Мұхтар Омарханұлы Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957).Әуезов Үйі, ғылыми-мәдени орталығы — ұлы Жазушы Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығарм. мұрасын көпшілікке таныстыру, насихаттау, зерттеу жұмыстарымен айналысатын ғылым-мәдени мекеме. Алматы қаласында Жазушының өзі тұрған (1951 — 1961) үйде (Төлебаев көшесі, 135-үй) орналасқан. Бұл үйді мұражайға айналдыру туралы Қазақстан үкіметінің қаулысы 1961 жылы 10 тамызда қабылданды. Жазушының әдеби мұрасы, өзі көзі тірісінде тұтынған заттары, үй жиһаздары, қолжазбалары жүйеге келтіріліп, тақырыптық көрмелер жасалып, 1963 жылы 28 қарашада мұражай ресми түрде ашылды. Қазақстан үкіметінің “М.О. Әуезовтің туғанына 100 жыл толуы мерейтойына дайындық және оны өткізу туралы” 1993 жылы 19 шілдедегі (ғ 810) қаулысына сәйкес, 1996 жылы 1 маусым күні мұражай “Әуезов үйі” ғылыми-мәдени орталығы болып қайта құрылды
Бата, бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Дастарқан басында, түрлі жиын-тойларда, т.б. адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата береді. Сондай-ақ, қиын сапар, алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілейтін халқымыздың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің бірі. Бата беретіндер, көбіне, көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де дуалы ауызды билер болып келеді. Бата қысылғанда — қуат, қиналғанда—медет беріп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген. Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. Батасыз, тілексіз өмір болмайды. “Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді” деп халқымыз текке айтпаған. Батаның да қисыны, айтылатын, айтылмайтын жері болады, қуаныш пен тойдың ретіне қарай, соған лайық Бата тілегі болады.
Бата[1][2], бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Дастарқан басында, түрлі жиын-тойларда, т.б. адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата береді. Сондай-ақ, қиын сапар, алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілейтін халқымыздың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің бірі. Бата беретіндер, көбіне, көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де дуалы ауызды билер болып келеді. Бата қысылғанда — қуат, қиналғанда—медет беріп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген. Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. Батасыз, тілексіз өмір болмайды. “Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді” деп халқымыз текке айтпаған. Батаның да қисыны, айтылатын, айтылмайтын жері болады, қуаныш пен тойдың ретіне қарай, соған лайық Бата тілегі болады.[3]
1.Ақын,жазушы
2.Мұхтар Әуезовтын мүсінші