Жақсы аттанды демессің сүйем десем, Табынатын тәңірім, ием де - сен. Адам болып күн кешу қиын маған. Арқа тұтып, өзіңе сүйенбесем. Сен менің сүйегім мен қанымдасың, Жанымдасың, ұятым, арымдасың. Саған деген махаббат дамылдасын, Тек сенің топырағыңды жамылғасын. Өзіңше түсің де ерек,ісің де ерек, (Сырым бар саған айтар ішімде көп.) Қомағай көзімді бір тойдыра алмай, Қорқамын бәрі осының түсім бе деп. Қазақстан! Пай, пай, пай! Ардағым-ай! Сен менің Шолпанымсың, жанған ұдай, Өзіңде өмір сүрген қандай бақыт, Өлмейтін махаббатым, арманым-ай!...
Қыс айлары суық болады.Айнала аппақ қалың қар жатады.Қыс мезгілінде қыстап қалатын құстарға азық табу қиын. Қыста азық табу қиын болғандықтан ,олар адамға жақын жүреді.Қыстап қалатын құстар-торғай,көгершін,қарға ,сауысқан ,сары шымшық,тоқылдақ. Сауысқан ,қарға кез келген тамақты көрек ететін құстар.Олар қардың астынан қазып түрлі тамақ қалдықтармен көректенебереді.Тоқылдақ ағаштың арасындағы бунақденелілерді тауып көректенеді,Ал қар бетіне түскен оның қалдықтарын торғайлар ,сары шымшықтар теріп жейді.Көгершіндер адамаға аса жақын жүреді. Балалар құстарға жем береді,нанның қалдықтарын береді.Құстардың табиғатқа пайдасы зор.Олар ағаштарды ,егінді зиянды құрттардан қорғайды.Сондықтан балалар құстарды қорғап қамқорлап жүреді.
Табынатын тәңірім, ием де - сен.
Адам болып күн кешу қиын маған.
Арқа тұтып, өзіңе сүйенбесем.
Сен менің сүйегім мен қанымдасың,
Жанымдасың, ұятым, арымдасың.
Саған деген махаббат дамылдасын,
Тек сенің топырағыңды жамылғасын.
Өзіңше түсің де ерек,ісің де ерек,
(Сырым бар саған айтар ішімде көп.)
Қомағай көзімді бір тойдыра алмай,
Қорқамын бәрі осының түсім бе деп.
Қазақстан!
Пай, пай, пай!
Ардағым-ай!
Сен менің Шолпанымсың, жанған ұдай,
Өзіңде өмір сүрген қандай бақыт,
Өлмейтін махаббатым, арманым-ай!...