Қазақстан еліне келдік. Саяхат жасадық. Жерімен, халқымен, тұрмыс салтымен, табиғатымен таныстық. Маған Қазақстан қатты ұнады. Бүкіл елдің өз кемшіліктері болады емес пе?! Бірақ Қазақстан шет елдің туристері үшін саяхатқа келуге таптырмайтын жер. Халқы мейірімді, қонақжай халық екен. Таулары биік, өзен- көліде күшті екен. Салт-дәстүрлерінде жақсы ұстанатын халық екен. 1 күніде Алматыдағы Медеу мұз айдынына бардық, мұзы күшті, агық аспан аясында мұза коньки тебесің. Шымбұлақ демалу орталығына бардық, таулары әдемі екен. 2 күні Астана қаласын бардық. Астана жас қала болса да, өте әдемі, биік, зәулім үйлері,бірнеше сауда орталықтары, ойын алаңдары, парктері, спорт орталықтары бар.3 күні Ақтау қаласына ұшып бардық. Каспий теңізіне түстік. Қаланың жақсы орталықтарына бардық. 4 күні Бурабайға бардық.Бурабай көліне бардық, суы жылы, табиғаты жасыл, таулы жер. Менің ойымша Қазақсат жері саяхаттауға жақсы, ыңғайлы ел.
- Бұдан бірнеше жыл бұрын сіздің жорықшыларыңыз елімізді шауып кетіпті, малымызды айдап, қолға түскен батырымызды байлап алып кетіпті. Міне, сол батырды босатып әкетпек болып келдім. Бұл - бірінші. Екінші жоғым мынау: бір күні малда жүргенімде аспандап ұшқан алты аққудың алтын кебісі менің қолымда қалды. Сол алтын кебіс сіздің елдікі дейді. Соны табыс еткелі келдім, - деп, Кендебай алтын кебісті ханға ұсынады. Хан: - Дұрыс, балам! Сіздің елдің малын айдатып, батырын байлатып алдырғаным рас. Мергенбай батыр әйелімен екеуі біздің қолда. Зынданда жатқан Мергенбай батырға: «Маған қызмет етсең босатам», - деп елші жіберіп едім, қарысқан батыр екен. «Жауыма қызмет істемеймін. Бірақ, қол-аяғымды босатсаң, содан кейін сөйлесем», - деп, қарысып жатып алды. Босатуға корықтық. Ондағы мақсат: сені қолға түсіру еді. Сенің атағың бізге де мәлім еді. Сені алдыртып, құлынымды қоймайтын қара құсқа жұмсамақ едім. Өзім іздеп таба алмаған сон, намысы болса, іздеп келер деп елінді шаптырып, батырыңды байлатып алдыртқан едім. Одан кейін де екі жылдай келмедің, содан соң алты қызым сені іздеп барған болатын. Бұл менің кіші қызымның кебісі. Енді сенің алдыңа қоятын тағы бір шартым бар. Ол мынау: дүниеде жеті басты дәу бар, ақырған арыстан бар, жалмауыз кемпір бар. Осы үшеуін өлтіріп, бастарын алып кел. Осыны орындасаң, батырыңды босатып, беремін, малыңды өзіңе қайтарамын. Кіші қызымды беріп күйеу етемін, - деді. Кендебай Керқұла аттың қанжығасындағы қоржынын алып келіп, арыстанның азуын, кемпірдің басын, жеті басты дәудің көздерін ханның алдына төгіп тастайды. Хан разы болып, зынданда жатқан Мергенбай батырды, оның әйелін, қолға түскен басқа адамдарды азат етеді. Шауып алған малын қайтарып береді. Кіші қызын Кендебайға қосып, отыз күн ойын, қырық күн тойын істеп, көп сыйлықтар беріп, Кендебайды еліне аттандырады. Кендебай елдің малын айдап келіп, иелеріне табыс етеді. Ата-анасына қосылып, бала қуанады. Баласына қосылып, ата-ана қуанады. Ұлы думан, үлкен той істейді. Кендебай тұрғанда елге батып ешбір жау тие алмайды. Сөйтіп, бұл ел Керқұла атты Кендебай батырдың елі болып атаныпты.

Музыка жүрек тілі. Музыка менің өмірім. Музыка алып кушти тылсым дүние мен үшін. Музыка. Музыка. Музыка.
Просмотр содержимого документа
«Музыка- менің өмірім (эссе)»
Алматы облысы Райымбек ауданы
Нарынқол ауылы
О. Жандосов атындағы орта мектебінің
5 сынып оқушысы Әділақын Жұлдыз
Музыка- жүрек тілі
Музыка адам жанын тебірентетін, ерекше күй кештіретін, көңіл-күй сыйлайтын өзге әлем. Ол тап бір жәннат секілді. Өте әдемі әрі әуезді. Ол әлемге барғанда сен мол бақытқа кенелесің, өмірді басқалай сезінесің, дүниені басқа қырынан танисың . Бұл оқиғадан сен ерекше әсер аласың. Әдетте музыканы көңілдің кілті деп атайды. Себебі, музыка тыңдаған адамның көңілі лезде көтеріліп, өзін сабырға шақыра бастайды. Музыканың ерекшелігі сондай, ол кез-келген адамның жан-дүниесін, ішкі сұлулығын, жүрегін сезінуге көмектеседі. Ол арқылы біз адамның жүрегіндегі жылулықты, мейірімділікті сезіне аламыз. Музыка- осы әлемдегі ең құдіретті, қасиетті ұғым. Біз оны құдіреттеу арқылы бойымызға жақсы қасиеттерді сіңіре аламыз.
Біз музыканы орындаушы арқылы сезінеміз. Орындаушының шеберлігі оның табиғилығы арқылы музыка әуезделе береді. Солай ол тыңдаушылардың жүрегіне жол табады. Ал қазір сол көрерменнің ұнататын әншілері Майра Ілиясова, Бибігүл Төлегенова, Мақпал Жүнісова. Олар музыканың қасиеттілігін, киелілігін білетін жандар. Сахнаның жайнаған гүлдері десек те болады. Міне, музыканы солай бағалап, қастерлеу қажет. Өткен ғасыр әншілері музыканың қасиеттілігін білді. Ал қазіргі заман ше? Қазір өткен ғасырдағыдай мағыналы, кербез әндер бар ма? Әрине жоқ. Себебі, қазір заман өзгерді. Заман өзгерген соң, музыка бағыты да өзгерді. Қазір Қазақстанның өзінде екі адамның біреуі әнші. Оның дауысы бар ма, әнді нақышына келтіріп орындай ала ма оған ешкім мән беріп жатқан жоқ. Тек оның ақшасы болуы керек, әннің мағынасы бар м, жоқ па оған назар аударып жатқан ешкім жоқ. Бүгін әнші, ертең продюсер, бүрсігүні актер болып кететіні де бар. Ал мен оған қарсымын. Музыканың әсемдігі, әуезділігі жойылып кетіп жатыр. Мағынасыз әндерден жас ұрпақтың, әсіресе біз сияқты балалардың ойы төмендеп жатыр. Соларға еліктеп өсіп келе жатырмыз. Бұл деген мүлде дұрыс емес. Музыка атты ерекше әлемді кірлетіп жатқан әншілерді шоу-бизнестен қуу керек. Олардың орнына дәстүрлі әндер орындайтын әншілерді қастерлеп, мемлекеттен ақша бөліп, солардың дамуына үлес қосуымыз керек. Сонда ғана ежелгі музыка қалпына келіп, еліміздің дұрыс қалыптасуына әсер етеді. Негізінен, біз бұл жаман қылықтың бәрін шетелдіктерден үйреніп келе жатырмыз. Олар не істесе біз соны істейміз. Олар шашын бояса, бізде бояп аламыз. Сырға тақса, бізде тағып аламыз. –Біз емес шетел бізге еліктейтіндей халық болуымыз керек. Музыка қазақ халқының ежелден келе жатқан салт- дәстүрі, әдет- ғұрпы. Егер оны дәріптемейтін болсақ, біз қазақ емеспіз. Қазақ халқы музыкаға , өнерге өте жақын халық болған. Сол себепті, біз музыканы құрметтеп, оны киелі санауымыз керек. Бірақ, өкінішке орай, біз бәрін керісінше істейміз.
Объяснение:
надеюсь