М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
alekseykraynov
alekseykraynov
05.01.2022 20:05 •  Қазақ тiлi

1-тапсырма. «Шұғаның белгісі» шығармасында берілген портреттік суреттеулерді тауып, кейіпкерлерге мінездеме беріңіз. Кейіпкер Портреті Мінезі

2-тапсырма. Автордың сөз қолданысын, стилін талдау жасаңыз.

Метафора – затты, құбылысты айқындау үшін ұқсас басқа затқа не құбылысқа балау.

Синекдоха – бүтіннің орнына бөлшекті, бөлшектің орнына бүтінді қолдану.

Метафора

Ортан қолдай төрт ұлы болды — шетінен қасқыр

Теңеу

Ұшпалы сұр бұлттар көшкен керуен сықылды, айызы қанған адамша инедей қиянаты жоқ

Синекдоха Сырдан келіп жаппастар да қонады...

...кейінгі кезде ғана жаппас келуін қойды ғой.

Жаппас келіп қонып жатыр

Үйдің ішінің бәрі де қас көрінеді

Мақал-мәтел Таз ашуын тырнадан алады

Пейзаж Ұшпалы сұр бұлттар көшкен керуен сықылды, тіркесіп оңтүстікке қарай жылжып ұшып, күннің көзі біртіндеп ашыққа шығып, жылы шырай нұрын шаша бастады. Әйткенмен солдан соққан салқын жел өзінің өткірлігімен жұқа киімнен ызғарын өткізіп, тоңдырып, сентябрь айының жеткендігін жолаушыға еріксіз ойлатарлық еді.

Жанды қарта жоқ. Бірен-саран шалшық сулардың басында ұялып отырған топ-топ қаздарды көресің. Елдің жұртында жер ошақтың араларындағы сүйек-саяқтарды, елдің сыртындағы ескі апандардың маңайына тасталған бірен-саран өлімтікке он-он бесі жиналып қарақұс, қарға, өгіз шағалалар той-тойлап жатыр...

Тұрақты тіркестер Үріп ауызға салғандай, ат жетер жер, нәсіп етпеу, аққудың көгілдірігіндей, тілі байлану, шаңын аспанға шығару, араға от салу, бәйек болу, жүрегі тас төбесіне шығу, ботадай боздау, айызы қану, төбесі көкке жеткендей, төбесінен суық су құйып жібергендей болу, аузы жеңіл

ҚБ. Бірін-бірі бағалау, мұғалімнің кері байланысы Қазақ әдебиеті

👇
Ответ:
pishinaangelina
pishinaangelina
05.01.2022

Шұға өте сұлу,ақылды,байдың қызы,Әбдірахманды қатты жақсы көреді,бірақ Шұға махабаты үшін соңына дейін шыдамай күйзеліске түсіп қайтыс болады.

Әбдірахман өте сымбатты жігіт,білімді,діні басқа адам,кедей отбасынан,Шұғаға бір көргеннен ғашық болып қалады.Бір-біріне сезімдерін білдіреді.Бірақ қанша жақсы көргенмен Шұғаның әкесі қызына тең көрмейді себебі Әбдірахманкедей болады.

Есімбек бай адам,Шұғаның әкесі,сәл өзімшілдігі бар адам.Қызына Әбдірахманды тең көрмейді,қарсы болады.Бірақ қызы Шұға күйзеліске түседі де қайтыс болады.

Айнабай сұсты,жұрттың арасына от салып жүретін адам,Күлзипаның әкесі,Әбдірахманды қызына бергісі келеді.Кейін Шұғамен Әбдірахманның жүретінін біліп айырады түрмеге қаматқызады.

Күлзипа қара сұрлау қыз,Айнабайдың қызы,түрі сұсты болып жүреді Әбдірахманды жақсы көреді.

Объяснение:

Осы ғана калган тапсырманы түсінбедім.

4,5(18 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
маришвед
маришвед
05.01.2022

Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды көзқарасын исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.[2]

Ана айтқанындай, шынында, бұлардың ішінде Ырғызбай ортасынан оза шауып, ел басқарған. Ырғызбайдан Үркер, Мырзатай, Жортар, Өскенбай тарайды. Өскенбай шаруаға жайлы, билікке әділ кісі болғандықтан, “Ісің адал болса Өскенбайга бар,арам болса Ералыға бар” деген мәтел сөз қалған.Өскенбайдың әйелі Зереден Құнанбай туады.

Құнанбай 4 әйел алған адам. Оның бәйбішесі Күңкеден – Кұдайберді, інісі Құттымұхамбетке айттырылып, қалыңдық кезінде жесір қалған соң өзі алған екінші әйелі: Ұлжаннан – Тәңірберді (Тәкежан), Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, үшінші әйелі Айғыздан – Халиулла, Ысмағұл туады. Қартайған шағында үйленген ең кіші әйелі Нұрғанымнан ұрпақ жоқ. Абайдің “ Атадан алтау, анадан төртеу едім дейтіні осыдан. Болашақ ақын сабырлы мінезімен, кең пейілімен ел анасы атанған “кәрі әжесі” Зеренің таусылмайтын мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп, абысын-ажынға жайлы, мінезі көнтерлі, әзіл-қалжыңга шебер, жөн-жобага жетік өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті. Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Бұл медреседе араб, парсы тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін еді.

4,6(16 оценок)
Ответ:
clydeofficial
clydeofficial
05.01.2022

Объяснение:

Батырлық жырлар, батырлар жыры — ауыз әдебиетіндегі ең бай да көне жанрлардың бірі.[1] Қаһармандық эпос деп те аталады. Батырлық жырлар халық өмірінің тұтас бір дәуірін жан-жақты қамти отырып, сол тарихи кезеңдегі батырлардың сыртқы жауларға қарсы ерлік күресін, ел ішіндегі әлеум. қайшылықтар мен тартыстарды бейнелеп береді. Бірақ онда тарихи оқиғалар тізбегі өмірде болған қалпында емес, жырдың көркемдік шешіміне лайықты өріледі.[2] Бас кейіпкердің жүріс-тұрысына, өзге елге ерлік сапарға шығуына және өз елін жаудан азат етуіне байланысты оқиғалар бір қаһарманның маңына топталып, соның бейнесін ашуға қызмет етеді. Эпос желісі белгілі бір тарихи дәуірге табан тіреп, соны көрсетіп отырғанымен, оған көбіне түрлі заманның оқиғаларын бір қаһарманға теліп жырлап беру тән. Батырлық жырлардың осы өзгешелігіне байланысты ғылыми ортада көптен бері түрлі тұжырымдар орын алып келеді. Ресейлік зерттеушілер (Б.А. Рыбаков, Р.С. Липец, т.б.) және кейбір қазақ ғалымдары (Әлкей Марғұлан, Әуелбек Қоңыратбаев, т.б.) эпостық жырлардағы тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғаларға сүйене отырып, жыр мен тарихтың жақындығын тілге тиек етсе, енді бір топ ғалымдар (В.Я. Пропп, Б.Н. Путилов, т.б.) эпостың нақты тарихи оқиғаларға қатысы жанама түрде ғана көрінеді деген пікірді алға тартады.

4,8(89 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ