Менің қысқы демалысым туралы.
Оқу жылының басталғаны енді ғана еді, екінші тоқсан да аяқталып, қысқы демалыс уақыты та келіп жетті. Мен биылғы қысқы демалысымды отбасыммен шер шоқтығы атанған Көкшетау өңірі, атап өткенде Көкше өлкесіндегі ғажайып мекен – Бурабайда өткіздім.
Бурабай – мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы, бұл өңірді ел арасында «Қазақстандық Швейцария» деп те атайды. Оның бірнеше себебі бар, ең алдымен бұл мекеннің әсем табиғатын сөзбен суреттеп жеткізуге мүмкін емес. Бурабай табиғаты көз тартар сұлулығымен, ауасының тазалығымен тартымды. Биік таулар, көгілдір көлдер, қарағай мен қайың ағаштары өлкенің сәнін кіргізеді. Жыл сайын бұл жерге Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ, алыс және жақын шетелден демалушылар келеді. Бурабайдың балшығы мен минералды суы емдік қасиетке бай.
Біз отбасымызбен осындағы қонақ үйлердің біріне орналастық. Ауа райының салқындығына байланысты жаздағыдай көлге шомыла алмасақ та, түрлі экскурсиялар мен мұражайларға бардық, солардың ішінде Абылай алаңы, Оқжетпес, Ұйқыдағы батыр, Жұмбақтас ерекше әсер қалдырды. Күндіз шана теуіп, қар лақтырысып та ойнадық. Қысқы демалысымды қызықты әрі денсаулыққа пайдалы өткіздім. Енді отбасымызбен көктем мезгілінде де келіп демалсақ деп жоспарлап та қойдық. Себебі, жылдың қай мезгілі болмасын, Бурабайдың табиғаты ерекше!
Тұмар (Томирис) (грек. Τόμυρίς, көне парс. Tahm-Rayiš, көне иран.: Tahmirih — "Батыл") (ж.ж.с.д. 570-520) — күнгей түркі сақ халықтарының байырғы заманда ел билеген атақты әйел патшаларының бірі, массагет халқының байырғы заманда ел билеген атақты ханшайымы. Себебі грек жазбаларында оның елін "массагет" деп атайды. Тұмар ханша есімінің тарихқа еніп әлемге танылуы - Ахемен әулетінен шыққан, "төрт құбыланың тұтас билеушісі" атанған парсының әйгілі патшасы Кирдің (ж.ж.с.д. 558-530.) Орта Азияға басқыншылық жорықпен келген "жеңілуді білмейді" деп дәріптелген әскерін ашық шайқаста тас-талқанын шығарып жеңуімен тікелей байланысты.