Рухани өміріміздің тарихында бір дәуірдің болмыс-бітімін, таным- түсінігін айшықтай түсетін айрықша тұлғалар болды. Исламға дейінгі Тәңірлік дүниетанымның шашырап жатқан дерек көздерінің негізінде пайымдап, бас- аяғын жинақтауға әрекеттенер болсақ, оның бел ортасында тұрған дара тұлғаларды айналып өту мүмкін емес. Солардың бірі, бірегейі-түркі халықтарының арасында есімі ежелден танымал-Қорқыт ата. Шығыс Түркістаннан бастап Кіші Азияға дейінгі түркі халықтарының ауызша да, жазбаша да жәдігерлерінен ойып орын алған Қорқыт бейнесі бір ғана көркемдік дүниенің жеміс еместігі, мұның астарында берісі нақтылы тарихи тұлға, арысы тұтас қоғамдық-әлеуметтік, саяси, діни дүниетаным тамыр тартып жатқан дәуірлік құбылыс жатқандығы даусыз. Байыптап қарасақ, исламнан бұрынғы идеология мен таным-түсінікке қатысы бар тұлғалардың қуаттысы да, жұртшылыққа кеңінен мәшһүр болғаны да Қорқыт есімі.
Мен бос уақытымда кітап оқыимын. Кітап тұнып тұраған білім емес пе?! Кітап оқығанның ой-өрісі көбейеді. Мен мысал ертегілер, аңыздар оқығанды ұнатамын. Себебі ертегілер мен аңыздар өте қызық. Кейде ғаламтор арқылы (н/е кітап деуге де болады) Мұхтар Әуезовтың 4 томдық романын оқимын. Онда Абайдың өмір баяны, бастан кешкен оқиғалары туралы жазылады. Бос уақытыңды осылай пайдалы іспен өткізсең білімің артады. Кітап - білім бұлағы, Білім - өмір шырағы. (сондықтан оқу керек)