М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
anyutatelichuk
anyutatelichuk
17.11.2020 14:47 •  Қазақ тiлi

Өтінемін көмектесіңіздерші 。:゚(;´∩`;)゚:。
«Бала зары» деген тақырыпқа 4 шумақ құрастыру керек

👇
Открыть все ответы
Ответ:
addj1404
addj1404
17.11.2020

—Жулдыздарды карашы Арман адеми екен !

–керемет!

–Сая анау турган жер емеспе ?

—Арине Жер гой мен онын суретин галамтордан караганмын

– Сая ананы карашы 8 ири галамшарлар гой

—Я дал ози

–Сая карашы менин колымдагы китап ушып бара жатыр

—Арман арине ушады биз ауа кенистигинде жур емеспиз бе?ягыни аспан алеминде журмиз сен жерде аягынмен журсен аспан алеминде калкисын

–Керемет сен бул акпараттарды кайдан билесин ?

—галамтордан

–сонда сен барлык акпараттарды галамтордан карайсынба

—Арине

–Керемет Сая маган бугинги саяхат унады

—Маганда катты унады!

4,6(60 оценок)
Ответ:
Yarmoshenkobchmd
Yarmoshenkobchmd
17.11.2020

Объяснение:

Аспанның солтүстік жартысындағы жұлдыздардың тәуліктік көрінерлік қозғалысы Жетіқарақшы аңызына арқау болды. Темірқазық – қозғалмайтын полярлық жұлдыз. Құрамындағы жұлдыздардың кейбіреулері шұбатылған арқан тәрізді, ал екіншілері арқандаулы атқа ұқсас. Олар Темірқазықты үнемі айнала қозғалады. Бұлардың сыртын ала, арқандаулы аттарды торуылдап, Жетіқарақшы айналады. Көкжиектен төмен түспей түні бойы айналып жүретін бұл жеті жұлдыздың қозғалысы, күндіз тасаланып, түнде ұйқтамай, қолайлы сәтті күтетін ұрының әрекетіне ұқсайды. Аңыз желісі бойынша Жетіқарақшы – Қырыққарақшының (сол маңдағы майда жұлдыздар) барлаушысы. Олар Вега мен Капелла жұлдыздарындағы батырлардың аттарын (Ақбозат пен Көкбозат) қолға түсіріп алмақшы. Шынында да Вега мен Капелла – аспанның Солтүстік жарты шарындағы көзге түсетін батырларға лайық жарық жұлдыздар. Жетіқарақшының топ басшысы қыранқарақшы (Мицар) Үркердің қызы Үлпілдекті (Алькор) мінгестіріп алған. Үркер Жетіқарақшыдан үнемі қашып жүреді. Өйткені егер Жетіқарақшы Ақбозат пен Көкбозатты ұстап мінсе, Үркердің Сүлусарысын (Альдебаран) ұрламақшы. Бұл аңыздан көшпелі ел тұрмысының сарыны байқалады.

Ежелден белгілі Үшарқар-Таразы шоқжұлдызы жөніндегі бір аңыз Маралбай есімді аңшының тағдырын суреттейді. Ол биік шың басындағы жартаста тұрған үш арқарға оқ атып барып аяғы сәл тайып кетеді. Алтындалған жалпақ белдігі үшкіл тастың біріне оралып қалады. Мерген сол белдіктен ұстап қайта шығады. Белдігін қайта тағып, жоғары қарағанда таудан да биіктей қашып, аспанға шығып кеткен үш арқарды, атылған мылтығынан шыққан көк түтінді көріп санын соғады. Содан бастап ол үш арқар түн мезгілінде көктен шоқжұлдыз болып көрінетін болыпты. Бүркіт шоқжұлдызын да қазақ халқы ерте аңғарған. Бір аңызда аңшы жігіт арқардың киелі құлжасын (қошқарын) атамын деп өзі қапыда терең құзға құлайды. Сол замат томағасы сыпырылған Бүркіт ұшып шығып, қос қанатын жігіттің астына тосады, шама-шарқы келгенше демеп, құз түбіне жете бере тайқып ұшып, қайта көкке көтеріліп кетеді. Жігіт тасқа соғылмай, қатты құламай аман қалады. Бүркіт жігітті елдегілер қашан тауып, шыңыраудан шығарып алғанша қоян, құс әкеліп тастап тұрады. Кейіннен ол Бүркіт әлдекімдердің оғына ұшырайды. Жігіт қатты қайғырады, жоқ Бүркітін көктен іздейді. Дәл соған ұқсаған шоқжұлдызға Бүркіт атын береді. Торпақтағы Сұлусарының өзі жөніндегі аңызда өжет жігіттің өз махаббаты үшін күресіп, патшаны жеңіп, сүйгеніне қосылғаны айтылады. Келесі аңызда Қарақұрт баланы ажалдан құтқарады. Тұманда адасып, қойды тас ығына иіріп, өзі шағын тас інге тығылған баланы жемекке ұмтылған көкжал қасқырдың тұмсығын қарақұрт шағады. Бала да, қой да аман қалады. Ел көктегі бес жұлдызды оның құрметіне Қарақұрт шоқжұлдыз деп атайды. Аққу шоқжұлдызы аңызында Шынболат есімді жігіт өзінің сүйіктісі Айгүл екеуінің махаббатына дәнекер болған Аққуды атқан адамды жазалап, өлген Аққудың ақ бейнесін қиялмен көкке шығарады. Тазылар шоқжұлдызы жайлы аңызда тұманды күні әлдеқандай дыбысқа қарай айтақтап жіберіп, өзі тауда мерт болған аңшы тазыларының көкке шығып кетіп, жұлдыздарға айналғаны жөнінде баяндалады. Күн сияқты жылт етіп көкжиектен шыға келгенде қой үрке жөнелетін Сүмбіле жұлдызы аңшылық аңыз әңгімелерде жиі кездеседі. Ғылым тілінде Арыстан аталатын Қамбар шоқжұлдызының айбарлы арыстан сияқты пішінін елестетеді халық. Ертеректегі қазақ жұлдызшылары Күн жолындағы зодиактік он екі шоқжұлдыздың бірі – Тоқтыға ерекше назар аударған. Күн шоқжұлдызға жерде көк шығып, мал жайыла бастағанда келіп жететін болғандықтан Тоқты делінген. Одан екі жарық жұлдыз көзге бірден шалынады. Күндізгі іңірде шайдай ашық аспанға қарағанда бозарған қылаң жолақ – Құс жолын көреміз. Қазақ аңызында бұл ғаламат тамаша ақ жолақ алланың ақ жолы деп айтылады. Бір дана кісіге алла сол жолымен келіп, «Адам қай кезде де адамның ақ жолын кеспей жүрсін деп жұлдыздардан осы жолды салдық» деп тіл қатыпты делінеді. Күн мен Ай аңызда егіз туған ғажайып сұлу қыздар екен. Әсіресе, Ай сұлуырақ болғандықтан Күн қызғанып, оның бетін тырнап алса керек. Ай Күннен шалғайда жүргенде, Күнді ерегістіріп, толық Ай түрінде анық көрінсе, Күнге жақындағанда, тағы тырнап ала ма деп бетін бүркеп жасырады.

4,8(7 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ