М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
12oskar12oskar
12oskar12oskar
28.12.2022 22:28 •  Қазақ тiлi

мәтіннен етістіктерді тауып қай шқ ауыспалы келер шаққа ақты тұрғанын айт осы етістіктерді нақ осы шақ жедел өткен шаққа айналдырып сөйлем құра 4 тапсырма

👇
Открыть все ответы
Ответ:
denis20043601
denis20043601
28.12.2022

Абай туралы шығарма эссе

Абай Құнанбайұлы (1845 — 1904) жылы бүгінгі Шығыс Қазақстан облысының Шыңғыс тауы баурайында дүниеге туылған. Абай қазақтың әдебиетінде қайталанбас ұлы ойшы, философ, ақын. Абай өз балалық кезін әжесі мен анасының жанында өткізген. Абай санасына қатысты бар шуақты қасиеттер мен ақындыққа деген ұмтылыс сезімі әжесі мен анасының әсерінен сіңген.

Абай ауылдық молдадан білім алып, сауат ашып, кейіннен Семейге сауатты дамыту мақсатпен аттанады. Абай ақын медресе оқуында жүрген уақытында Шығыс поэзиясына қызықтанып, Шығыстың ақындары секілді өлеңдер жазуға талпынады. Сексенінші жылдар орталығында Абай ақындық жолына бағыт бұрады. Абай өлең және шығармаларын үзіліссіз жазуға тырысты. Дегенімен, сонау кездердегі халықтың ішіндегі тартыстар ақындық өнермен айналысуды қиындатаны. Абай ақындыққа бағыт бұрғанда өлеңдерін білім, өнер және мәдениетке бағыттады. Абай 1885 жылда «жасымда ғылым бар деп ескермедім» - деп атаған тұңғыш шығармасын жазды. Осы өлеңі тұңғыш Абайдың шығармасы болып, Абайдың ақындық жолдағы ізденісін танытты

4,8(44 оценок)
Ответ:
bogussasa7
bogussasa7
28.12.2022

Адамның өз Отаны жөніндегі ыстық ұғымы әрдайым оның кіндік кескен, ананың ақ сүтін емген, өскен жеріне байланысты. Отан, міне, осылардан басталады. Бала күнінен етене таныс туған жер көріністері адамның есінен еш­уақытт­а кетпейді, көз алдында тұрады. Кеудеңде жаның тұрғанда оны ешкімге беруге болмайды. Туған табиғаттың сұлулығын, адам ісінің адалдығын сезінбейінше, азаматтық сезім бола бермейді.

Отанды сүю ұғымы туған табиғат­қа, отбасына, мектепке, дос­тарына, кітапқа, суретшілер шығармаларын­а, өз ісіне, біздің халықтың мүддесін өтеп отырған тамаша және ұлы игілік­тің бәріне деген сүйіспен­ші­лікті қамтиды. Отанды сүюге тәрбиелеу деген сөз бұл балалардың пат­риоттық сезімін тәрбиелеу дегенге саяды. Патриотизмді тәрбиелеу ісінде ұсақ-түйек болмайды. Біз­дер ағаштарғ­а, гүлдерге, үй-ішінің тынышт­ығына деген тал­пыны­сымызды балаға дарытпай тұрып, Отанға деген сүйіспен­ші­лікті тәрбиелей алмаймыз. Айналасындағы адамдарды - құрбы-құр­дастарын, үлкендерді құр­меттеуді тәрбиелемес бұрын, халық­қа деген­ сүйіспеншілікті тәрбиелеу мүмкін емес.

Отанды сүю дегеннің не екені жөнінде ойланған мектеп оқу­шысының жүрек жалыны соғыс жылдарына соқпай кете алмайды. Соңғы зеңбірек дүркінінің атыл­ғанына жетпіс жылға жуық уақыт өткен қазіргі күндердің өзінде бүкіл ел өміріндегі сол оқиғаға жастар­дың зор ықылас қойып отырған­ы неліктен? Мұның себебі, әр адам өзінің өсіп-жетілуі жо­лында рухани дамудың биік шыңына­ көтерілгенде­рді өнеге тұтады. Еліміздің Ұлы Отан со­ғысындағы ерлігі - тап осындай биік шың, адамгершілік компасы, жаңа ұрпақ­тардың өзін-өзі тәр­биелеуі үшін үлгі-өнеге. Бұл күнгі жігіттер мен қыздарға Ұлы Отан соғыс­ының батыр­лары мәрмар тастан­ соғы­лған адамдардай аңыз болып­ көрінеді. Бұл түсінікті де, өйткені олардың ерліктері аңызға барабар. Олар артынд­ағы ұрпақтың қамы үшін өз үлесін жомарттықпен қосқан­дар. Отан алдындағы аса маңызды­ жауапке­ршілік эста­фетасын бүгінгі жастарға берген адамдар.

4,6(53 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
Полный доступ к MOGZ
Живи умнее Безлимитный доступ к MOGZ Оформи подписку
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ