Нұрдәулет Бәбиханұлы Ақыш 15 маусым 1950 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Маңырақ ауылында дүниеге келген - жазушы, ғалым, философия ғылымдарының докторы болған.1973 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған Республикалық «Мектеп», «Жалын», «Балауса» баспаларында, «Қазақ әдебиеті», «Жұлдыз», «Қазақстан мұғалімі», «Халық кеңесі», «Заң газеті», «Дат» газет-журнал редакцияларында, Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясында қызмет атқарған. Қазір М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Қазіргі қазақ әдебиеті бөлімінің меңгерушісі.
Республикалық ба өзде алғаш рет 1972 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде «Қиянда» атты әңгімесімен көрінген. Оннан астам көркем әдебиет кітаптарының авторы. Балаларға арналған туындылары да бар: «Әбдіреден шыққан қылыш», «Киелі көлдің қарақшылары», «Бейуақта жанған от», т.б. «Жігер» фестивалінің, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі конкурсының жүлдегері. Өз өмірінде керемет азамат болған
Бұл повесте сұрапыл Ұлы Отан соғысы кезінде Украина жерінде он жасар қазақ баласының партизандар қатарында болған қилы өмір соқпағы суреттеледі.Ол Майор Мергенбаевтың ұлы атаcының қолында ауылда оқып, жазғы каникулда қаладағы әке-шешесіне келеді. Көп ұзамай соғыс басталады. Он жасар Серікті Жамал жетектеп эшелонмен ауылға кетпек болады. Жау бомбалап,эшелон қирайды. Жамал жау оғынан қаза табады. Серік комиссар Савченконың әйелі Анна Ивановна мен оның баласы Бористің қасында қалады. Анна Ивановна екі баланы алып туған жері Винница облысы, Сомогородск ауданы, Зазулин селосында тұратын әкесі Иван Дементьевичке қиындықпен әрең жетеді. Сатқын құрбысы Тамара комендатқа бұларды ұстап бергісі келеді. Астыртын ұйым басшысы Олейниктің байланысшысы Алексей жасырын үй тауып беріп көмек көрсетеді.Жанкештілікпен Отан үшін алысқан партизандар сәулетті қала мен күл болған селоны, немістер тірідей көмген әке-шеше,іні-қарындасты көрді.Бостандық үшін, болашақ бақыт үшін аянбай алысты. Жандармдардан ерлікпен қорғанған ауыл тұрғындарына Қызыл Армия көмекке келеді. Повесть соңында Майор Жомарт Мергенбаев ұлы Серікпен аман-есен кездеседі
Объяснение:
Иод ерітіндісі