мұрасы айрықша қызмет атқарады. Сондықтан ұлттық қолөнерді қайта жаңғыртудың бірден – бір жолы сынып сағаттарына ақ жаулықты апа – әжелерімізді шақырып, олардың өсиетімен қоса, өнерін де бойымызға сіңіру керек деп ойлаймын. Сонымен қатар ұлттық қолөнер бұйымдарымен айналысатын шеберлерімізге барынша қолдау көрсетіп, халық арасында кеңінен насихаттау керек. Осылайша біз ұлттық қолөнердің таралуына себепші бола аламыз.

4,4(80 оценок)
Ответ:
shapox
shapox
27.08.2022

Демалыс күні біз сыныбымызбен табиғат аясында демплу үшін тауға саяхатқа шығамыз.Саяхатқа бізді сынып жетекшіміз Айгүл апай бастап апарады. Бізбен бірге және де география пәні мұғалімі Гүлжанат апайымыз да барады.Өйткені, біз тау бөктерін зерттемекпіз. Туған жердің табиғатын тамашалап қана қоймай, өсімдіктер дүниесімен жақын танысамыз. Көрген-білген мәліметтерімізді жазып аламыз.Өзен,көл,тау-тастардың аттарын білуге тырысамыз. "Туған өлке табиғаты" тақырыбына ғылыми жоба қорғауға дайындаламыз. Саяхат қызықты болады деп ойлаймын.

Объяснение:

4,8(51 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
Полный доступ к MOGZ
Живи умнее Безлимитный доступ к MOGZ Оформи подписку
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ