М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
yroyakap0doki
yroyakap0doki
10.06.2020 17:44 •  Қазақ тiлi

Тест. Әдебиет пәні С.Мұратбеков «Жусан иісі»әңгімесі
Жарғақ сары тоны қаудырлаған,тобығы тайған сол аяғын сүйрете жүгіретін шілбиген арық ,ақсақ қара бала кім?
А.Аян.Ә.Иманжанов. Б.Садық.
Аян алыс -жұлыс ойында кіммен ғана теңелетін еді?
А.Садық.Ә.Есікбай.Б.Бопай.
Ауыл балаларының атаманы кім?
А.Садық.Ә.Аян.Б.Иманжанов.
Аян мен әжесі ауылға қай жылы көшіп келген?
А.1923ж. Ә.1935ж. Б.1942ж.
Балалардың арасында кімнің кекілі бар?
А.Садық.Ә.Аян. Б.Есікбай.
Оларда төрт түлік қанша болды?
А.3 Ә.4. Б.2.
Балаларға және Аянға әріптерді уйретіп,хат танытқын кім?
А.Садық. Ә.Иманжанов. Б.Бапай.
Тобығы үшінші рет тайғанда Аян үйінде неше ай жатты?
А . 2 ай. Ә.1 ай. Б.1жыл.
Зеректілігімен көзге түскен бала?
А.Иманжанов.Ә.Садық. Б.Аян.
Аян кімнің қасында отырды?
А.Садық. Ә.Есікбай. Б.Сайын.
ІІ бөлім.Жусан иісі.
Аянның әжесі қайтыс болғанда қандай мезгіл болды?
А.Жаз. Ә.Қыс. Б.Күз.
Аянның ертегілері не себептен жетім бала туралы болды?
А.Өзі жетім болған соң.Ә.Ойы сондай.Б.Қызықты болу үшін.
Әжесі қайтқаннан кейін Аян кімнің үйіне көшті?
А.Иманжановтың.Ә.Бапайдың.Б.Достарының.
Аян күнде кешкісін кім туралы ертегі айтады?
А.Жануарлар. Ә.Өсімдіктер. Б.Жетім балалар.
Аян қайда тұрады?
А.Жусантөбе. Ә.Ешкіөлмес. Б.Мыңбұлақ.
Қобыланды батырдың Тайбурылындай ұшатын ат,ылди өрге бірдей сырғанайтын рульді шана деп нені айтып,армандайды?
А.Ұшақ. Ә.Машина . Б.Арба.
Ауылдың балаларына хат тануды үйреткен кім?
А.Асылбек Ә.Аян. Б.Бапай.
Аян кешкісін балаларға не айтты?
А.Өлең . ә.Жаңалық. Б.Ертегі
Аян әжесі қайтқанда жылады ма?
А.иа.Ә.Жоқ.Б.Әрине
Аян әжесіне «Топырағың торқа болсын,әже»деп нені іліп ап,шашып жіберді?
А.топырақ Ә.Гүл. Б.Су.
Аян аяғын сындырып алғанда Асылбек шал оған не деді?
А.Аяғыңа не болды,салып берейін бе?Ә.Салып берің қалай,ей,Мына аяғың қисық болып бітіп,жазылып кеткенге ұқсайды,енді оны орнына салу оңай емес.Ауырғанына шыдар ма екенсің?
Б.Қолым бос емес,сәлден соң келші.
Жалғыз көзді дәу туралы ертегіні кім жазды?
А.Таржан. Ә.Аян Б.Асылбек.
Кей күні ойыннан кейін мен кешкі тамақты ішіп ап,Бапайдың үйіне баратынмын,мен келгенде Аян ылғи темір пештің аузында от жағып отырады.Сол кезде отынға не жақты?
А.көмір. Ә.Сабан. Б.қи,тезек.
Аян ертегілерінің «Бір жетім бала болыпты »деп басталуының себебі неде?
А.өзі жетім болған соң.Ә.Тоғжан Б.Басқалар.
Аян көбіне қандай ертегі айтады?
А.Адамдар. Ә.жетім.Б.Жануарлар
Аянның кешкі қорегі не еді?
А.тары ә.арпа Б.Қуырылған бидай.
Кей күні ойыннан кейін кешкі тамақты ішіп ап қайда барады?
А.Асылбек шалдың үйіне Ә.Көшеге Б.Бапайдың үйіне
Әңгіменің соңында оны қайда апарып тастайды?
А.үйіне Ә.ағасына Б.Балалар үйіне.
Аян түсінде кімді көреді?
А.көкесін.Ә.анасын Б.ағасын.
Аян нанды көргенде не істейді?
А.көзі отша жанады. Ә.жылайды.Б.Нан жегісі келмейді.
подписка лайк лучший ответ и 5звезд​


Тест. Әдебиет пәні С.Мұратбеков «Жусан иісі»әңгімесіЖарғақ сары тоны қаудырлаған,тобығы тайған сол а

👇
Открыть все ответы
Ответ:

Қала әдемі, үлкен болса да мен өз ауылымды сағынамын. Ауылда тұрамын осында менің әкем, анам, әпке, сіңілім, інім, бауырларым. Менің ұстазым, достарым. Біздің ауыл шағын бірақ бізге керек бәрі бар; балабақша, үлкен, жаңа мектеп, мәдениет үйі, спорт мектебі. Мектепте барлық үйірмелер бар. Біздің ауылда мұнай өндіреді.Ауылға кірер аузында келіндерді күтіп алар шағын ағаш үй бар «Келін төбе» деп аталады. Алыстан шаршап келе жатқанда сол ағаш үй көрінсе ауылға жақындадық деп қуанып секіреміз.Ауылымның тұрғындары таныс, көшелері таза. Әкем бізге ауыл таза болсын десе ауланы таза ұстаңдар дейді. Менің кішкентай сіңілім көшеде балмұздақ, шырын ішсе де қорабын далаға лақтырмай үйге алып келеді сонда әкем міне апаларынан үйренген деп мәз болады.Маған жылдың барлық мезгілдері ұнайды. Қыста отбасымызбен аққала жасаймыз, көктемде әкем құстарға ұя жасайды, анам әдемілеп әрлейді ол ұя әлі тұр торғайлардың қонғаның терезеден қарап отырамыз, жазда өзенге шомылуға барамыз, жайлаудағы туысқандарға барамыз. Нағашыларым егін өсіреді жаздың көп күнің сол жақта өткіземін. Нағашы әжем қалада тұрады ол да бізбен бірге өзінің туған ауылына барады. Күзде сары, қызғылт жапырақтарды тереміз анам неше түрлі әдемі заттар жасайды. Әрқашан ата - анам бауырларым қасында аман болсын!Ауылда өз отбасынмен бірге тұрғанды ұнатамын, кешкі дастарханда бірге отырып тамақтанғанды жақсы көремін. Демалыста Саркөлде тұратын әжеме барамыз, шаруасына көмектесеміз кішкентай сіңілім шыбыннан қатты қорқады, бөпем малдың төлін көріп кетпеймін деп жылайды. Жазда әжемнің ауласындағы сәкіде шәй ішеміз. Бауырларымның бәрі жиналып у - шу боламыз.Менің туған ауылым – мақтанышым.

Объяснение:

4,6(98 оценок)
Ответ:
Lunadiana
Lunadiana
10.06.2020

Жазу өте ерте заманда жасалып, ұзақ тарихи даму кезеңдерден өтті. Даму барысында жетілуімен бірге оның принциптері де өзгеріп отырды. Оның себебі кай кез болмасын, жазуда сөздің дыбыстык жағын, яғни айтылу формасын дәл беру басшылыққа алынады, соған талпынады. Тілдегі дыбыстар өте күрделі кұбылыс. Оның айтылуындай етіп ешбір графика дэл бере алмайды. Сондықтан айту мен жазу арасында алшактыктар туындап, уақыт өте ол алшақтықтар тілдің табиғатына, дамуына өзінің кері әсерін тигізеді. Сан ғасырлар бойы тілдің өзінің даму заңдылығына нұқсан келеді. Оны жою үшін арнайы тілшілердің зерттеулерінің нэтижесінде тілдің сан ғасырлар бойы бұзылмай келе жатқан табиғатын сақтауға, одан эрі қарай дамуына оң әсер етуіне жағдай жасайтын дұрыс жазылуын камтамасыз ететін емле ережелері мен нұсқаулар талқыланып, келісіледі. Соның нәтижесінде емле ережелері енгізіледі. Сондьщтан да әлемдегі бірнеше ғасырлық тарихы бар жазу жүйелерінің ең жётілген түрінің өзіне де үнемі өзгертулер енгізіліп отырылған. Осының өзінде де кез келген жазу түрінде дыбыс жүйесі мен алфавиттің арасында алшақтықтар кездеседі.

Қазақ тілінің жазылуы мен айтылуы арасындағы алшақтыктар графиканың пайда болуымен тығыз байланысты. Сан ғасырлар бойы ауызша дамып, толығып, байып келген қазақ тілі XX ғасырда коғамдык кажеттіліктен туындаған жазбаша формасының дүниеге келуімен ауызша

жэне жазбаша формасының арасында алшақтықтар туындай бастады. Әлемдегі қай графиканы алсақ та, оның басты мақсаты тілдің табиғатын жазбаша формада дәл беру болып табылады. Осы мақсатты көздеген кез келген графика пайдалану барысында туындаған кемшіліктерді жою үшін өз тілдерінің ерекшелігене сәйкес емле ережелерін бекітеді.

Қазіргі қазақ емле ережесінің тарихына көз жіберсек, оның іргесі 1940 жылы кириллицияға («орыс жазуынаң) көшкен кезде қаланды [28,178]. Қазақ тілі емлесінің осы жазу бойынша түзілген қағидаларының 15-16 жылдық тәжірибеден кейін кем-кетігі ескеріліп, біршама реттелген нұсқасы 1957 жылы ұсынылып, заңдастырылды, яғни үкімет тарапынан арнайы каулы қабылданып, бекітілді. Европа елдері мен кытай, үнді, жапон сияқты халықтардың, жүздеген, тіпті кейбіреуінде мыңдаган жылдарға созылған жазу үрдісі бар халыктардың дұрыс жазу қағидаларын үкімет тарапынан бекітіп, көпшілікті соған бағынуға міндеттеу шарт та болмас. Бұларда дәстүр факторы өз-өзінен кызмет етіп жатады. Ал 1940 жылға дейін бас-аяғы он бес-жиырма жылдың ішінде үш түрлі: А.Байтұрсынұлы түзген қазактың тұңғыш ұлттык жазуы — араб таңбаларын, одан кейін оншакты жыл (1929-1940) колданған латын жазуын, 1940 жылдан бастап кабылданған кириллицаны пайдалануга мәжбүр болған қазак сиякты халыктың әр жазудың емлесінде дэстүрі калыптасып, орнығып үлгермеді, сондыктан эркім бұрыңғы жазудың тэртібін сактап, алакұлалык туғызуы мүмкін болғандықтан, 1940 жылы жаңа графикага көшкен кездегі емле ережелері де, 1957 жылғы оның біршама түзетілген жаңа редакциясы да ресми үкімет тарапынан арнаулы қаулымен бекітілген болатын.

4,5(58 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ