М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
mfaig
mfaig
02.07.2021 02:23 •  Қазақ тiлi

"жібек жолы" туралы сұқбат құру

👇
Ответ:
olga19852
olga19852
02.07.2021

Қазақстан «Жібек жолының экономикалық белдеуі» жобасын жүзеге асыруда көптеген басымдықтарға ие. Мұндай пікірді «Қазақстан» Ұлттық телеарнасына арнайы сұхбат берген Қытайдағы ірі зерттеу орталықтарының басшылары айтты.

Ұлы Жібек жолының бойында экономикалық белдеуі құру туралы бастаманы Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин былтыр Назарбаев университетіне келгенінде көтерген. Бұл белдеу 3 милллиард тұрғыны бар 40 елді қамтиды және Азия-Тынық мұхиты аймағын Еуропамен жалғайды.

Ұлы Жібек жолын жаңғырту оның бойында орналасқан елдер үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін маңызды. Былтыр Қытайдың бір топ тілшісі Чунсин-Шыңжаң-Еуропа бағыты бойынша автокеруенмен жүріп өтті
4,7(89 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Президент дегенде – а ң ойында бай, текті отбасыдан шыққан деген ой туындайды. Ал қазақ елінің президенті 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында қарапайым Әбіш пен Әлжанның отбасында дүниеге келген.1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары оқу орнын, 1967 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.1960-1969 ж.ж - Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді. 1969-1973 ж.ж - Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия - комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды. 1973-1977 ж.ж - Қармет комбинаттың партком хатшысы. 1977-79 ж.ж – Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, 2-ші хатшысы. 1979-1984 ж.ж – Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы. 1984-1989 ж. ж – Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы. 1989-1991ж.ж – Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы. 1990 ж ақпан – сәуір айларының аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы болды болды. 1990 ж сәуірінен – Қазақ КСР президенті 1991 ж желтоқсанның 1-нде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7%) жеңіске жетті. 1995 ж сәуірдің 29- ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасының Президенті өкілеттігі 2000 ж дейін ұзартылды. 1999 ж қаңтардың онында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесінде Н.Назарбаев 79,78% дауыс алып., Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды. 2005 ж желтоқсанның төртінде сайлаушылардың 91,5% дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.Елбасымыздың көптеген кітаптары, өлеңдері мен дәйексөздері бар. Мысалы: «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін», «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде», «Бейбітшілік кіндігі», «Ғасырлар тоғысында», және т.б. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранның сөзін жазған Елбасымыз жазғанын ұмытпаған жөн. Нұсұлтан Назарбаев есімін әртүрлі нысандарға беру туралы ұсыныстар жиі түсіп жатыр. Алайда, Елбасы барлық ұсыныстарға келісімін берген жоқ . Өз есімін білім және Ғылыммен байланыстыруды дұрыс санаған Н.Назарбаев өз атындағы университеті мен зияткерлік мектептердің ашылуына келісімін берді. Аталған білім беру орталықтарын өз бақылауында ұстауға тырысады. Назарбаев атындағы білім беру мекемелері Назарбаев қоры мен Назарбаев орталығының үйлестіруімен жүзеге асырылды.Н.Назарбаев 21 жыл президент болып келе жатыр. Осы 21 жылдың ішінде көптеген жетістіктерге жетіп, қазақ елінің ішкі – сыртқы саясатын, экономикасын едәуір көтерді. Тіпті макроэкономикалық тұрақтылық орын алды, өнеркәсіп жанданып, қаржы – бюджет, салық жүйесі құрылды, жекешелендіру жүргізілді, зейнетақы жинақтау жүйесі дүниеге келді. 1995 жылы тамыз айында еліміздің Негізгі Заңын қабылдап, дін бостандығы сияқты азаматтық қоғамның құндылықтарын конституциялық нормаларға айналды.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» стратегиясы мемлекет дамуының басым бағыттарын айқындады. Назарбаевтың экономист және саясаткер ретіндегі жеке беделі елде қолайлы инвестициялық ахуалдың қалыптасуына, көптеген мемлекеттермен және халықаралық қаржы инситуттары мен қарқынды экономикалық ынтымақтасуға игі ықпал етті. Республикамызда ауылдарды, шағын қалаларды, қалаларды дамытуға, тұрғын үй құрылысын дамытуға, егер де бір кәсіп ашамын десең, белгілі бір теңгеде несие беріліп, ал мамандық иесі боламын десең, белгілі мерзімде оқуға жіберуге және тағы сондайларға бағытталған ірі әлеуметтік бағдарламаларды іске асырылуда. Елбасымыздың осылайша мемлекетті басқаруының арасында Дүниежүзілік сарапшылар арасында «Қазақстандық үлгі» термині пайда болды.Қысқа ғана мерзім ішінде үлкен дәрежеге жеткен Қазақстан халықаралық ынтымақтастық тұжырымдамасын қалыптастырды.Назарбаев ТМД, ОАО, Кеден одағы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, Еуразия одағы сияқты халықаралық құрылымдарды дүниеге әкелудің бастамашысы. Назарбаев көбінесе мәдениеттердің, өркениеттердің дамуына көп көңіл бөлді.Елбасымыздың бастамасымен көптеген оқу орындар ашылды. Олар: Еуразия Ұлттық Мемлекеттік заң университеті, Назарбаев Университеті, лицейлер мен колледждер, Президенттік «Болашақ» бағдарламасы іске асуда, ол бойынша жастар дүниежүзінің ірі оқу орындарда білім алып жатыр. Аса талантты балалар үшін президенттік «Дарын» сыйлығы тағайындалғанНазарбаев – Қазақстанның ең жоғары ерекшелік белгісі «Алтын Қыран» орденімен, сонымен қатар көптеген елдердің жоғары наградаларымен марапатталған.Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекетті басқару кезіңдегі, жүргізіп келе жатқан саясаты өзге мемлекеттерге қарағанда сапалы және тиімді.Қазақстан Республикасының дамуына үлес қосқан – қазақ елінің, тұңғыш президентіне алғысымыз шексіз!
4,7(63 оценок)
Ответ:
milalutaya
milalutaya
02.07.2021

Тазалық – денсаулық негізі,

Денсаулық – байлық негізі.

Мақал

Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау қолдауда.

Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық – денсаулық. Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну.

Жеке бас тазалығының ережелері.

- Күнделікті бір уақытта тұр, бөлмеңді желдетіп ал да, шынықтыру жаттығуын жаса;

- Ертең ерте тісіңді тазалап, беті-қолыңды, мойның мен құлағыңды жу;

- Ұйықтар алдында жуынып, бөлмеңді желдетіп алуды ұмытпа;

- Тамақ ішердің алдында, жұмыстан кейін, әжетханадан соң міндетті түрде қолыңды жу;

- Бет орамал пайдалан, мұрныңның әрқашан таза болуына көңіл бөл;

-Түшкірген, жөтелген кезде мұрның мен аузыңды бет орамалмен жауып, теріс айналып түшкір немесе жөтел;

- Шашыңды дұрыстап күт: уақытылы тара, буып немесе өріп қой;

- Төсегіңді жинау, жеңіл-желпі киімдеріңді өзің жуып, үтіктеу, түймеңді қадап, бәтеңкеңді тазалау – бұл әркімнің-ақ қолынан келетін іс;

- Ұқыпты да жарасымды киінетін бол. Киімнің таза және үтіктелген болсын;

- Мектепке киетін киімің мен үй киіміңді ұқыпты ұстап, уақытылы ауыстыр. Ал қонаққа барарда жарасымды да сәнді киінген жөн;

- Үйден шығарда сырт бейнеңді айнаға қарап түзеуге әдеттен;

- Аяқ киіміңді күтіп киіп үйрен, тазалауға уақыт бөл;

- Мектепте ұстайтын, үйде пайдаланатын заттарыңды реттеп ұста;

- Өзің отыратын орынның тазалығын қадағалап, шаңын сүрт;

- Кітап – дәптеріңді пайдаланып болған соң, орнына қой;

- Ине-жіп, қайшы, тарақ, кітапша сияқты заттардың өз орнынан табылғаны дұрыс. Алсаң, орнына деру қой;

- Сырт киіміңді орындыққа тастай салмай, киімілгішке іл. Мектеп формасы мен үй киімің араласып жатпасын.

- Ойнасаң, ойыншықтарыңды да жинап, реттеп қой.

Тері тазалығы – адам денсаулығының кепілінің бірі. Ыстық сумен және сабынмен жуынған жағдайда ғана теріні түрлі микробтар мен лас нәрселерден айықтырып, тазартуға болады. Адам терісінің ең өсімтал бөлігі – шаш пен тырнақ. Ол адамның миын күн сәулесі мен суықтан сақтайды. Әр шаштың өзінің өмір сүру мерзімі бар. Шаш сырт көзге өз қалпын сақтап тұрғанға ұқсағанмен, шын мәнінде күніне 100 тал шаш түсіп, 100 тал шығып отырады. Шашты аптасына 1 рет жуған жөн. Өте суық күндері бас киімсіз шығуға болмайды. Қолдың тырнақтарын аптасына 1 рет алса, аяқ саусақтарының тырнақтарын екі аптада бір рет немесе айына бір рет алады.

4,4(76 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ