М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
alyonabursina
alyonabursina
13.07.2021 00:12 •  Қазақ тiлi

Тұрақты тіркес 10 мысал дам лучшый ответ. ​

👇
Ответ:
ллл107
ллл107
13.07.2021

Объяснение:

Тұрақты тіркестер  : А, Ә, Б, Ғ, Д

Ағама жеңгем сай, апама жездем сай – мінез-қылығы үйлес

Ағынан жарылды – ештеңені жасырмады, бар сырын ақтарды

Ажл оғы атылды – өлді, мерт болды

Ажары кірді – көріктенді

(Бұл пост кітапханаға баруға ерінетін жалқау оқушыларға арналған)

Азуы алты қарыс – қаһарлы

Азуын айға біледі – мейлінше батыл қайрат көрсетті

Айдар тақты – әйгілі қылды

Айдарынан жел еседі –  асқақтап дәурен сүру

Айды аспанға шығарды – аты шықты, таң қалдырды

Айдың күні аманда – аман-есенде, тыныштықта

Аймандай қылды – әшкереленді, ұятты болды

Айна қатесі жоқ  – дәл, тұп-тура

Айтаққа ерді – өсек-аяңға ерді

Айтқан сөз құлағынан ағып кетті – түсінбеді

Айы оңынан туды – жолы болды

Айызы қанды – көңілі жай тапты, құмары қанды

Айылын жимау – жасқанбау, сескенбеу

Ақ ауыз қылды – алдап кетті

Ақ жарқын – ашық көңілді

Ақ иық –  айрықша асыл қыран

Ақ киізге көтерді – хан сайлады

Ақ саусақ – жалқау

Ақ тамақ – қыздың сұлу тамағы

Ақыл(ой) таразысына салды – ойланды

Ақысын жеу – еңбегінің ақысын бермеу

Ала ауыз (алты бақан) – бірлігі жоқ

Ала болды – араздасты

Ала көзімен атты – жек көріп, тіктесе қарады

Алақанға қарады-  дәмеленді

Алақанның аясындай – тар жер

Алақанына түкірді – іске дайын тұрды

Ал-дал болды – әуре –сарсаң күйге түсті

Алқам-салқамы шықты – тозығы жетті

Алқымынан алды – қинады

Алмасын қанға суарды – кектенді

Алпыс екі тамыры босады – елжіреп, мейірімі түсті

Араны ашылды – аш көзденді

Арасынан қыл өтпейді – өте тату

Арқа сүйеу – сүйеніш еті

Арқаны кеңге салу – асықпау, саспау

Арқасы мұздап қоя берді – сескенді

Арнасына (сабасына) түсті – ашуы тарқады

Артына сөз қалдырды – кейінгіге өнегелі сөз қалдырды

Ас аш өзегіне түсті – ішкен тамағы кеселге соқтырды

Ас қайырды – бата берді

Асығы алшысынан түсті – жолы болды

Ат арылту – әуре болу

Ат ойнатты – басынды

Ат салысу – көмектесу

Ат ізін салмау – хабарласпау

Ат ізін суытпау – жиі келіп тұру

Атарға оғы жоқ – ашуланған адам

Ат-тонын ала қашу – басын алып қашу, жауапкершіліктен бас тарту

Аузын буған өгіздей – үндемейтін адам

Аузына құм құйылды – жағы қарысты, сөйлей алмады

Аузынан бір елі тастамайды – үнемі айтады

Аузынан салбырап түскенбей – айнымай ұқсаған

Аузының салымы бар – несібелі кісі

Ауыз жаласу – жақтасу, болысу

Аш көз – қомағай адам

Аяғы аспаннан келді – тас талқаны шықты

Аяқтандыру  – үйлендіру

Әй дейтін әже жоқ, қой дейтін қожа жоқ – бассыздық, тәртіпсіздік

Әңгімесі жарасу – ортақ тіл табысу

Әпер бақан – шаш ал десе, бас алатын адам

Базары тарқады – дәурені өтті

Балақтағы бит басқа шапты – болмашы жұрт қорлады

Бармағын тістеді – өкінді

Бас білдіру – үйрету

Бас изеді – келісу

Бас имеу –  келіспеу, берілмеу

Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ – салттан аттау жоқ

Басынан сөз асырмау – басындырмау

Бауыр басу – үйрену

Бес аспап – өнерлі

Бес саусақтай білу – жетік білу

Бет бақтырмау – бой бермеу

Бетке айту – шындықты көзіне айту

Бетке шіркеу болды – ұятқа қалдырды

Бит қабығынан биялай тоқыған – өте шебер

Биті торғайдай, мойны ырғайдай – арық

Бүйректен сирақ шығару – болмашы нәрседен шатақ шығару

Бүйідей тиді – әлек салды

Ғайып ерен қырық шілтен – мұсылмандарды қорғап жүретін киелі бейнелер

Далаға кетті – босқа кетті

Дәм-тұзы жараспады – тату-тәтті тұра алмады

Деміне (кеудесіне ) нан пісірді – мақтанып ісіп кетті

Дымын шығармау – үндемеу

Ділгір болу – өте мұқтаж болу

4,7(14 оценок)
Ответ:
ОляХ1
ОляХ1
13.07.2021

көре алмау (қызғану) ,

қас пен көздің арасында ( лезде, тез)

ит өлген жерде (алыста )

тайға таңба басқандай ( анық)

іші күю (өкіну)

жаны ашу (аяу)

қарны аш ( аш)

құлақ түр ( тыңда)

аппақ (таза)

аяқ астынан (кенет)

әне міне дегенше (тез)

айшылық жер (алыс)

бір үзім(аз)

4,6(58 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
arnalismailov
arnalismailov
13.07.2021

Өнер адамзат  өмірқамының ең ертедегі формаларының бірі болып табылады.  Алайда бүгінде өмірдің дәстүрлі түсінігі қайта қарастыруды қажет етеді. Өйткені өнер еңбектің, моральдың, діннің қызмет етуін қамтамасыз ететін әрекет түрлерінен жоғары тұрады. Сондықтан да, ең алдымен, өнердің нені білдіретінін ұғынып алу қажет. Профессор Б.Ғ. Нұржанов өз еңбегінде өнер терминінің қазіргі тілде екі мағынада-кең және тар мағыналарында қолданылатынын айтады. Өзінің кең мағынасында өнер  адамның барша шығырмашылық жасампаз әрекетін білдіреді және бұл мағынада өндіріс те, тіпті дін де өнер формалары ғана  болып табылады.  Әсіресе осы мағынасында ол ежелгі грек тілінде көбірек қолданылады: орыстың «искусство»  деген терминінен аударылатын «poiesis» сөзі ежелгі гректерде «білім», «туынды », «сана» ұғымдарын да білдіреді. Адам әрекетімен байланысты және осы әрекетінің өнімі болып табылатын барлық нәрселер «poiesisia»- адамзат саласына жатқызылады және ол адамзат жаратпаған табиғи салаға – « physis’y» қарсы қойылады. Өзінің тар мағынасында өнер әр түрлі формалардағы көркем шығармашылық нәтижелері , үдерістері (бейнелеу өнері, музыка, поэзия және т.б ) болып табылады. Дәл осы мағынасы қазіргі әлемде негізгі болып табылады және біз де оны осы мәнде қарастыра отырып, философия мен өнер арасындағы ұштастықтар мен айырмашылықтарды көрсетемін.

4,6(10 оценок)
Ответ:
mrflotov
mrflotov
13.07.2021

ЭССЕ

Қоғам дегеніміз не? Бұл сұраққа жай ғана жауап беру қиын. Қоғам - өте нәзік әрі күрделі материя. Оны қолмен ұстауға немесе микроскоппен қарап көруге болмайды. Олай болса, қоғамды анықтайтын өлшемді табу қажет.

«Қоғам» деген сөздің мағынасы кең: алғашқы қауымдық қоғам, феодалдық қоғам, капиталистік қоғам, француз қоғамы, демократиялық қоғам т.б. Бұл арада алдымен белгілі бір қауымның немесе жеке бір елдің тарихи даму кезеңдері еске түседі. Ал осы сөзді жалпы мағынада алсақ, онда бүкіл адамзат тарихы және оның болашағы туралы ойлаймыз. Бұл - әлемнің барлық халықтарының жиынтығы жөніндегі ұғым. Басқа сөзбен айтсақ, адамдардың өзара қатынас тәсілі және бірігу формаларынан түратын, табиғаттан ерекшеленген дүниенің бір бөлігі.

Қоғам туралы түсінікті нақтылай түссек, қоғам деп - бірігіп еңбек ететін жеке адамдардың жиынтығын және олардың арасындағы екі жақты қатынасты айтамыз. Біріншісі, қоғам - адамның өмір сүру тәсілі. Қоғамсыз адам жоқ, адамсыз қоғам жоқ. Екіншіден, қоғам жеке адамдардан ғана тұрмайды, ол сол жеке адамдардың өзара қатынасын көрсетеді. Жеке адам қоғамға ұжым арқылы енеді. Ол сонымен қатар бірнеше ұжымдардың мүшесі болады (еңбек, партия, кәсіподак,, т.б.). Демек, қоғам - ұжымдардың ұжымы, бірлігі болып көрінеді.

енді тырыстым осы жетема дұрыс болса лаик жəне луччи ответ

4,6(84 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ