- Сәлем,лас бәтеңке!Хал-жағдайың қалай?
- Сәлем,таза бәтеңке!Жаман емес.Өзің ше?
- Өте жақсы.Сенің түріңе қарасам,кішкене жаңартулар керек секілді ғой.
- Кейбіреулерге қарағанда әр күнімді жұмыс жасаумен өткізіп жүрмін.
- Мен жұмыс істемей жүр деймісің?Мені адам қонақтарға,қоғамдық орындарға киіп жүргенінің өзі қандай?Сен болсаң осы үй айналасына байланып қалдың емес пе?Айтшы,алаңдағы жаңа субұрқақты көрдің бе?
- Жоқ,көрмедім.
- Міне,көрдің бе?Мен болсам біраз әсем жерлерді аралап қайтқанмын.Мені адам киіп болған соң тазалап,сүртіп сөреге салып қояды.Ал сені киеді де тастай салады.
- Білесің бе?Сенің бұл "жұмақ өмірің" уақытша ғана.Мен де кезінде сен секілді таза жүріп,көп жерлерді шарлағам.Кейін аяқ киімнің жаңа үлгілері шықты да,сені адам үйге әкеліп,таза ұстап жүр.Ал мені жұмысқа киеді.Бірақ мен лас болсам да сеннен көргенім,білгенім көп.
- Шынымен бе?
- Ия.Саған айтар кеңесім,осы бір таза әрі ыңғайлы шағыңды пайдаланып адамға жақсы қызмет ет.
- Жарайды.Менің жаңағы сөздерім үшін кешірші.
- Кешіремін.Ал енді менің далаға шығатын уақытым келді.Сау бол!
- Сау бол!
Мұхтар Шаханов (2 шілде 1942 жылы туған, Түркістан облысы, Төле би ауданы, Қасқасу селосы) — қазақ ақыны, драматургі.
Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматов (12.12.1928 жылы туған, Қырғыз Республикасы Талас өңірі, Шекер ауылы - 10.06.2008 жылы) – жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері. Қырғызстанның халық жазушысы, Қырғызстан Ғылым Академиясының, Еуропа Ғылым Академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері.