Ежелгі әлемнің 7 кереметінің бірі. Зевстiң храмының сыртқы көрінісі мұқият безендірілген. Бір оқиға бар еді -
Белгілі афиналық мүсінші Фидий сомдаған. Ежелгі гректер құдайлардың құдайы деп сенген Зевске арнап ақ мәрмәрдан зәулім сарай тұрғызған болатын. Фидий өзінің мүсінін осы сарай ішіне сомдаған. Тақта отырған құдай мүсінінің биіктігі 17 м болған, ол сарай төбесіне сәл-ақ тимей тұрған. Зевс отырған тақ түгелдей алтын және піл сүйегінен жасалған. Мүсіннің бел бөлігі гүлдермен, әр түрлі хайуанаттар бейнесімен көркемделген алтын жамылғымен жабылған. Мүсінші Зевстің бір қолына ұстатқан жеңімпаздық құдайы Ника бейнесі алтын мен піл сүйегінен жасалған еді. Ал Зевстің басына таза алтыннан өрілген тәж кигізілген болатын. Ежелгі гректер ең үлкен бақытсыздық – Зевс құдайдың алтын мүсінін көрместен бұрын өліп кету деп есептеген. Сондықтан да ес білген әр адамға бұл бейнені көру арман болған. Б.з. 5 ғасырында Зевс мүсінін Грекиядан Константинопольге (қазіргі Стамбұлға) көшірген. Мүсін сонда өртте қалып жоқ болды. Бірақ оны көрген адамдардың жан-жақты суреттеп, сипаттап қалдырған көптеген қолжазбалары арқылы Зевстің алтын мүсінінің қандай болғанын көзге елестетуге болады.
Зевс (көне грекше: Ζεύς)[1] — ежелгі грек мифологиясындағы жоғарғы әмірші құдай, барлық құдайлар мен адамдардың ең мәртебелі құдайы. Ол ежелгі рим мифологиясы бойынша Юпитер (латынша:Jupiter) деп аталған. Мифологиялық аңыз бойынша, Зевс алып Крон мен Реядан туған кенже бала. Оның әйелі – Гера. Әкесінің үстемдігін құлатып, бүкіл дүниенің жоғарғы билігін өз қолына алған. Алғашқыда Зевс аспан әлемінің әміршісі деп есептелсе, кейін гректер оған адамзат қоғамы тіршілігінің билігін де береді. Олимп тауы Зевстің жер-әлемге үстемдік жүргізетін тұрақты мекені. Грек аңыздары бойынша, Зевстен Аполлон, Афина, Артемида, Арейя, Афродита, Гермес, Гефест, Дионис, Персефона, т.б. құдайлар мен біраз батырлар (Геракл, Персей, т.б.) тараған.
Объяснение:
І.с.есіктің,үстелдің,терезенің,шамның,кілемнің,орындықтың,өшіргіштің,желімнің,қағаздың,келушінің,бастың,маманның,бөлімнің,бастығының
Б.с.есікке,үстелге,терезеге,шамға,кілемге,орындыққа,өшіргішке,желімге,қағазға,келушіге,басқа,маманға,бөлімге,бастығына
Т.с.есікті,үстелді,терезені,шамды,кілемді,орындықты,өшіргішті,желімді,қағазды,келушіні,басты,маманды,бөлімді,бастығымды
Ж.с.есікте,үстелде,терезеде,шамда,кілемде,орындықта,өшіргіште,желімде,қағазда,келушіде,баста,маманда,бөлімде,бастығымда
Ш.с.есіктен,үстелден,терезеден,шамдан,кілемнен,орындықтан,өшіргіштен,желімнен,қағаздан,келушіден,бастан,маманнан,бөлімнен,бастығымнан
К.с.есікпен,үстелмен,тереземен,шаммен,кілеммен,орындықпен,өшіргішпен,желіммен,қағазбен,келушімен,баспен,маманмен,бөліммен,бастығыммен