М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
бес12
бес12
01.09.2021 20:11 •  Қазақ тiлi

составьте монолог по этому тексту. Жанболат Әлиханұлы Аупбаев – 1951 жылы 24 желтоқсанда ҚХР-ның Шыңжаң өлкесіндегі Құлжа уәлаятына қарасты Текес елді мекеніндегі қазақ диаспорасының отбасында өмірге келген. 1956 жылы шет елде жүрген ата-анасына рұқсат берілген соң атамекені – Қазақстанға қайтып оралды. 1969 жылы Алматы облысының Нарынқол селосындағы орта мектепті бітіргеннен кейін КазГУ-дің журналистика факультетіне оқуға түсіп, оны ойдағыдай аяқтап шықты. Осыдан кейін ол республикалық «Лениншіл жас» газетінде (1974 – 1986 жж.) стажер, әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, «Қазақстан коммунисі» журналында (1986 – 1991 жж.) жауапты хатшы, «Халық кеңесі» газетінде (1991 – 1996 жж.) бас редактордың орынбасары, саяси-қоғамдық «Ақиқат» журналында (1996 – 1998 жж.) бас редактордың бірінші орынбасары, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде (1998 – 2003 жж.) бас редактордың орынбасары болып жұмыс істеді. Қазір осы қазақ ба зінің қарашаңырағы – «Егемен Қазақстанның» бас редакторы. Ж.Ә.Аупбаев – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Ж.Ә.Аупбаев – Қазақстан Журналистер одағының (1981 ж.), халықаралық «Алаш» сыйлығының (2005 ж.) лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткер» (2009ж). Кезінде Мәскеудегі «Комсомольская правда», «ТАСС», «АПН» секілді Бүкілодақтық ақпарат көздерінде тәжірибе жинақтаудан өткен ол деректі дүниелер жазумен шұғылданады. Оның «Мынау ғажап дүние» («Жалын», 1983 ж.), «Жанарымда туған жер» («Қайнар», 1984 ж.), «Оққа тосылған отжүрек» («Қазақстан», 1985 ж.), «Сырымды саған айтамын» («Жалын», 1990 ж.), «Ғұмыр – дария» («Санат». 1997 ж.), «Таңғажайып тағдырлар» («Қазақстан», 1998 ж.), «Бізге беймәлім бейнелер» («Елорда», 2000 ж.), «Елім менің ертегі» («Елорда», 2002 ж.), «Өмірге таңдана қара!» («Елорда», 2004 ж.), «Автограф» («Елорда», 2005 ж.), «Таңсәрі мен талтүс» («Елорда», 2007 ж.), «Ашылмаған аралдар» («Қазақстан», 2009 ж.) «Ұлылардың ұрпақтары» «Қазақстан», 2012 ж. атты кітаптары оқырмандардан жақсы баға алып келеді.
Қазақстандық орыс тілді қаламгерлер Олжас Сүлейменов пен Сәтімжан Санбаевтың публицистикалық шығармаларын шебер аударғаны және «Қажымұқан мен Қажытай» («Қазақтелефильм», 1991 ж.), «Хан-Тәңірі» («Қазақтелефильм», 1994 ж.) атты деректі киноленталар сценарийлерінің авторы болғандығы анық дәлел.

👇
Открыть все ответы
Ответ:
kristin20
kristin20
01.09.2021
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.

Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.
Қазақ отбасы тәрбиесінің өзекті мәселелері педагог- ғалымдар С. Қалиев, М.Смайылова, М.Оразаев, С. Ұзақбаева, К. Қожахметова, Ж.Б. Қоянбаевтардың еңбектерінде жан-жақты сөз болған.

Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы сол халық отбасы тәрбиесінің де өзіне ғана тән мәдени құндылықтары қалыптасады
4,5(19 оценок)
Ответ:
ангел769
ангел769
01.09.2021

Пейіш, тозақ таласар, таласуда баян бар,

Тозақ айтар: мен артық, менде Перғауын, Һаман бар.

Пейіш айтар: білмейсің, сенде қандай талғам бар?! –

Перғауын, Һаман сенде-дүр, менде Жүсіп, Кенған бар.

Тозақ айтар: мен артық, дүниепарас көп құл жүр,

Қолдарына салынған алмас кісен, от-шынжыр.

Пейіш айтар: мен артық, мен – Пайғамбар мекені,

Алдарында олардың: кәусар, һүр мен нөкері.

Тозақ айтар: мен артық, менде жөйіт, тарса бар,

Жөйіт, тарса тәндерін сансыз азап паршалар.

Пейіш айтар: мен артық, менде иманды құлдар бар,

Момындардың алдында шексіз нығмет – гүлзар бар.

Тозақ айтар: мен артық, залым құлдар бар менде,

Залымдарға беретін зәһар – менде, зәр – менде.

Пейіш айтар: мен артық, ғалым құлдар – төрімде,

Аят, Хадис, Құран бар ғалымдардың көңілінде.

Тозақ айтар: мен артық, алаяқ бар – қойнымда,

Оттан ескен кісен бар мұнафықтар мойнында.

Пейіш айтар: мен артық, менде – хақ жол тұтқандар,

Сопылардың көңілінде Зікір, Пікір, Сұбхан бар.

Тозақ айтар: мен артық, бейнамазды аяр бар,

Бейнамаздың мойнында жылан менен шаян бар.

Пейіш айтар: мен артық, менде – Дидар-Мұратың,

Жар Дидарын көрсетер бар Рахман – Рахым.

Тозақ сонда тақ тұрды, пейіш көкке самғады, ал,

Құл Қожа Ахмет, не білдің? –

Білдіруші Алла бар.

4,7(15 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ