М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Ааааа111235
Ааааа111235
16.02.2021 08:03 •  Қазақ тiлi

"Жусан иісі" повесі бойынша берілген тест тапсырмасы. 1. «Жусан иісі» повесінің негізгі идеясын анықтаңыз.

A) Жақсылық жасаудың қандай болатындығын көрсету.

B) Ата-ананы қадірін біліп, құрметтеуге шақыру.

C) Соғыс жылдарындағы жетім қалған балалар жағдайын көрсету.

D) Нағыз достықтың қандай болатындығына мысал келтіру.

E) Жауыз адамдар мен мейірімділерді ажыратып көрсету.

2. «Жусан иісі» повесінің кейіпкеріне жатпайтын қатарды белгілеңіз.

A) Қосым

B) Есімбек

C) Аян

D) Тұржан

E) Өржан

3. Төбелескенде ылғи бетті тырнайтын «тырнауық» атанып кеткен кейіпкер баланы анықтаңыз.

A) Садық

B) Есікбай

C) Қасым

D) Аян

E) Тұрдағұл

4. Әжесінің жамағайын төркіндерінің аулына көшіп келгенде Аянның қанша малы бар еді?

A) Екі ешкісі

B) Үш қойы

C) Бір сиыры

D) Бұзаулы сиыры

E) Боталы түйесі

5. Аянның тобығы тайғыш болып қалуына себеп болған жағдайды анықтаңыз.

A) Бұзаудан жығылып қалуы

B) Аттан құлауы

C) Шанадан құлап түсуі

D) Есікбаймен төбелесуі

E) Әкесінен таяқ жеуі

6. Аянның басқа балалардан бұрын хат жазуды үйреніп алуы оның қандай қасиетін көрсетеді?

A) Тапқырлық

B) Айлакерлік

C) Жалқаулық

D) Мейірімділік

E) Зеректік

7. Аян айтқан ертегілердегі балалардың ойынша, қару біткеннің құдайы іспетті болған жарақты көрсетіңіз.

A) Пулемет

B) Зеңбірек

C) Айбалта

D) Семсер

E) Садақ

8. Әжесі қайтыс болғаннан кейін Аян көшіп барған жерді анықтаңыз.

A) Жетімдер үйіне

B) Есікбай досының үйіне

C) Әкесінің досының үйіне

D) Әжесінің тумаласының үйіне

E) Анасының бауырының үйіне

9. Ауыл балаларының Аянға кезек-кезек шаналарын ойнауға беруінің себебін анықтаңыз.

A) Қорыққандықтан

B) Мазақ қылғысы келгендіктен

C) Жаны ашығандықтан

D) Қызық көргендіктен

E) Қарыз болғандықтан

10. Бапай шалдың кемпірі есік алдына отырғызбай қуып жібергенде «Ат қораның төбесіне шығып отырайық», – деп ұсыныс айтқан кейіпкерді белгілеңіз.

A) Аян

B) Есікбай

C) Садық

D) Қосым

E) Бапай шал

11. Аянның ертегілері көбіне не туралы екенін табыңыз.

A) Жан-жануарлар

B) Пері қыздар

C) Жетім қыз

D) Батырлар

E) Жетім бала

12. «Жусан иісі» повесінің мазмұны бойынша жауабы жоқ сұрақты анықтаңыз.

A) Аян мен әжесі көшіп келген ауыл қай таудың етегінде?

B) Аянның анасы қандай дерттен қайтыс болған?

C) Мұғалім, Иманжанов не себепті ауылға көшіп келді?

D) Балалар отырған ат қора неден өртенді?

E) Аянның аяғы не себепті ақсақ болып қалды?

13. Повестің бас кейіпкерінің асқан сабыр иесі екендігін дәлелдейтін қатарды табыңыз.

A) Аяғын салдырғанда жыламауы.

B) Балалар тиіскенде үндемеуі.

C) Әжесі қайтыс болғанда жыламауы.

D) Бапайдың кемпіріне сөз қайтармауы.

E) Қарны ашса да шыдамдық танытуы.

14. Аян ертегілерді қалай айтатынын анықтаңыз.

A) Ойынан шығарып

B) Әжесінен тыңдап

C) Кітаптан оқып

D) Бапай шалдан сұрап

E) Мұғалімнен тыңдап

15. Не себепті Аян шана тебуге түнде шығатын болды?

A) Ұйқысы келмегендіктен

B) Түнде қызығырақ болғандықтан

C) Балалар түнде ойнағандықтан

D) Әжесі қайтыс болғандықтан

E) Балалар күндіз шана бермегендіктен

16. Бапай шал мен оның кемпірі Аянға қандай қарым-қатынас танытқан?

A) Өз баласындай қараған.

B) Мүлдем күн көрсетпеген.

C) Немқұрайлы қараған.

D) Орынсыз ұрып соққан.

Е) Адамгершілік танытқан

17. «Жусан иісі» шығармасының басты тақырыбын анықтаңыз.

A) Жетім баланың жетістікке жету жолы

B) Әлеуметтік теңсіздік

C) Соғыс жылдарындағы халық тағдыры

D) Әйел теңсіздігі мәселесі

E) Жетім баланың аянышты тағдыры

18. «Бір түрлі жусан иісі сияқты жақсы иіс» – деп Аян не туралы айтатындығын табыңыз.

A) Әкесінің пальтосының иісі

B) Анасының орамалының иісі

C) Әжесінің көйлегінің иісі

D) Досы әкелген бауырсақтың иісі

E) Ат қорада жиналған шөптің иісі

19.Аянның мінезіне қатысты жауаптың қатесін белгілеңіз.

A) Сабырлы

B) Шыдамды

C) Зерек

D) Кекшіл

E) Мейірімді

20. Балаларды оқытып жүрген Иманжанов қарт сабақ беруін жалғасыра алмай қалуының себебін табыңыз.

A) Соғысқа аттанып кетті.

B) Қайтыс болды.

C) Төсек тартып жатып қалды.

D) Оқушылар ұнамай қалды.

E) Басқа ауылға көшіп кетті.

21. Оқиға соңыңда жетім баланың тағдыры қалай аяқталды?

A) Әкесі соғыстан оралды

B) Жетім балалар үйіне кетті

C) Жақын туысын тапты

D) Үлкен азамат болды

E) Аурудан қайтыс болды

22. Автор бас кейіпкер Аянның оқиғасын қандай сезіммен баяндап отыр?

A) Көреалмаушылық

B) Қызғаныш

C) Жеккөрініш

D) Сағыныш

E) Реніш

👇
Ответ:
Додоша18
Додоша18
16.02.2021

2.1 D)

2.2 C думаю правильно удача

4,5(5 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
fhdsjkfalhd
fhdsjkfalhd
16.02.2021
Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, не ше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.
Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.
Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.

Мақал мәтелдер:

1)Отан — елдің анасы, ел — ердің анасы.
2) Туған жердей жер болмас,
туған елдей ел болмас.
3) Ел іші — алтын бесік.
4)
Ел-елдің бәрі жақсы,
өз елің бәрінен де жақсы.
5) Ер — елінде, гүл —жерінде.
4,6(48 оценок)
Ответ:
angelinasolovev
angelinasolovev
16.02.2021

Ас тұзы кендері  – ас тұзын өндірістік жолмен өндіруге жарамды кен орындары. Ас тұзы кендері тұзды көлдер, қазба тұздар және жер асты тұзды сулары болып үшке бөлінеді. Тұзды көлдерге суында 3,5%-дан жоғары тұзы бар көлдер жатады. Қазақстанда олар Каспий маңы ойпатында, Арал ойысында, Балқаш маңында, Ертіс, Есіл, тағы басқа өзен аңғарларында таралған. Қазба Ас тұзы кендері аридтік климат жағдайларында, теңіз қолтықтары мен теңізден бөлінген шығанақтардағы тұзға бай сулардың буланып суалуынан, тұздардың қайта кристалдануы мен шөгуі нәтижесінде қалыптасқан. Сондай-ақ қазба тұздар тұнба түрінде кейбір тұзды көлдерде (Басқұншақ, Индер) және осы күнгі теңізге жақын көлдер мен қолтықтарда (Каспийдегі Қарабұғаз, Аралдағы Жақсықылыш) кездеседі. Олардағы тұз массасы жылжымалы тепе-теңдік күйде болатын тұзды судан, тұздықтан және қатты тұздан тұрады. Тұз шоғырлары әдетте қабат, линза, шток түрінде түзілген. Жер асты тұзды сулары (тұздықтар) тау жыныстары құрамындағы тұздардың үздіксіз еріп аса қанығуынан пайда болады. Ас тұзы кендерінен тұз өндіру ашық және жер асты кен қазу тәсілдермен не бұрғылау ұңғымалары арқылы су айдап еріту және судағы тұзды тұндыру арқылы жүргізіледі. Тұзды көлдердегі ас тұзы табиғи тұнбадан не арнаулы бассейндерде тұзды суды суалту арқылы алынады.

Объяснение:

4,7(55 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ