М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
їка
їка
24.10.2022 16:12 •  Қазақ тiлi

1. Мәтінді оқып, ат қойыңдар. Мәтін мазмұны негізінде сұрақтар құрастырыңдар. Қайық – көліктің ең ескі түрі. Ертедегі қайықтар ағаштан жасалып, айнал
малы ескектің көмегімен жүретін. Ежелгі мысырлықтар шамамен 5 мың жы
бұрын өзенде, теңізде жүзу үшін желкенді пайдаланды. Қытайда жүк тасы
малдау үшін желдеткіш тәрізді желкен түрі қолданылған.
Бүгінде кемелер - сауда-саттық, құрылыс және әскери мақсатта адамдар
мен тауарларды, т.б. нәрселерді тасымалдау үшін таптырмайтын көлік түрі. Су көліктерінің тұрағы – айлақтар мен теңіз порттары. Кемелерге арналған теңіз
маршруттары болады. Олар айлақтарға белгілі кесте бойынша келіп кіреді.
Кеменің сан алуан түрі бар. Олар қызметтеріне қарай: авиатасымалдаушы,
жүк кемесі, контейнерлі кеме, сал кеме, күзетші кеме, суасты қанаты бар кеме,
реактивті қозғалтқыш орнатылған суасты кемесі, мина тазартушы кеме, мұхит
лайнері, жолаушылар кемесі, желкенді кеме, сүңгуір кеме, зерттеу жұмыста-
рына арналған кеме болып бөлінеді. Осылардың қай-қайсысын да суда көріп
қалуымыз әбден мүмкін.​

👇
Ответ:
Danilkez
Danilkez
24.10.2022

Мәтінге тақырып:су көліктері

Сұрақ:Ең ескі су көлігі қандай?

Қайықты неше жыл бұрын пайдаланғай

Кемелер қазір не үшін керек

Кемелер қалай бөлінеді

Объяснение:

қиын болмаса луший ответь қойшы

4,8(71 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
якек2
якек2
24.10.2022

12 сәуір – ғарышкерлер Күні. Қазақтар үшін бұл ерекше мереке. Себебі бірінші ғарышкер Юрий Гагарин қазақ жерінен ұшты. Байқоңыр ғарыш алаңы кемелерінің орталығы болды. Қазақ жері өзінің мемлекеттік марапат және жоғары атақ иегері атанған, ғарыш батырларымен мақтан етеді. Олар: Талгат Мусабаев, 15 марапат және Халық қаһарманы атағын иеленген, Қазақстан ұшқыш ғарышкері, Токтар Аубакиров - Қазақстан Халық қаһарманы, Кеңес Одағының батыры, Айдын Аимбетов - қазақ ғарышкері, бірінші рет ғарышқа ұшқан Қазақстан Республикасының азаматы, 545-ші әлем ғарышкері. Қазақстанның Халық қаһарманы, Қазақстан ӘАҚ полковнигі. Ғарышкерлер Күні – еліміздің керемет мерекесі. Себебі ғарыш стратегиялық маңызды зерттеу нысаны болып саналады», -деп жоғары сынып Кеңес мүшелері 8-10 сыныптарда өткізілген, 5-минуттіктерде әңгімеледі.

Объяснение:

4,6(83 оценок)
Ответ:
тимур618
тимур618
24.10.2022

«Кешегі күн, бүгінгі тарих...»

XXI ғасыр таңы атып, тамыры тереңге жайылған бәйтеректің қайта көктер кезіндей бүкіл әлем тереңінен бір тыныс алып ішіндегі құсасты сыртқа шығарып тастағандай тыныштық күйге оранды.

Ал, өткен өмірге зер сала қарасақ, ел басына күн туып, сақ сынып, сүйек сырқырататын тарихтың тулаған тұстары аз емес. Соның ішінде қазақ елінің басына нелер келіп, нелер кетпеді десеңізші?! Жазиралы жазығымыз, дархан даламыз қанға бөгіп жер бетін жауыздық пен азғындық атты зұламат күш билеп тұрған кездер де болды емес пе?!

Оның айқын шынайы бейнесін тұғырлы тұлғамыз Мұхтар Әуезовтың «Қилы заман» романынан көре аламыз.

Сонау 1916 жылғы қазақ халқының еңсесін көтеріп ел теңдігін, ұлт азаттығын аңсап бас көтерген ерлеріміздің ерлігін, ұлықтарға қарсы күресін, табандылығын талмай шеберлікпен қаһарлы қыстың әйнекке анық салған өрнектеріндей айқын суреттеген «Қилы заман» романы. Қилы заман романын оқи отырып, рухани рух алып осындай бірлікіті, тірлікті елдің перзенті болып туылғаныңа іштей қуанып отырасың. Жазушы тоғыз жолдың торабында тоғысқан дүбірлі жәрмеңкені көркем шеберлікпен айшықты бейнелейді. Тірлік тынысымен тіршілік қылып жүрген арғын руының елі, патша жарлығының яғни, 19-32 жас аралығындағы ерлерді соғыс соққысынан сақтайтын сарбазы, сақшысы ретінде шақырылуы от-жалынды нажағайдың қарқынды қаһары іспеттес болды. Аш қасқырдай ұлыған ұлықтар улы жебесін халық жүрегіне дәл қадағандай еді. Өйткені қай ел болмасын өзінің боздақтарын қарусыз, қылышсыз жіберіп, лаулап тұрған оттың ортасына өздері салғысы келеді дейсіз? Жоқ олар ақыл тәсілін, амал-айласын ойлап бұл тығырықтан шығар жол әрине бас көтере «бағынбаймыз», «бермейміз» деген сөзді айту еді. Ұзақ, Серікбай, Айтбай, Тұрлықожа, Жәмеңке сияқты ру бастаған көсемдер, сөз бастаған шешендер ел басына күн туып, жау жағадан алғанда жарытып сөз айтатын ақсақалдар еді. Қайнаған судың буындай буырқана көтерілген халықты адуынды да, азулы патша, қарағайдай қаптаған қалың қолымен, тойтарыс беріп отырады. Алайда қазақ рулары шыдамдылық пен төзімділікті ту етіп жадында ұстап «болды», «бітті» деп беріліп бейтарап кетпеді, «қасық қанымыз қалғанша күресіп, адалдық жолында ар тазалығымен көз жұмсақ арманымыз жоқ», - деп байлаулы тоқтамға келді. Бірақ патша әскерлері бір күннің, бір түннің ішінде ауыл елін талқандап, тұтқындап тар түрмеге апарып қамады. Елім деп еміренген ел азаматтарының ішінде қиындықпен, зорлық-зомбылықтан дегбірі қашып демікпей байсалды, сабырлы кейіппен ұлық алдында жауап беріп, бір тоқтамды қостады. Алайда жазықсыз жапа шеккен ел ағаларының, күнәсіз төгілген қаны ашынған халықты отқа май құйғандай одан әрі лаулатып, жалындата түсті. Бірақ патша үкіметінің үстемдігі жеңіп қазақ, қырғыз демей түгелдей тып-типыл етті. Қазақ даласы тағы да қанға бөгіп қаңырап қалды...

Қилы заман романын оқи отырып, сол кездегі болған жайттардың барлығы көз алдыңызға айқын елестейді. Бұл жазушының шеберлігі, өз ғасырының қайталанбас алып алпауыты екенін айқын дәлелдеп тұрғандай. Өзінің әйгілі «Абай жолы» эпопеясымен әлемге танылған тарланымыз Мұхтар Омарханұлы Әуезовті ешқашан жадымыздан шығаруға болмайды. Олай дейтін себебім, Мұхтар Әуезов өзін ғана емес, бүкіл қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-санасын, діні мен ділін, қонақжайлылығы мен дана халық екендігін айдай әлемге танытты.

«Қилы заман» романындағы жағымсыз кейіпкерлер Оспан, Жебірбаев, Ақжелке сияқты арам пиғылды, еліне, халқына жаны ашымаған опасыздардың, жаман қасиетінен жиреніп, игі іс істеп, ізгіліктен жол салған жандардан, жақсылығын үйреніп, ішкі жан дүниемізге мәңгілік сарқылмайтын мөлдір бұлақтың кәусар суындай тазалық, кіршіксіз кірлемес тәрбие аласың.

Бүгін, қандай қилы замандар болса да Тәуелсіздікке қол жетті, бейбіт күннің бал дәмін таттық. Бұл бізге батыр халықтың сыйлаған құнды сыйы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай «Өткеніңді білмей, болашақты болжау қиын».

4,8(45 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ