М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
GoriachiyKirill
GoriachiyKirill
28.06.2022 05:01 •  Қазақ тiлi

5-тапсырма. «Мен және мен өмір сүретін әлем» тақырыбында айқындауыш мүшелер мен сөйлемнің бірыңғай мүшелерін қатыстырып, берілген сөз-
дермен шағын мәтін жаз.
Жер, су, ауа, күн, табиғат, экология, Күн энергиясы, су, адам,
ұсынылды, ұйымдастырылды, өткізілді, жарияланды, басталды, берілді.​

👇
Ответ:
Kabesov
Kabesov
28.06.2022

Біздің әлем табиғи ресурстарға өте бай. Бірақ, біз оны тиімді, ұтымды пайдалануымыз керек. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану үшін, әртүрлі жобалар ұсынылды. Бұл жобаларда суды, ауаны, барша табиғатты сақтау, ластамау қарастырылады.

Жтағайындалған атындағы қазақ ұлттық медицина университеті жалпы білім беру технологиялары институты оңтүстік қазақстан мемлекеттік педагогикалық. тойғонеқ атындағы қазақ ұлттық университетінің ректоры сергей волков. тойғонеқ атындағы қазақ ұлттық медицина университеті

Объяснение:

4,6(9 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
littlecat123
littlecat123
28.06.2022
Жазғытұры (или коктем) 

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы, 
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.

Жаздың көркі енеді жыл құсымен, 
Жайраңдасып жас күлер құрбысымен.
Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал, 
Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен.

Қырдағы ел ойдағы елмен араласып, 
Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып.
Шаруа қуған жастардың мойыны босап, 
Сыбырласып, сырласып, мауқын басып.
Түйе боздап, қой қоздап – қора да шу, 
Көбелекпен, құспенен сай да ду-ду.
Гүл мен ағаш майысып қарағанда,
Сыбдыр қағып, бұраңдап ағады су.

Көл жағалай мамырлап қу менен қаз, 
Жұмыртқа іздеп, жүгіріп балалар мәз.
Ұшқыр атпен зырлатып тастағанда,
Жарқ-жұрқ етіп ілінер көк дауылпаз.
Құс қатарлап байлаған қанжығаға
Қыз бұраңдап жабысып, қылады наз.

Жазға жақсы киінер қыз-келіншек,
Жер жүзіне өң берер гүл-бәйшешек.
Қырда торғай сайраса, сайда - бұлбұл, 
Тастағы үнін қосар байғыз, көкек.

Жаңа пұлмен жамырап саудагерлер, 
Диханшылар жер жыртып, егін егер. 
Шаруаның бір малы екеу болып,
Жаңа төлмен көбейіп, дәулет өнер.

Безендіріп жер жүзін тәңірім шебер, 
Мейірбандық дүниеге нұрын төгер. 
Анамыздай жер иіп емізгенде,
Бейне әкеңдей үстіңе аспан төнер.

Жаз жіберіп, жан берген қара жерге 
Рахметіне алланың көңіл сенер.
Мал семірер, ақ пенен ас көбейер, 
Адамзаттың көңілі өсіп көтерілер.

Қара тастан басқаның бәрі жадырап,
Бір сараңнан басқаның пейілі енер. 
Тамашалап қарасаң тәңірі ісіне,
Бойың балқып, ериді іште жігер.
Күн жоқта кісімсінер жұлдыз бен ай,
Ол қайтсін қара түнде жарқылдамай,
Таң атқан соң шығарын күннің біліп,
Өңі қашып, бола алмас бұрынғыдай.

Күн – күйеу, жер – қалыңдық сағынышты,
Құмары екеуінің сондай күшті.
Түн қырындап жүргенде көп қожаңдап,
Күйеу келді, ай, жұлдыз к... қысты.

Ай, жұлдызға жылы жел хабар беріп,
Жан-жануар қуанар тойға елеріп.
Азалы ақ көрпесін сілке тастап,
Жер күлімдер, өзіне шырай беріп.

Күн – күйеуін жер көксеп ала қыстай,
Біреуіне біреуі қосылыспай,
Көңілі күн лебіне тойғаннан соң
Жер толықсып, түрленер тоты құстай.

Адам тіктеп көре алмас күннің көзін,
Сүйіп, жылып тұрады жан лебізін.
Қызыл арай сары алтын шатырына,
Күннің кешке кіргенін көрді көзім.
4,8(71 оценок)
Ответ:
Oles1115
Oles1115
28.06.2022
1.Синоним — тұлғалары әр түрлі, мағынасы жақын сөздер. Тілдердің дамып жетілуі, оның сөз байлығынан, оралымдағы синонимдерінің молдығынан көрінеді. Синоним ретінде жұмсалатын мәндес сөздер тобы синонимдік қатар немесе синонимдік  ұя  деп аталады.  Синонимдік қатар  құрамындағы мағыналық тұрғыдан ұйыстырып тұрған сөзді тірек сөз не доминант дейміз. 2. Антоним — мән-мағынасы бір-біріне қарама-қарсы қолданылатын сөздер.  Лексикологияда  құбылыстың (күн — түн), ұғымның (бақ — сор, жақсылық — жамандық), сапаның (жаңа — ескі), қимылдың (кіру — шығу) т.б. қарсы мәндегі сөздердің мағыналары  антонимдік жұп  құрайды. Заттың атауын білдіретін сөздердің антоним дік жұбы болмайды. Сонымен қатар антоним қарама-қарсы мағына арқылы сөздердің  мағыналық  тұтастығы мен біртектілігін де білдіреді. Антоним сөздің дәл, нақты мағынасын салыстыру тәсілі арқылы айқындап,  стилистикалық қызмет атқарады. Әсіресе, мақал-мәтелдерде жиі қолданылады. Мысалы, “Көз — қорқақ, қол — батыр“, “Өтірік — қаңбақ, шын — салмақ“. Қазақ тілінде фразеологиялық антонимдер көп кездеседі: аты шықты — аты өшті, жүрек жұтқан — су жүрек, соры қайнады — көзі ашылды. 3.Омонимдер— шығуы жағынан да, мағына жағынан да басқа-басқа, айтылуы және жазылуы бірдей сөздер. 4. Мектепте орындықтар, парталар, кітаптар, сыныптар бар. 5. Мектепте қазақ тілі кабинеті бар, математика кабинеті бар, сурет салу кабинеті бар және тағы басқа пәндереге арналған кабинеттер бар. 6. Мұражайда өткен замандардын ыдыс-аяқ, ата-бабаларымыздың киімдер, олардың заттары бар. 7. Өмір – үлкен мектеп. Мектеп-кеме, білім-теңіз 8. Шеберханада оқушылар бұйымдар істейді. 9.Оқушылар асханада тамақ ішеді 10.Оқушылар кітапханада кітап алады немесе оқиды 11.Оқушылар спортзалда жүгіреді,секіреді, ойнайды 12.Менің мұғалімім өте жақсы адам
4,7(66 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ