Биздин туган жеримиз - Казакстан.
Объяснение:
Туған жер сыры тауында, шоқыларында,
Туған жер жаққан жастықтың оты жанымда.
Өмірде қандай бақыт бар атамекеннің
Еркелеп келіп аунасам топырағында?!
Даланың сазын желемік күйші пайымдар,
Жұпарлы гүлдер қонаққа иісін дайындар.
Шегірткелердің хорына тербеліп әуре
Маңғаз қарағай қасында биші қайыңдар.
Таң атса шықтың көремін тірлігін жаңа,
Мың күнімнен мұндағы бір күнім дара.
Тұман әукесі салбырап басқанда естимін
Шашбау таққан өзеннің сылдырын ғана.
Бір сәт құлақ сап даланың қоңырауына,
Маздаған мақпал кеште де толы мағына.
Қиялға шомып кетемін қап-қара аспан
Жұлдыздан түйме таққанда омырауына.
Мұхаммед Қонқаев
Арқадағы Көкшенің өңірінде ел-жұрт әулиедей санаған ақбас бура мекен етіпті дейді. Ол бураның әсемдігі, сипаты көрген адамды таңырқатпай қоймайды екен. Соның сұлулығына қызыққан бір батыр аңдып жүріп жаңағы бураны қос жебемен атады. Ауыр жараланған бура биік тауды айнала қашып барып бір тұстарға жеткенде шөге кетеді. Боздаған дауысын естуге, көзден аққан жасын көруге дәті бармаған батыр да, ел де көп уақытқа дейін жаңағы тұсқа жолай алмапты. Бураның үні тоқтап, елдің көңілі басылғаннан кейін батыр бір топ серіктерімен әлгі жерге келсе, сол бура тасқа айналып, көзінен аққан жасы көлге айналыпты. Содан бері көпшілік сол көлді Бурабай деп атап кетіпті.
Объяснение:
кажется дурыс